Алина Алдамберген: Қор нарығында валюталық депозитке балама бола алатын құралдар бар

Күні: 10:54, 27-02-2019.

Алматы. 27 ақпан. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Сыйақысы тым төмен болып кеткен валюталық депозитті қазақстандық қор нарығындағы құралмен алмастыра ала ма? Егер мүмкін болса, онда қандай құрал ол? Валюталық ПИҚ-тардың инвестициялық әлеуеті, Мәскеу қор нарығындағы алғашқы қазақстандық ETF акциялары, инвесторлар қазақстандық бағалы қағаздарды сатып ала ма осы туралы «ҚазТАГ» ХАА Қазақстан қор нарығының (KASE) Басқарма төрайымы Алина Алдамберген айтып берді.

- Алина Өтемісқызы, қазақстандықтар біздің қор нарығымыздың (KASE) Мәскеу қор нарығымен (MOEX) серіктестігінің нәтижесінде қор нарығының дамығанын күтіп отыр. Бұл процесс қалай жүріп жатыр?

- Біздің MOEX серіктестігіміз – жолдың басында. Біз биржа саудасының нәтижесіне сәйкес келісім жасасу және есептесуге мүмкіндік беретін сауда және клиринг жүйесін жаңартқымыз келеді. Қор мен қаржы нарығында және болашақта валюталық нарықтағы сауда және клирингтік жүйені кезең кезеңімен жаңғырту KASE жаңа сауда құралдары мен есептеу циклдерін енгізуге, биржаның ІТ инфрақұрылымының қауіпсіздігін жақсартуға, операциялық тәуекелдерді төмендетуге және жоғары жылдамдықтағы сауда үшін жаңа мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге жағдай жасайды.
Біз орталық контрагенттің қызметтерін қосатын боламыз (ОК, англ – CCP, central counterparty). 2018 жылдың қазан айынан бастап – орталық контрагент валюталық нарықта. МОЕХ технологиясын қолданатын ОК кезең кезеңімен барлық нарықтарда қосу жоспарлануда, бұл несие тәуекелдерінің көші-қонын, бағалы қағаздарды несиелеу жүйесін енгізу мен ортақ пулды қамтамасыз ету аясында биржаның жұмысына оң әсерін тигізеді.
МОЕХ тәжірибесіне сүйене отырып, KASE қолданылатын құралдар мен қызметтердің тізімін кеңейтеді.

- Жалпы, орталық контрагенттің жұмысы қор биржасы үшін өте маңызды сияқты. ОК мәні неде?

- ОК – бұл өте күрделі бизнес, әр келісім бойынша есептесу соңына дейін жүргізілетініне және міндеттемелер толығымен орындалатынына кепілдік беретін жаңа ұйымның түрі. ОК қатысушылардың тәуекелдерін өз мойнына алатындықтан өте маңызды. Яғни ол біріншіден өз мойнына несие, екіншіден – нарық тәуекелдерін алады. Егер қандай да бір банк валюта жеткізбейтін болса, онда біз оның орнына нарықтан валюта сатып алып, нарық тәуекелдерін жабамыз.
Сәйкесінше аталған мақсаттар үшін арнайы кепілдендіру қорлары құрылады. Көбіне бұл нарық тәуекелдерін басқару – қаржы құралы бойынша баға тәуекелдері: валюталық және құнды қағаздар бойынша.

- Бұл қорлар KASE ішінде жұмыс істейтін бола ма?

- Бүгінде біз қор биржасының ішінде құрып жатырмыз, алайда оның көптеген түрі бар. Дамыған және Ресей нарығында олар көбіне жеке ұйымдар. Сонымен қатар, ОК бірнеше нарықтарға қызмет ететін мысалдар да жетерлік.
Біз үшін басты бағыт – сауда-клиринг жүйесін жаңарту. Бүгінде біз өзіміздің жеке екі сауда жүйемізді қолданып келеміз: біріншісі – валюталық нарықта, екіншісі – құнды қағаздар (ҚҚ) мен деривативтер нарығында.
Бірінші кезекте акциялар, облигациялар, мемлекеттік ҚҚ саудасы үшін қор нарығындағы сауда жүйесін жаңартамыз. Жаңартуды жыл соңына дейін аяқтаймыз деп жоспарлаудамыз және қор нарығы бойынша барлық қатысушылар жаңа сауда-клиринг жүйесіне көшетін болады.

- Нақты датаны белгілеп қойдыңыздар ма?

- МОЕХ сауда-клиринг жүйесіне көшу мен құнды қағаздар нарығы мен репода ОК енгізу төртінші тоқсанға жоспарланған.
Екінші кезеңмен біз валюталық нарықтағы және үшінші кезеңмен деривативтер нарығындағы сауда-клирингтік жүйені жаңғыртатын боламыз.
Осы жобаларды жүзеге асыру барысында жаңа функционал іске қосылады. Мәскеу биржасы бізге жаңа қызметтерді қосу және биржаның бизнес түрлері бойынша кеңес беретін болады.
Бұдан басқа, 2019 жылға біз мемлекеттік құнды қағаздардың (МҚҚ) бірінші нарығын Т+2 есептеу жүйесіне (біз оны бірінші тоқсанның соңына дейін жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз) ауыстыру, ұзақ айырбастауды енгізу сынды негізгі жобаларды жоспарлап отырмыз. Бүгінде біз оларды үш айлық мерзіммен іске қосып қойдық, жыл соңына дейін бір жылға дейінгі мерзіммен іске қосатын боламыз.

- Инвесторлар қазақстандық құнды қағаздарды сатып алады ма? Бүгінде қандай да бір динамика бар ма? Осы жылы қандай компаниялардың қағаздары сұранысқа ие болады деп ойлайсыз? Баим кен орнын сатып алуға байланысты түсініспеушіліктер аяқталды ма?

- Сұранысқа ие акциялар – биржаның басты индексіне кіретін аса ірі және сенімді компаниялардың акциялары. Біздің жағдайымызда KASE өкілдері индексінің тізіміне жеті компанияның акциялары кіреді («көк фишка»), олардың қатарында KAZ Minerals бар. Компанияның жобалары өте тартымды және менеджменті де тиімді. Алайда акция бағасының қалыптасуына компанияның операциялық нәтижелері мен шикізаттық тауар нарығындағы макроэкономикалық жағдай да әсер ете алады. Өткен жылы біз компания акцияларының 33%, яғни 2530 теңгеге дейін арзандағанының куәсі болдық, ол KAZ Minerals компаниясының Баим мыс жобасын сатып алуға қатысты жоспарымен байланысты болды. Шамамен барлық инвестициялық сарапшылар компанияның ауқымды жобаларды жүзеге асыру бойынша жоспарын ескере отырып өздерінің болжамдарын жаңартты. Компанияның ұзақмерзімді құнының арту мүмкіндігіне қарамастан жобаның тәуекелдері бар. Ағымдағы жылы өндірістік қуаттылықты арттыру және мыс бағасының қайта қалпына келуіне байланысты компания акцияларының қайта қалпына келу мүмкіндігі артып отыр.
KASE шетелдік капиталы бар, алайда оның үлесі жалпы сауда көлемінің 10-15% аспайды. Резидент еместердің үлесінің тым аз болуына өзге дамушы нарықтармен салыстырғанда табыстылық көрсеткішіндегі жоғары бәсекелестік, өтімділіктің төмендігі мен еркін айналымдағы құнды қағаздарың аздығы, қазақстандық қор нарығы туралы шетелде ақпараттың аз болуы себеп болып отыр.
Халықаралық инвесторлардың ұзақмерзімді қызығушылығын арттыру үшін биржаның, Ұлттық банк пен үкіметтің тартымды қаржы құралдарын ұсыну бойынша бірлескен реформаларын одан ары жалғастыру керек.
Қазақстанның қор нарығын дамыту үшін мүмкіндігі жетерлік – жоғары тәуеліз несие рейтингі сақталып келеді, сенімді және табысты компаниялардың пулы бар, қор нарығындағы резидент еместерге берілген табыс салығы бойынша жеңілдіктер де бар, T+2 есептесу жүйесі және еурооблигациялар бойынша есептесулерді АҚШ долларымен жүргізу енгізілді. Алайда шетелдік инвесторға қор нарығындағы операцияларға брокер немесе банк арқылы тікелей араласуына мүмкіндік беретін кей техникалық мәселелерді жетілдіру керек.

- 2018 жылғы және 2019 жылдың қаңтар айындағы резидент еместердің нарықтағы белсенділігін қалай бағалайсыз? Сауда қалай жүріп жатты?

- Резидент еместердің акциялар нарығындағы келісім көлемі артты, алайда корпоративтік облигациялар нарығында төмендеді. Мемқағаздар нарығында резидент еместердің келісімі артты. Олардың МҚҚ екінші нарығындағы үлесінің артуы бірінші кезекте Ұлттық банк ноталарының саудалау көлемінің артуына байланысты.
Құнды қағаздардың орталық депозитарийінің мәліметі бойынша, 2018 жылдың соңына қарай шетелдік инвесторлардың қоржынындағы МҚҚ құны 104,9 млрд теңгені құрады, осылайша олар жыл басынан 37,7 млрд теңгеге арзандаған, ал осы жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша олар 125,2 млрд теңгені құрады. Алайда 2018 жылдың сәуір айында МҚҚ құны ең жоғары көрсеткіш 464,4 млрд теңгені құрады, бұл нарықтың қаншалықты терең болатынын және оның резидент еместер үшін әлеуеті толығымен ашылмағанының көрінісі.

- Ұлттық банктің 9% сыйақысы бар ноталары орташа мөлшерлемесі 10,5% құрайтын банктердің депозиттерінен аса алмай отыр, дейді.

- Ұлттық банктің ноталары – қор нарығындағы тартымды құралдардың бірі. Ұлттық банк оларға көптеп қолдау көрсетеді, мерзімі бірнеше күннен бір жылға дейін созылады. Оларды банктер, заңды және жеке тұлғалар сатып алады. Біз де оларды сатып алуға кеңес береміз.
Бұл процес барысында екі өлшемді бағалау керек – тәуекел және табастылық. Ұлттық банк ноталары тәуекелі жоқ құрал. Оларды InvestOnline қосымшасы арқылы делдалдарсыз сатып алуға/сатуға болады. Осыны ескере келе Ұлттық банктің қысқа ноталарының табыс мөлшері банк депозиттерімен салыстырғанда аса тартымды.

- Долларға инвестициялағысы келетін қазақстандықтар не істеуі керек?
«Сбербанктің» (Қазақстан) валюталық депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлермесі жылына 0,1%. Демек депозит ашудың ешқандай мәні жоқ.

- Менің есептеуімше, ең әртараптандырылған құралдардың бірі – бұл пай инвестициялық қорлар (ПИҚтар). Олар пассивті инвестициялау үшін өте тиімді. Теңге және доллар құралдары үшін де. Көптеген ПИҚ-тардың теңестірілген стратегиясы болады және ОБ-ға жоғары несие рейтингтік эмитенттер кіреді. Күтіліп отырған табыстың бастысы – инвестиция стратегиясы. KASE инвестқорлардың ОБ алты эмитенттердің жеті құралымен ұсынылған. Инвесторлар ПИҚтардың жеке сайттарында олардың инвестициялар стратегиясымен танысып, өзіне ұнағанын таңдай алады.
KASE бірнеше ПИҚлар жүгінеді, олар теңгенің құнсыздану тәуекелдерін айналып өтуге көмектеседі, яғни олардың активтер қоржынының негізінде долларлай немесе өзгеде «қатты» валютада ұсынылған қазақстандық және шетелдік олигациялар бар. Мысалы, 2018 жылы «Сентрас Секьюритиз» АҚ қорының еурооблигацияларының табыстылығы 8,4%, «ЦентрКредит-Валютный» АПИҚ – 5,1% құрады.

- Индекстік қорлар (ETF) – сәнге айналған ба? Оларға инвестициялаудың мәні бар ма?

- Индекстік қорлар – тағы бір тартымды құрал. Биржалық инвестициялық қордық акцияларымен KASE индексінде саудалау Мәскеуде қазан және қазақстандық биржада желтоқсан айында басталды.
ETF – бұл өте өтімді құралдардың теңестірілген қоржыны, инвестицияны әртараптандыру құралы, ол өз кезегінде жеке компонеттердің тәуекелдерін басуға және жалпы KASE индексінің динамикасын қайталауға мүмкіндік береді.
Индекстік қор – көбіне пассивті инвестициялау болып келеді. Егер сіз өтімді акциялар бойынша орташаланған табыстылыққа қол жеткізгіңіз келсе – онда ол индестік қор.
Ал, егер акцияның нақты бір түрінен табыс тапқыңыз келсе (мысалы өткен жылы «Қазақтелеком» өз акцияларының иелеріне 60% жуық табыстылық алып келді) онда нарықты бақылап отыру керек, нақты бір эмитенттердің акциясын сатып алу керек.

- Шетелдік инвестор үшін жедел өсіп келе жатқан Қазақстаннан елге келместен табыс табу ETF –жалғыз мүмкіндік пе?

- ETF KASE индексінде – бұл қор, қоржыны FXKZ кодымен KASE индексіне кіретін өкілдер акцияларының тізімінің негізінде жасақталды. Қорды FinEx InvestmentManagement LLP басқарады. Барлық қордың активтері – шеттетілген есеп шоттарда, ресейлік инвесторлар үшін акциялардың бастапқы ұстаушысы FinEx ETF – «Мәскеу биржасы» КАҚ кіретін Ұлттық есептесу депозитарийінде.
Компания акциялары KASE индексіндегі компанияның үлесіне қарай түрлі салмақта болады. ETF акцияларын сатып алу арқылы сіз автоматты түрде аталған қорға кіретін құнды қағаздардың иесі болып шыға келесіз.
Мысалы, сіз жетекші, әрі капиталы жоғары қазақстандық компаниялардың акциясын сатып алғыңыз келеді. Әрине оны өз бетінше іздеп тауып сатып ала аласыз, алайда ETF қорының құрылымына сеңген жеңілірек болады. Ол KASE индексінің құрылымын көшіреді. Қор акциясының құны оның құрамына кіретін компонеттердің акцияларының қымбаттауына байланысты сәйкесінше пропорцияда өседі. Осы ретте, ETF компания акцияларына қарағанда аса көп құбылмайды.

- Алайда ресейлік инвесторлар біздікіне қарағанда көбіне ETF активтерін сатып алады. Не себепті?

- MOEX ресейлік инвесторлар өз салымдарын әртараптандыру арқылы қазақстандықтан гөрі ETF көбірек сатып алуда, ал біздің инвесторлар оларға қарағанда қоржынында жергілікті эмитенттердің акцияларын онсызда ұстап отыр.
MOEX 2018 жылдың 16 қазанынан бастап 2019 жылдың 1 ақпанының аралығында ETF қорының сауда көлемі KASE индексімен салыстырғанда 14 498 келісіммен 72,5 млн рубльді (405,1 млн теңге) құрады, ал KASE-те 2018 жылдың 14 желтоқсанынан бастап 30 келісім бойынша 53,4 млн теңгені құрады. 1ақпандағы жағдай бойынша FXKZ қорының ақцияларына салынған салымның табыстылығы MOEX ашылған сәттен бастап – 3,46% (11,7% жылдық) көрсетті.
Қайталап айтамын, MOEX пен KASE серіктестігі жақын болашақта қор нарығындағы сауда көлемінің артуына, акциялар нарығындағы шетелдік инвесторлар базасының артуына, белсенді бөлшек инвесторлар санының артуына алып келуі мүмкін. Шетелдік инвесторлар Лондон биржасынан KazMinerals, «Ұлттық банктің» GDR, «Кселл»,«Қазатомөндіріс» сынды отандық компаниялардың акцияларын сатып ала алатын болады.

- Сіз шетелдік брокерлерге KASE қатысуға мүмкіндік берілгені туралы айттыңыз. Ол бар ма?

- Шетелдік брокерлер KASE мүшелері арқылы жұмыс істейді және Қазақстанда ол үшін арнайы компанияны тіркемей-ақ KASE мүшелігі арқылы қашықтықтан жұмыс істеуге мүмкіндік алып отыр. Бастысы – мемлекет бойынша, капитал және қызметіне қатысты талаптарға сай болуы шарт. Осындай мүшелікке қор нарығында және деривативтер нарығында 2017 жылы «УНИВЕР Капитал» ресейлік компаниясы қол жеткізді.

- Жауаптарыңызға рахмет!


Жаңалықтармен бөлісу: