Сарапшы пікірі: Доллар бағамы 345 теңгеге дейін өсуі мүмкін

Күні: 16:05, 11-07-2018.

Алматы. 11 шілде. ҚазТАГ - Теңге бағамы долларға шаққанда 345 теңгеге дейін әлсіреуін жалғастырады, деп болжам жасады Forex Club  компаниясының сарапшысы Иван Марчена.
Сарапшының есептеуінше, Қазақстанның ұлттық валютасы үшін  Ұлттық экономика министрлігінің ел экономикасы І жарты жылдықта  4,1 артты деген мәлімдемесі жақсы жаңалық болды.
«Қазақстан экономикасының өсімі инфляцияның төмендеуінен және инвестициялық белсенділіктің артуы есебінен жүруде», - деп назар аударды И. Марчена.
АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы  аясындағы мұнай бағасының кезекті төмендеуі теңге  үшін жағымсыз фактор болуы мүмкін.
«АҚШ мен Қытай арасындағы сауда соғысының кезекті шиеленісуіне байланысты әлемдік мұнай бағасы сәрсенбіде біршама төмендеді. Сонымен, америкалық билік 200 млрд  долларға импортталатын қытайлық тауарларға баж салығын енгізбекші», - деп толықтырды ол.
Оның пайымынша, осының барлығы америкалық валютаның 1 доллар үшін 345 теңгеге дейін өсуіне алып келуі мүмкін.


Жаңалықтармен бөлісу: