Досым Сатпаев: Теңгенің құнсыздануы билікке деген сенімсіздікке, әлеуметтік жарылыстың орын алуы үшін ортаның қалыптасуына алып келуде

Алматы. 18 қыркүйек.ҚазТАГ – Тулкин Ташимов. Теңгенің бүгінгі құлдырауы ертегі іспетті. АҚШ Ресейге қарсы санкияларымен оның экономикасын «төзімді» етті десе болады. Нәтижесінде ресейлік рубль құлады және өзімен бірге теңгені де тартып кетті.
Теңге бағамы қай межеде тоқтайды және нығаяды деп елдер болжам жасап жатқанда көтерме сауда бұл жағдайға бірнеше уақыт аралықпен жауап қатты: бағалар көтерілді және бұрынғы тәжірибеге сүйене отырып енді олар төмендемейді. Бизнес тауар мен қызметтің бағасына тәуекелдерінде қосуда, ал билік өздерінің сүйікті ісі халықты басумен айналысуды жалғастыруда.
Осы ретте, бұл неге алып келуі мүмкін екені туралы Тәуекелдерді бағалау тобының директоры, саясаттанушы Досым Сатпаевтан сұрадық.

  - Теңгенің бүгінгі құлдырауы біртүрлі мінезге ие. Екі аптада теңге 1 доллар үшін 330 теңгеден 380 теңгеге дейін арзандады. «Теңгенің әлсіреуі » неге алып келуі мүмкін?

  - Ұлттық валютаның кез келген құлдырауы халықтың билікке деген сенімінің төмендеуіне алып келеді. Өз ойымды түсіндіріп кетсем. Жасыратыны жоқ, қазақстандықтар осыдан шамалы уақыт бұрын 2009 және 2015 жылы екі құлдырау толқынын бастарынан өткізді. Алайда олардың алдында шенеуніктер халықты өздерінің банктегі жинақтарын теңгелей сақтауға және оны арттыруға белсенді үгіттеп жүрді. Нәтижесінде көптеген ел азаматтарының жинағы теңге бағамы құлағаннан кейін айтарлықтай азайып, бұл өз кезегінде баға өсімі мен инфляцияға алып келді.
Оның үстіне кейбір сарапшылар, инфляцияны «кедейшілік салығы» деп атап жүр. Осыған қарамастан біздің шенеуніктер барлығын жағдайды бақылап отырмыз, девальвация экономика мен бизнес үшін қажет болды деп сендіруде және олар инфляция бойынша шынайы мәліметтерді төмендетіп, халықтың әл аухаты бойынша мәліметтерді қолдан жоғарылатып отыр. Жақында ғана Ұлттық банк Қазақстанның алтын қоры Сауд Арабиядан басып озды деп мәлімдеді. Шын мәнінде бұл рас болуы мүмкін алайда ол қөптеген қазақстандықтарға қуаныш сыйлай қоймайды. Себебі олар ұзақ уақыт бойы Менделеев кестесі толығымен бар және халқы аз мемлекет Парсы шығанағының халқы сияқты неге өмір сүре алмай келе жатқанын түсінбей дал болуда.
Ресми мәліметтер бойынша қазақстандықтардың екінші деңгейдегі банктер алдындағы борышы шамамен 700 млрд теңгені құрап отыр. Яғни, көптеген қазақстандықтар қарызға өмір сүруде. Осы ретте, көптеген қазақстандықтардың баспана алу үшін, балаларына жоғары білім беру үшін қаржы жинауға ешқашан мүмкіндігі болмайды, себебі олар кедейшіліктің қақпанына түсіп қалған. Сондықтан да бізге өзге елдермен алатын қорымен емес, адами даму индексімен және адами капиталымен жарысу керек.
Рас, қазіргі құлдырау Ресейге қарсы санкцияларға тікелей байланысты. Теңге рубльмен қатар құнсызданып келеді және осының бәрі халықтың билікке деген сенімін төмендетуде, себебі халықтың басым бөлігі қалай одан ары нашарлайды деп күтіктенуде. Алайда осы жолы ресми деңгейде баға өсімінің орын алуы мүмкін екені туралы алдын ала ескерткен болатын.

 - Қазақстанда орын алып жатқан девальвация мен халықтың өсіп келе жатқан наразылығының арасында байланыс бар ма?

 - Сөзсіз бар. Осыған дейін айтып кеткенімдей теңгенің құнсыздануы мен қатар халықтың билікке деген сенімсіздігі де артып келеді. Оның үстіне қазақстандықтар 2015 жылы орын алған құлдыраудан әлі де есін жинап үлгерген жоқ. Жалпы олар сол уақыттан бері тірі қалу режимін іске қосты. Осының барлығы қоғамдағы наразылық көңіл күйінің артуына, оппозицияның кез келген түрінің өсіміне және халық наразылығының артуына алып келуде.
Бүгінде көптеген тұлғалар билік пен қоғам арасында мемлекеттік қызметтің сапасын, құқықтық әділеттілікті және экономикалық өсімді қамтамасыз ететін қоғамдық келісім жұмыс істемейтінін түсініп отыр. Адамдардан бірнәрсе талап ету толастар емес, ал жауап ретінде жағымсыз тосын сыйлар берілуде. Оның үстіне Қазақстанда арасында әлеуметтік жарылыстар болып тұратынына таңғалудың қажеті жоқ. Билік алдында олар тосыннан орын алған сияқты болып көрінеді, алайда олардың қайталану жиілігі мен өзінің заңдылығы бар.

 - Мысалы жер мәселесіне қатысты наразылықты айтуға бола ма …

  - Әрине болады. Халық жер кодексіне ауыл шаруашылығы үшін шетелдіктерге 10,25 жылға жерді жалға беру туралы түзетулерге қарсылық танытты. Сонымен қатар, аукциондардан жердің жаппай сатылымы туралы сыбыс шықты. Наразылық шаралары тек жер мәселесімен шектеліп қалған жоқ, олар күн тәртібінде өзектілігін жоғалтпаған өзге де мәселелерді қозғады.
Яғни, адамдар ешқашан ештемені ұмытпайды, орайы келіп тұрған сәтте бәрін еске түсіреді. Билік өзінің жан жақты ойластырылмаған, тиімсіз әрекеттерімен өздері отырған ағашты оталауда және оны олар өзге де саяси қарсыластарына қарағанда жылдам істеуде.

 -Билік қазақстандықтар табыстарының бір бөлігінен инфляция салдарынан айырылып қалғанына қарамастан халықты басып келеді: бүгінде құлдырау бұрынғыға қарағанда жарылыс сияқты емес ұдайы жүріп келе жатқаны көзге ұрып тұр.

 - Наркозсыз қолды балтамен шауып тастай ма немесе арамен аралай ма ол маңызды емес. Қандай жағдай болмасын ол өте ауыр. Сонымен қатар елде бір реттік пе немесе жүйелі девальвация жүріп жатыр ма ол маңызды емес. Девальвация өсімінің деңгейі билікке қатысы бар біреулерді байытып, халықты одан ары кедейлетуде.
Мысалы, 2015 жылғы валюталық құлдырауды алайық, нәтижесінде Қазақстанның мұнай газ және тау-кен өндіру саласындағы көптеген ірі шикізат компанияларының акциялары өсті. Үкіметтегі шенеуніктер одан жалғыз бизнес емес халықта пайдасын көреді деп белсенді түрде сендірген болатын.

 - «Орыстарға жаққан іс, немістер үшін өлім» деген қанатты сөзді бүгінгі девалвациялық процесстерге қатысты айтуға бола ма?

  -Болады. Шикізат компаниялары үшін валютаның құнсыздануы аса үлкен қауіп төндірмейді. Алайда қайта өңдеу секторы мен шағын және орта бизнес үшін өліммен бірдей: табыс азаяды, тиімділік төмендейді.
Шын мәнінде бізде қолдауға шикізат секторы көбірек ие, ал шынайы сектор халықпен бірге аман қалумен айналысады. Ия, сол шенеуніктер ұдайы айтып жүретін сектор. Соңғы жылдары біз ШОБ дамыту қажеттілігі, шикізаттық экономикадан кету, қайта өңдеу секторын нығайту туралы әңгімелерді шенеуніктерден жиі естіп келеміз. Алайда оның бәрі сөз жүзінде ғана, іс жүзінде жағдай керісінше.
Мысалы, жақында ғана 3 мыңнан астам қазақстандық кәсіпорындар банкрот болды деген ақпарат тарады, демек осы адамдар жұмыссыз қалды деген сөз. Осы ретте, ресми билік жұмыссыздық өсіп жатқан жоқ немесе өсімі айтарлықтай емес деп ақпарат беруден жалығар емес.
Ал қазақстандық сарапшылар өз кезегінде биліктің есептеу жүйесі сын көтермейді деп қайталаудан таяр емес. Ол шынайы жағдайдан әлдақайда алыста. Бұл шынайы жағдай мен билік ұсынып отырған мәліметтер арасындағы айырмашылық болашақ әлеуметтік жарылыстар үшін үлкен жарылғыш іспетті.

 - Осы ретте, теңгеге қатысты жағдайды түзеуге бола ма? Құлшыныс бар ма?

 - Бар мәселе біздің елдегі қаржылық жағдайды біздің министрлеріміз емес, сыртқы факторлар анықтауда. Мысалы жақында ғана Ұлттық банк 2019-2020 жылдары инфляция бүгінгі дәлізден шығуы мүмкін, оның ішінде Ресейге қарсы санкциялар, ұлттық валютаның әлсіреуі, мұнай бағасының төмендеуі, әлеуметтік шығындар мен несие өсімі бар. Айта кетейік, осы төрт мәселенің екеуіне (Ресейге қарсы санкциялар мен мұнай бағасының өсімі) Қазақстан ешқандай әсер ете алмайды.
Біз жаһандық экономика атты жылдамдығы жоғары өзенде ағып кетіп бара жатқан ағаш іспеттіміз. Оның үстіне бұл барлық жинақ емес, оған Қазақстанның ірі сауда серіктестерінің бірі ЕО тұрақсыз экономикасын, Қытайдың экономикалық проблемаларын, оның АҚШ пен сауда соғысын және т.б. қосуға болады. Яғни біздің билік өрт сөндірушілер іспетті. Өрт ошағын сөндіреді алайда өртті қойып жүрген азаматты ұстап ала алмайды.

  - Теңге 1 доллар үшін 380 теңгеге дейін өсті және қазір осы шамада нығаюда. Мемлекет енді не істей алады?

 - Ағаштардың артынан орманды көру керек екенін түсіну керек. Ұлттық валютаның құнсыздауы көптеген факторлар жиынтығының нәтижесі – сыртқы және ішкі. Оның үстіне кейбір факторлар біздің қаржы-экономика жүйесінің осалдылығынан орын алып отыр, өзгерістер керек екеніне көп болды.
Біріншіден, шикізаттық бейімділікті сөзбен емес іс жүзінде азайту керек. Біздің бюджет біз ешқандай әсер ете алмайтын мұнай бағасына қатысты жасақтала беретін болса Қазақстан қаржылық-экономикалық өтімділік мұхитында желкені жоқ қайық сияқты жүзіп жүреді.
Екіншіден, Ресейге тәуелділікті төмендету керек, оның рублі өзімен бірге теңгені де қаржылық құзға тартып кетуде. Ресейге қарсы санкциялардың ұзаққа созылатынын түсіну керек, ал біздің Еуразиялық экономикалық одаққа мүшелігіміз бізді осал етеді. Қазақстанды жеке ойыншы ретінде қарастырмайтынына көп болды. Бізге Кремль ресейлік сыртқы саясат жолымен жүруге мәжбүрлеп отырған құйыршық ретінде қарайды, бұл жақсы емес.
Үшіншіден, «үздіктер экономикасынан» бас тарту керек, ол жерде көбіне мемлекеттік және квазимемлекеттік компаниялар, банк ретіндегі қаржы құрылымдары тиімсіз болып келеді. Себебі олар өздерінің бәсекеге қабілеттілігінің арқасында емес, Ұлттық және зейнетақы қорынан ұдайы қолдау көріп келе жатқандықтан жұмыс істеп келеді.
Төртіншіден, бізге экономиканың шынайы секторына, сонымен қатар жаңа экономикалық саясат аясында ШОБ-қа аңыздық емес, тиімді қолдаудың көрсетілгені маңызды.
Бесіншіден, Қазақстанда адами капиталдың шетел асып кетуі сияқты қауіпті тренд қалыптасып отыр. Осы ретте, билік еліміздің инновациялық экономикаға ауысып жатқаны туралы айтудан шаршамайды, алайды осы ақсауды жүзеге асыратындар елден кетіп жатыр.
Алтыншыдан, халыққа өтірік айтуды баяғыда-ақ қою керек. Барлығымыз бір кемеде отырмыз және осы кемеге қатысты шындықты білуге лайықсыз деп есептелетіндердің көбісі жалығып кетті. Жағдайды бақылауда ұстап отырмыз деп кінәлілерді іздегенше нақты жағдайдың қандай екенін айтып, шындықты мойындаған дұрыс.

 - Қазақстандағы құнсыздану процесі Ресейдегі құнсыздану процесінен несімен
ерекшеленеді?

 - Біз өзгелердің геосаяси алаяқтығынан зардап шегіп отырмыз, осы жолы мұнай бағасының төмендеуінен емес, Ресейге қарсы санкциялардың күшеюінен ұлттық экономикамызда проблемалар пайда болды. Қазақстан мен Ресей екеуі де шикізаттық мемлекет бола тұра екеуінде де бюрократиясы басым тиімсіз аппарат жұмыс істеуде және олар кез келген реформаларды тежеп отыр.
Бастысы Қазақстан мен Ресейде де «үздіктер экономикасы», яғни элитамен байланысы бар ұлттық компаниялар және бизнес құрылымдар, ал қалғандары қалдық принціпі бойынша өмір сүруде.
Экономиканың осындай құрылымы дұрыс нарықтық ортаның қалыптасуына мүмкіндік бермейді, жаңа ойыншылардың пайда болуына кедергі келтіреді. Біздің «Форбс» тізіміне қараңыздаршы, онда ұзақ жылдар бойы бір адамдар ғана. Қазақстан мен қатар Ресейдің де бай адамдар тізімі өзгеріссіз келеді. Ал АҚШ та 5-10 жыл аралықпен бай адамдар тізімі өзгеріп тұрады, жаңа ойыншылар пайда болуда, олар ескілерді ығыстырып отыр. Осының барлығы Моизес Наимнің «Биліктің соңы» деген кітабындағы тезистерді дәлелдеп отыр, яғни адамзат үш революция дәуіріне аяқ басты: көпшілік революциясы, мобильділік революциясы және менталдылық революциясы.
Тіпті Қытайдың өзінде консерватизмге қарамастан уақыт өткеннен соң жаңа ойыншылар пайда болуда, олар инновациялық экономиканы дамытуда, тіпті сол Джек Маның өзі де. Біз дегеніңіз не? Біз динамика болса да бір орында тұрып қалдық. Бір жүйеде компаниялар дамуда, бәсекелестік артуда, олар бизнесті алға итермелеуде. Басқа жүйеде біреулер өзінің еңбегінің арқасында емес байланысының арқасында өзгелерден артық болып отыр.
Әрине біздің де өзге елдер сияқты алға шығуға мүмкіндігіміз бар. Алайда ол үшін экономикалық және саяси жүйені түбегейлі өзгерту керек, сонымен қатар шикізаттық санадан арылған жөн, себебі ескі көліктің дөңгелегін қайта қайта ауыстырғаннан пайда жоқ, себебі оның қозғалтқышы істен шыққан.

 - Сұхбатыңызға рахмет!

adimage