Ғалым Құсайынов: Қазақстандық банктер уақыт өткен сайын азайып барады

Күні: 11:06, 02-05-2019.

Алматы. 30 сәуір. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Қазақстанда жұмыс істеп жатқан отандық банктер аз ба, көп пе? Біздің экономикада олардың қаншасы болуы керек, клиент үшін бәсекелестік, ол үшін жаңа технологияларды, оның ішінде психологияны игеру туралы «Банк ЦентрКредит» АҚ Басқарма төрағасы Ғалым Құсайынов айтып берді.

- Ғалым, жаңа ұрпақ өзінің қаржылық мәселесін онлайн шешкенді дұрыс санайды деп есептейсіз бе? Олар банкке барғанды ұнатпай ма. Қалай ойлайсыз клиенттер онлайнға кете ме, әлде қандайда бір бөлігі офлайн қала ма?

- Бұл философиялық сұрақ. Біз оны өзімізге басқарма отырыстарында және стратегиялық сессияларда жиі қоямыз. Сөзсіз бүгінде онлайн-алаң мен банкингтің онлайн дамуы үлкен қарқынмен жүріп жатыр және де банк бөлімшесіне барғаннан гөрі адамдардың көбі онлайнды таңдауда.
Алайда біз банкке келушілердің бөлігі үлкен екенін де көріп отырмыз, олар банкке қандай да бір операцияны жасау үшін емес, эмоция үшін: араласуға, қандай да бір жаңалықты білуге келеді. Бұл адамдар үшін банкке келу – бір рәсім іспетті, өмірлерінің бір бөлігі. Себебі сіз банкке келгенде тірі адаммен сөйлесесіз, не болып жатқанын білесіз және кеңес ала аласыз. Тірідей әңгімелесуді машина алмастыра алмайды. Тіпті, 100 жылдан кейінде бұл күмән тудырады. Сондықтан да менің ойымша банктердің бөлімшелері интернет-банкингтен гөрі осы тірілей араласқанды ұнататын, банк қызметін бөлімшелеріне келіп алуды қалайтындар үшін қалады.
Дегенмен де, адамдардың көбі онлайнға кетіп, мобильді қосымша арқылы банкке бармай-ақ операциялар жасауда. Алайда менің ойымша бөлімшелерге адамдар келе береді.

- Банк онлайнды тандағандар үшін не істеуде?

- Банк өзінің қосымшасын дамытуда. Біріншісі біздің жеке тұлғаларға қатысты. Бізде starbanking қосымшасы бар, жақсы жұмыс істейді деуге болады. Ол арқылы кез келген банкке немесе карточкаға аударымдар жасай аласыз, кез келген қызмет түрін – балабақша, мектеп, аурухана, коммуналды қызметтерді төлей аласыз. Яғни, төлем түрлерінің 90% банк кассасына бармай жасалынады.
Біз осының барлығын жетілдіріп, дамытудамыз, төлемдерді қабылдайтын агенттердің санын арттырудамыз. Өткен жылы starbanking жүйесін жаңарттық. Осы жылы клиенттердің тәжірибесіне сүйене отырып реддизайн жасамақшымыз. Адамдардың қажеттіліктеріне сай қосымшаның визуалды көрінісін жетілдіру жүргізілуде. Жазда жаңартылған нұсқасын іске қосатын шығармыз.
Өткен жылы телефон номері арқылы аударым жасау мүмкіндігін іске қостық.

- Бұл картасы барларға не береді?

- Жақын арада төлем картасы деген түсінік жойылатын шығар. Бүгінде біздің қосымша арқылы банк клиентінің телефон номерін білсеңіз сіз аударым жасай аласыз. Сіз оған аударым жасайсыз, ал оның телефонына мына адам сізге осынша ақша аударды деген sms келеді, сосын ол қай жерге бұл қаражатты жіберу керек екенін өзі шешеді. Бұл өте ыңғайлы, 20 таңбалы есеп шот номерін, ЖСН білу шарт емес, телефон номерін білу жеткілікті. Оның үстіне сіз оны байланыс кітапшаңыздан таңдай аласыз. Қаражат сол сәтте-ақ бірден аударылады.

- Бұл сіздердің клиенттеріңіздің арасындағы өзара аударымдар ма?

- Иә.

- Ал өзге банк клиенттеріне бола ма?

- Мүмкін. Ақпан айында Ұлттық банкпен бірлесіп мобильді телефон арқылы бірден аударым жасайтын «Сұнқар» жүйесін іске қостық, бүгінде оның веб нұсқасы қолжетімді. Жалпы, мұнда аударымдар сыртқы клинеттерге де қолжетімді.
Екінші бағыт – бұл заңды тұлғалар. Ағымдағы жылы кәсіпорындардың брінші басшыларына арналған жаңа қосымшаны жасақтап шықтық, ол өзінің телефоны арқылы компаниясында жасалып жатқан кез келген транзакцияны көре алады. Керек болған жағдайда ол стационарлық компьютерге жүгінбестен кей төлемдерді растап немесе өзі жүргізе алады.
Бұл әрқашан бір орында тұрмайтын, қимылда жүретін алайда төлем жасау керек аса үлкен емес және орташа бизнес үшін ыңғайлы. Осылайша басшылар өз қаржысын ұдайы бақылауда ұстай алады.

- Мобильді төлем туралы әңгіме қозғала бастаса бірден алаяқтармен қалай күресесіздер деген сұрақ туындайды?

- Біз ұдайы аудиттен өтіп тұрамыз, бірінші кезекте РCI DSS (төлем картасы индустриясының қауіпсіздік стандарты - ҚазТАГ) аудит.
Барлық аударымдар халықаралық төлем жүйесін қолдану арқылы жүргізілетінін түсіну керек, бірінші кезекте – Visa мен MasterCard, олардың фродтан, алаяқтықтан және қайтарылатын төлемдермен күресетін қорғаныс жүйесі бар.
Адам қайтарылатын операциялармен келіспеген жағдайда бізде бүге-шүгесіне дейін қаралады. Бізде фродпен, алаяқтықпен және қайтарылатын операциялармен күресетін жеке-жеке бөлімдер бар. Адам сіздің пин кодыңызды білсе де сіздің картаңыздан аударым немесе төлем жүргізе алмайды.
Сонымен қатар біз sms-растауды да пайдаланамыз, сізге жасағыңыз келген кез келген операцияны мобильді телефоныңызға келген sms арқылы растау керек болады. Осылайша біз клинеттерімізді фрод пен алаяқтықтан қорғаймыз.

- Бұл жеткілікті ме?

- Біз «үшінші әлем» елдеріндегі төлемдерге шектеу қойып жатырмыз. Ертеректе мұндай жүйе кеңінен таралған болатын, ол кезде карта cлипі (төлем картасы арқылы сатып алу барысында рәсімделетін құжат – ҚазТАГ) жасалып, сосын қаражатты экзотикалық елдерде қолма-қол ақшаға айналдыратын. Бүгінде мұны жасау мүмкін емес, себебі біз өз еркімізбен елді таңдау функциясын енгіздік. Яғни, ол Қазақстанда тұрақты тұратын болса ол тек Қазақстанды аша алады, егер бір мемлекетке баратын болса саІІ-орталыққа хабарласып баратын елін айтса жеткілікті, сол елде барлық операциялар қолжетімді болады. Бұдан басқа, интернет-төлемдерді басқаруды жасақтадық. Бұл да біздің ноу-хау. Адам интернетте өзі сома мен транзакция уақытын басқарады. Алаяқтық көбіне интернет арқылы жүретін болғандықтан сіз интернет төлем жасағыңыз келгенде соманы белгілеп, мысалы 1000 доллар, лимитті және операция жүргізілетін уақыт аралығын бекітесіз. Сіздің келісіміңізбен интернет төлемге лимит жабылады. Осының барлығы онлайн starbanking арқылы жасалады. Осылайша жеке тұлға өзін өзбетінше қорғайды. Картамен ондағы қаражатқа иелік ету толығымен қауіпсіз болады.

- Ғалым, мен сізді дұрыс түсіндім бе, мобильді төлемдер бәрі бір халықаралық төлем жүйесі (ХТЖ) арқылы жүргізіле ме?

- Ия, әрине. Егер бұл ішкі төлем болмаса, әрине. Егер банк ішіндегі транзакция болса ХТЖ қосылмайды, бұл біздің серверлер. Қандайда бір қайтарымды операциялар, тіпті біздің банктің өзінде жасалса да біз оны қайта қарай аламыз: егер онда қандайда бір алаяқтық жасалса оны міндетті түрде иесіне қайтарып береміз, себебі банк ішінде механизмдер бар.
Өзге жүйелерге төлем халықаралық төлем жүйесі арқылы жүргізіледі, онда фродпен күресудің жеке жүйесі бар: Бұл алаяқтық сипаты барларды анықтауға мүмкіндік беретін үлкен бағдарламалар.

- Демек, уақыт өте келе адамдар картаны пайдалануды тоқтата ма?

- Менің ойымша, бес жылдан кейін карта деген түсінік вертуалды әлемге кетіп қалады. Пластик бүгіннің өзінде де керек емес. Егер бүгінде пластикті мобильді қосымшаға ауыстыру мүмкін болса, пластик керек емес. Өз басым төлемнің 80% Apple Pay көмегімен жүргіземін. Маған карточка керек емес. Ол менде Apple компаниясының мобильді қосымшасына вертуалды енгізілген, сәйкесінше барлық төлемдерді телефон арқылы жүргіземін. Бұл жоба өз жалғасын табады. Бүгінде Google Pay, PayPal бар. Біздің нарыққа Samsung Pay мен Google Pay қашан кіреді деген ойдамын, мүмкін ол кезде карталар керек болмай қалар.
Оның үстіне Қазақстан ішінде немесе интернет арқылы жасағыңыз келген кез келген операция мен төлемді банк қосымшасы арқылы жүргізуге болады. Осылайша starbanking қызмет түрлері көп, ал мобильді карта – бұл төлем жүйесіндегі сіздің жеке есеп жазбаңызды сәйкестендіру болып табылады. Ол болашақта виртуаландырылып, жақын бес жылдықта толығымен виртуалды болады.

- Біз ұзақ уақыт бойы «менің банкім» деп келдік, алайда бұл түсінік жоғалып бара жатқандай. Біз түрлі банктердің қызметтерін пайдалануды бастадық: менің ойымша шетелге аударымдарды «Еуразиялық банк», картадан картаға «Банк ЦентрКредит», төлемдерді Kaspi арқылы жасаған дұрыс сияқты. Қалай ойлайсыз нақты бір банкке деген бейімділік жойылып кете ме?

- Онлайнға кетіп жатқан адамдар үшін шекара шынымен жойылып кететін шығар, себебі олар қандайда бір қосымшаның ыңғайлы болуы мен бәсекелестік басымдылығына назар аударатын болады.
Ал физмкалық қарым-қатынасты ұнататындар үшін бейімілік қалып қоятын шығар, себебі олар нақты бір менеджерге барып үцреніп қаған және оған ұдайы барып тұратын болады. Бұл мәселенің бір тұсы.
Екіншісі – банктің қызмет түрлері көп. Ішінен негізгі үшеуін атап көрсетуге болады – несиелеу, жинақтау және төлем жасау. Төлем жасау мен есептесу операцияларын жүргізу бойынша бейімділік болмайды. Барлығы ыңғайлылықпен, әдемілік және жеделділікпен, кэшбэк көлемімен шешіледі. Ал депозит пен несие бойынша бейімділік болады, себебі депозиттер сыйақы мөлшері және банкке деген сенімділікпен, ал несиелер беру жылдамдығы мен пайзыдық мөлшерлемесіне қарай таңдалатын болады. Несие немесе депозит адамды нақты бір банкке байлап қояды, сондықтан бейімділік мәселесі өздігінен шешіледі.

- Moody's агенттігі жақында ғана болжамында көрсеткен Қазақстанның банк жүйесінде елдегі банктер саны азая ма, әлде көбейе ме?

- Болжам – рақметі жоқ жұмыс. Жалғыз айтарым нарық бәсекеге қабілетті және нарықтық болған жағдайда ел экономикасына керек банк санын өзі анықтайды. Бәсекелестік артқан сайын нақты банктерге берілетін басымдықтар да төмен болады, бұл жүйе үшін жақсы, себебі дұрыс бәсеке үздіктерді анықтайды.
Менің ойымша әр банктің өз ерекшелігі бар, олардың әрқайсысы өз орнын тапқысы келеді, егер ол орын босап жатса оған біреу отыру керек емес пе. Уақыт көрсетеді. Шоғырландыру болуы мүмкін. Алайда шоғырландыру мәжбүрлі түрде емес ерікті, нарықтық, нақтырақ айтсақ экономикалық тұрғы да тиімді жүргізілуі шарт: шығындарды оңтайландыру, табысты арттыру, акционерлер үшін табыстылық деңгейін көтеру мақсатында. Бұл банк жүйесінде қандай да бір қадамды жасауға негіз бола алатын таңдаулар.
Бізге банк секторы шоғырлануы керек, себебі.... деп айтып жатады. Бұл туралы кім айтты? Бұл шын мәнінде нарық мәселесі: егер қазақстандық экономика шарттары 100 банктің жұмыс істеуіне мүмкіндік бере алатын болса 100 банк жұмыс істейді, ал қазір біздегі экономиканың жағдайына сәйкес 10 банк жұмыс істей алатын болса онда сол 10 банк жұмыс істейді. Уақыт өте келе барлығы теңеседі, әрине бірден емес, бірақ реттеледі.
Жалпы, экономиканың жағдайына қарай көлемде анықталады.

- Демек, экономика жағдайы банк санын қысқартуға мүмкіндік бере ме?

- Шын мәнінде Қазақстанда банк көп емес. Физикалық тұрғыда қарайтын болсақ бізде 28 банк бар, оның 15-і белсенді жұмыс істейді. Осы 15-тің шамамен жартысы шетелдік банктер: Сбербанк, ВТБ, Альфа-банк, Citibank Kazakhstan, Altyn Bank, «Шинхан банк Казахстан», Tengri Bank.
Қазақстандық банктердің саны күн өткен сайын азаюда. Одан әрі шоғырландыру қазақстандық банктердің азаюына алып келуі мүмкін. Шетелдік банктердің үлесі басым болады. Бұл жерде кімге басымдық беретінімізді түсініп алған жөн: біз отандық банктерге қолдау көрсетеміз бе, әлде шетелдік банктер басым болуы үшін алаң ашамыз ба. Бұл да саясат. Алайда біздің деңгей емес…

- «Банк ЦентрКредиттің» өз ортасы бар деп есептейсіз бе? Банктің бизнес-үлгісі қандай?

-Банктің үшінші жыл қатарынан ұстанып келе жатқан нақты стратегиясы бар. Біз оған келе жатырмыз. Біз барлық сегментте жұмыс істеп келе жатқан әмбебап банкпіз, алайда біздің өз ортамыз бар, біз сол ортада көшбасшымыз, я болмаса нарықтағы үлес бойынша үздік үштіктеміз.

- Бұл қандай орталар?

- Біріншіден бұл жекеленген бағыт – ипотекалық несиелеу. Сонымен қатар, тұтынушылық кепілсіз несиелеуді дамытудамыз. Біз барлық сегменттерде ұсынулы болуымыз шарт. Бұл тәуекелдерді барынша азайтады, қоржынды әртараптандырады. Өткен жылы кепілсіз несиелендіру бойынша үлкен жұмыс атқардық, бизнес-үлгіні қайта қарап шықтық. Бүгінде несие беру 15 минутты алады. Бұл банктердің клиенттерге қызмет көрсету бойынша ең минималды уақыт. Осы бағытта белсенді жұмыс істеудеміз, түрлі жаңа өнімдерді ұсындық. Ипотекалық несиелеу саласында барлық жұмысты ойталдандырып, мақұлдауды толығымен автоматтандырдық. Бүгінде бізде несие комитеттері жоқ, барлығы скоринг арқылы анықталады және әр жекеленген несие бойынша машина өзі шешім шығарады.

- Мүмкін емес? Несие комитеттері ешқашан жойылмайды деп есептелуші еді ғой.

- Бөлшек сауда бойынша бізде несие комитеттері жоқ, олар кей қайтарылатын немесе ауқымды операциялар үшін сақталып қалды, олар несие лимитін, ереже және сол сияқтыларды анықтайды, алайда шешімді бізде машина қабылдайды.
Бізде белсенді жұмыс істеп жатқан ортамыз бар. Бұл шағын және орта бизнес. Мұнда бірқатар жобаны бастадық және осы бағыттағы бизнес үлгіні жетілдірудеміз. Жалпы, бұл сегментті ешқашан тастамаймыз. Бұл сала бойынша көшбасшыларының біріміз және Қазақстандағы шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуді жалғастырамыз. Шағын бизнес кез келген елдің экономикасының негізі екеніне сенеміз және біз оған үлкен қолдау көрсетіліп отырғанын көріп отырмыз. Бұл болашақта банк саласында үлкен өсім көрсететін ортаның бірі.
Корпоративті секторда да бармыз, алайда әліде өсуіміз керек. Біз бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан және сенімді іскерлік байланыс орната алғандарға қолдау көрсетіп келеміз. Біз жобалар мен шешімдерді бірге жүзеге асырудамыз. Осылайша біз ірі бизнесімізді жекеленген бағыттар мен ШОБ дамытуға қолдана аламыз.


Жаңалықтармен бөлісу: