Алматы. 27 қыркүйек. ҚазТАГ - Сергей Зелепухин. Қазақстанның қор биржасында және валюталық нарығындағы жағдай жағымсыз жаққа қарай өзгеруі мүмкін. Ол үшін Ресейге қарсы санкциялар түрткі болуы мүмкін.
Осы ретте «Қазақстан қор биржасы» АҚ басқарма төрайымы Алина Алдамбергенмен болған сұхбатымыз 2018 жылдың соңына дейінгі қазақстандақ қор биржасындағы және ұлттық валютаның жағдайы туралы болды.
- Алина Өтемісқызы Қазақстан қор биржасының жыл соңына дейінгі әлеуетін қалай бағалайсыз?
- Жыл соңына дейін бірқатар құнды қағаз орналастырылады деп күтудеміз. Негізінен олар бұған дейін орналастырылып келген эмитеттердің жоспарлы орналастырылуы.
IPO келетін болсақ, жаңадан акцияларды алғашқы орналастыруларды күтіп отырғанымыз жоқ, Себебі біздің брокерлерімізбен сұхбатымыздан түйгеніміз ІРО-ға шыққысы келетіндер бар, бірақ олар әлі дайындық кезеңінде. Сондықтан да олардың жақын арада акцияларын орналастыруды өткізбейтіні анық.
- KASE индексінің әлеуеті қандай болады деп ойлайсыз?
- Бүгінде ол шекті трендке қарай кетті. Жалпы, ағымдағы жылы KASE индескі белсенді өсімді көрсетіп тұрған жоқ. Сегіз айдың қортындысы бойынша ол 3,2% құрады.
Одан ары индекс белсенділігі доллар бағамына, индекс өкілділігінің тізіміне енгізілген компаниялардың әрекетіне байланысты болмақ. Бұл компаниялардың барлығы теңгенің жоғары құбылмалылығына тәуелді, яғни теңгелей активтердің барлығы инвестициялау үшін аса тартымды бола қоймайды.
Себебі бізде корпоративтік оқиғаларға тәуелді компаниялар бар, мысалы Kaz Minerals. Бұл компанияның акциясы осы жылы айтарлықтай төмендеді.
- Жасыратыны жоқ, Ресейге қарсы санкциялар ағымдағы жылы қарашада қатайтылады деп күтілуде. Егер ол шынымен орындалса бұл теңгенің бағамына қаншалықты жағымсыз әсер етеді?
-Ресейге қарсы санкциялар қазақстандық валютаның бағамына кері әсерін тигізуде. Оның әсері артқан сайын экономикалық жағдайдың одан ары нашарлауына әкелуде.
Алайда өзіміз көріп отырғандай ағымдағы жылдың сәуірі мен қыркүйегіндегі Ресейге қарсы санкциялар ресейлік экономикаға соншалықты кері әсерін тигізе қоймады.
Ия, қорғаныс-өндірістік кешенге қарсы, Ресейге кететін импортқа, Ресейге импорталатын нақты бір өнімге шектеу қойылды. Алайда Ресейдің оларды өзге елдерден сатып алуға мүмкіндігі бар.
Менің ойымша бүгінде талқылау барысындағы қаржылай санкциялар кесірін тигізуі мүмкін. Алайда осындай санкцияларды қолдану өте қиын, алайда олардың әсері де күшті.
- Егер АҚШ ресейлік мелекеттік құнды қағаздарға инвестиция құюға тыйым саламыз деп шешетін болса ресейлік валюта үшін бұның салдары қаншалықты жағымсыз болады және теңге үшін де?
- Болжап болмайтын және ауыр болады. Сәйкесінше жағдайдың қалай дамитынын бақылау керек. Менің ойымша ресейлік мемлекеттік қарызға тыйым салу - бұл тым қатал шара.
-Жыл соңына қарай Сіздің ойыңызша теңгенің долларға шаққан бағамы қандай болмақ?
- Менің ойымша Ресейге қарсы санкциялар енгізілгеннен кейін жақында ғана валюталық нарықтағы құбылмалылық өзіміздің жағымсыз күтулерімізден туындады.
Алайда базалық факторлар күшті болып қалуда. Сондықтанда кішкене тұрақсыздықтан кейін қысым астында қалған валюта сол факторға сәйкес келетін деңгейге қайта оралуға тырысатын болады.
- Сұхбатыңызға рахмет!
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстандағы АҚШ елшісі: Мен революция елшісі емеспін10 Ақпан 2021, 14:41
-
АҚШ елшісі: Біз адам саудасына қарсы күресте Қазақстанды қолдаймыз30 Шiлде 2020, 08:42