Сарапшы пікірі: әзірге жаз мезгілінде теңгенің күрт әлсіреуіне қандай да бір мықты негіз жоқ

Күні: 12:44, 16-05-2018.

Алматы. 16 мамыр. ҚазТАГ – Сергей Зелепухин. Әзірге жаз мезгілінде теңгенің күрт төмендеуіне қандай да бір қауіп жоқ, деп санайды «Қазақстан қор биржасы» (KASE)  АҚ басқармасы төрағасының орынбасары  Андрей Цалюк.
«Ең алдымен мен мұнай бағасына назар аудартқым келеді. Ол толығымен барреліне $80 белгісіне жетті. Осы фонда кейбір инвестициялық банктер мұнай бағасы $100 жоғары көтерілуі мүмкін деген болжам жасай бастады. Бұл, әлбетте, ұлттық валютаның нығаюы тұрғысынан да, бюджетті қаржыландыру тұрғысынан да біз үшін өте жақсы фактор», - деді ол сәрсенбідегі баспасөз мәслихатында.  
Алайда  А.Цалюк айырбас бағамына геосаяси факторлар теріс ықпал етуі мүмкін екенін де жоққа шығармайды.
«Иә, геосаяси жағдайларға байланысты қандай да бір құбылмалылық (валюта нарығында – ҚазТАГ) болуы мүмкін.  Бірақ мен жаз мезгілінде қатты бір өзгерістердің болуына (теңге бағамында - ҚазТАГ) еш негіз көріп тұрған жоқпын», - деп санайды ол.  


Жаңалықтармен бөлісу: