Кеңес – ұлттық, ал сенім – елес пе?

Алматы. 24 шілде. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Кеңес беруді бәрі жақсы көреді. Бұл тақырыпта барлық елдерде түрлі мақал-мәтелдер бар. «Суды кеңесті сұрағандарға ғана береді» (португал мақалы), «Бір мейірімді мысал мың мейірімді кеңестен артық» (өзбек мақалы), «Ақылың жетпесе кеңеске құлақ ас» (вьетнам мақалы), «Өзінің шөбі өртенбесе кеңес берерде бәрі ақылды» (қазақ мақалы) және солай жалғаса береді. Кезінде әлем картасында бүтіндей бір Кеңестер елі болды... Осы жолы қазақстандықтарға қандай Ұлттық кеңес ұсынылды және ол қаншалықты пайдалы болады?

Сенеміз ғой, бірақ күмән да жоқ емес

«Қоғамдық және азаматтық қоғамның пікірін ескере отырып маңызды стратегиялық проблемаларды қарастыру барысында жаңа Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі (ҰҚСК) шынымен тиімді жұмыс істейтіні күмән тудырады, себебі мұндай күдік бірнәрсені өзгерте аламын деп сенетіндерде де болады. Сонымен, кеңес құрамына енген «Адам құқығы үшін хартия» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Жеміс Тұрмағамбетованың пікірінше, барлығы билік пен қоғамның арасындағы диалогтың қаншалықты құрылымды болатынына байланысты болмақ. «Бұл жағдайда бір ғана мәселе толғандырады: қаншалықты ол жұмыс істей алады, қоғамның пікірі қаншалықты ескеріледі, қандай басымдықтар мен міндеттер болатынына байланысты болмақ. Бүгінде халық пен мемсектордың арасында диалог жоқ. Азаматтық сектор суреттегідей «Салтанат қақпасының алдында» - қолын созып тұр. Ішкі істер министрлігі, жемқорлыққа қарсы агенттік сияқты халықпен жұмысы бір жолға қойылған мемлекеттік органдар бар, ал көптеген министрліктер мен меморгандар бұған әлі жеткен жоқ», - деп есептейді Тұрмағамбетова.
Оның пайымынша, кеңес стратегиялық проблемалдарды шешетін мәселелерді көтеруі керек және «оның жұмысының нәтижесі көрінетіндей, жасаған ұсыныстары қабылданатындай жұмыс көрсетуі шарт». Тұрмағамбетова адам құқықтарының сақталу мәселесін көтермекші – бейбіт митингтер, жиналыстар мен шеру өткізу құқығы, Азаматтық және саяси құқық туралы халықаралық пакттың екінші факультативті хаттамасын ратификациялауды қоса алғанда заңнамалық деңгейде өлім жазасын алып тастау.
Кеңес құрамына кірген қорғаушы Айман Омарова оны диалог алаңы және шиеленісіп тұрған мәселелерді ашық айту мүмкіндігі ретінде қарастырады – Қытайдағы қазақтарға қатысты жағдайлар, жыныстық-зорлық, түрмедегі адамдардың жағдайы, терроризм, экстремизм және сол сияқтылар.
«Бұл кеңеске кіргенім дұрыс бола ма деп ойладым, кейін одан диалог алаңын көрдім. Диванда отырып пікір айтқаннан гөрі халықтың мүддесі үшін бұл диалог алаңын пайдаланайын деп шештім. Проблемалдарды көтеріп қана қоймай, оларды шешу жолдарын да ұсынатын боламын. Алайда менің даусым бәрін шеше алады деп ойламаймын. Бұл кеңес қаншалықты тиімді болатыны туралы айту қиын. Ұлы идеяларды өмірде жүзеге асыруға немесе олардың қадірін кетіруге де болады», - деді Омарова.
Кеңесті билік құрды, ол жұмыс істемейді
Өз кезегінде, заң ғылымдарының докторы, профессор Акиф Сүлейманов еске салып кеткендей, бұл 30 жыл тәуелсіздік ішінде билік ұсынған алғашқы кеңес емес.
«Ол жұмыс істейтін болмайды. Бұл ешкімге керек емес көзбояушылық. 30 жыл ішінде бұл кеңестердің оншақтысы құрылды. Ал не болды? Ол тек кеңес бере алады, нақты құзыреті жоқ, ал мемлекет барлығын нормативті құқықтық-актілер арқылы жүзеге асырады. Кеңестің бір мүшесі түсініктеме берер, екіншісі бір проблеманы көтерер. Бізде бүтіндей парламенттің өзі өзара диалогты құра алмайды, ал мұнда бар болғаны ұлттық қоғамдық сенім кеңесі», - деді ол.
«Оян, Қазақстан!» қозғалысының белсендісі Әсем Жәпішованың пайымынша, Қазақстанға ұлттық кеңес емес, маңызды саяси реформалар керек.
«Кеңестің қызметінен – ақ қоғамда бар үлкен саяси сұраныстарды шешпейтінін көріп тұрмыз. Сонымен қатар, ешқандай жағдайда саяси реформалар жүргізбейді», - деді ол.
Оның айтуынша, Қазақстанның ірі қалаларындағы қоғамдық кеңестердің жұмысы осындай тектес құрылымдардың жұмысының тиімсіз екеніне дәлел бола алады.
«Бізде маслихат бола тұра қалалардағы қоғамдық кеңестердің не үшін құрылғаны түсініксіз. Енді Мәжіліс бола тұра қоғамдық кеңес құрылуда және оның немен айналысатыны түсініксіз. Палатаның қос палатасы бар, түсініксіз кеңестерге босқа шығынданбай дұрыс жұмыс істеу керек», - деді ол.

Бұл адамдар кімдер?

Акиф Сүлейманов қоғамдық сенім кеңесі – оның құрылымын жасақтау бойынша фактіге назар аударды.
«Сұрақ ашық күйінде қалды: құрамы қалай жасақталды, кімдер, қашан және қалай кеңес мүшелігіне үміткерлер іріктелініп алынды. Қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерін қоғаммен келіспей жасақтап алған болып отыр ғой. Бұл кеңес заңнаманы жетілдіру және жаңғырту бойынша кеңестер береді, ал оның құрамында заңгерлер жоқ. Не себепті кеңестің құрамына осы күнге дейін халық үшін бірқатар шаруа тыңдырған Досым Сәтпаевты, Зауреш Батталованы, Джохар Утебековты, Жангелді Сүлеймановты және өзге де қоғам белсенділерін енгізбеді? Оларға ұнамайтын сияқты!» - деп атап өтті ол.
Көптеген азаматтар кеңес құрамында Жеміс Тұрмағамбетовты, Айман Омарованы, Ораз Жандосовпен басқаларды көргеніне қуанышты болды. Алайда ұлттық кеңес мүшелерінің басым бөлігінің есімдері «кімдер олар?» деген күдік тудырды.
Тіпті, кеңес мүшесі Айман Омарова мүшелікке енген әріптестерін танымайды.
«Кеңес мүшелерінің қатарынан немен айналысатыны және оған қалай енгені түсініксіз адамдарды көрдім. Әрқашан «бұл адам қоғам үшін не істеді?» деген сұрақты қоямын. Бұл адамдар ештеме істемеді, алайда олар кеңестің құрамында бар. Мүмкін қоғамның проблемасын мүлдем түсінбейтіндер де бар шығар. Дегенмен олар депутаттар. Тіпті, кейбіреулерінің қасында тұрғымда келмейді, себебі олардың сан үшін жүргендерін білемін», - деді Омарова.
Ұлттық қоғамдық кеңес әлі жұмысын бастамады, алайда Әсем Жәпішова оның үстінен түсті.
«Жарияланған тізімге қарасақ, кеңес құрамына бірінші кезекте халық емес, билік сенген азаматтар енгенін көреміз. Біздің ортамызға жақын адамдарды танимын, оларды ұлттық кеңеске шақырды және олар одан бас тартты. Тағы бір күлкілі сәттер бар. Мен, Әнуар Нүрпейісов және т.б. түскен «Мен Ояндым» ролигі бар. Бұл роликке кеңестің құрамына енген Бақытжан Бұхарбай да түскен. Бақытжан – баспагер, оны «Мен ояндым» акциясына қатысушы ретінде көрсеткен. Бұхарбай біздің қозғалысымыздың өкілі емес және акцияға ол жеке тұлға ретінде қатысты, бірақ одан ары қолдау танытпады. Бұл мемлекеттің «Оян, Қазақстан» олармен бірге екенін көрсетуге тырысып отырғанын көрсетеді» - деді ол.
Кімдердің кеңесіне мүше боласыздар?
Сүлейменов тағы бір мәселені атап өтті – ұлттық кеңестің құрамына депуттар, ҚХА мүшелері, тіпті президенттікке экс-үміткерлер де кірген.
«Ұлттық кеңестің құрамына президенттікке экс-үміткерлер Жамбыл Ахметбеков пен Дания Еспаева енді. Сайлау нәтижесі бойынша олар 1,82% және 5,05% дауыс жинады. ҚР халқының сенімінің нәтижесі осы. Парламенттің бес депутаты кеңеске енді, ал заңнамалық бастама олардың негізгі қызметі болып табылады, егер олар ресми түрде өкілі болып табылатын халықтың өмір сапасын жақсарту бойынша заңнаманы жетілдіруді қаласа бұған дейін де шаралар ұсынар еді ғой. Ондаған жылдар бойы түрлі кеңестер мен қорлардың құрамына кіреді, алайда қоғам үшін ештеме жасамады. ҚХА мүшелері, бірең-сараң бизнесмендер мен Ақордаға жақын немесе ресмилендірілген журналистер, медиа топ пен саясаттанушылар. Олар кез келген мәселені әңгімеге айналдырады», - деп атап өтті ол.
Сонымен қатар, Сүлейменов, кеңес мүшелерінің өмірбаяны қызықтырған жағдайда ашық дереккөзіне жүгінген дұрыс деп кеңес берді. Оның айтуынша, олардың күні бүгінге дейін «қоғамдық сенімді» нығайту бойынша қандай жұмыстар атқарғанын білуге болады.

Сенім арт, бірақ тексеруді де ұмытпа

Ұлттық кеңесті құрушылардың нұсқасы бойынша біздің қоғам ресейлік Шекара маңындағы ынтымақтастық қауымдастығының еліміздегі өкілдігі «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ үкіметтік жетекші сарапшысына, жұмысы туралы бірде-бір оң пікір естіп көрмеген Алматы қоғамдық кеңесінің мүшелеріне «сенім» артады.
Сонымен қатар, қоғам Президент әкімшілігінің экс-меңгерушісі, бүгінде қоғамдық даму министрінің кеңесшісі, өткен сайлаудағы оппозиция-сымақ президенттікке үміткер Әміржан Қосановтың «серігі» болып үлгерген Алматы кеңесінің тағы бір мүшесіне «сенеді»-мыс.
Бұдан басқа, қоғам 2005 жылы Қазақстан Республикасы президенттігіне үміткер Нұрсұлтан Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабының баспасөз қызметін басқарғанға, «Хабар»агенттігі» АҚ (2006ж) бас директорының бұрынғы орынбасарына, ҚР Президенті әкімшілігінің әлеуметтік-саяси бөлімінің инспекторы (2006-2007) – «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің мүшесіне де «сенім» артады.
Бұдан басқа, қоғам ҚР Парламенті Мәжілісінің ақпараттық-сараптамалық бөлімінің экс-меңгерушісіне де (2005-2008), ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қоғамдық саяси жұмыстар департаментінің директорына да «сенім» артады.
2002 жылдан бері (арасында үзілістер бар) мемлекеттік қызметте болған ауыл шаруашылығының вице-министріне де (2017 сәуір – 2017 шілде) қоғам «сенім» артады екен.
Белсенді қоғам мүшесі ретінде бұған дейін бірде бір рет танылмаған, керісінше көлік және коммуникация министрі болған, мемлекеттік құрылымдарды – Қазақстанның сауда-өндіріс одағы палатасын басқарған, бүгінде мемлекеттің кезекті бастамасымен құрылған «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасына да «сенім» артады.
Сондай-ақ, жасақтаушылардың нұсқасы бойынша «Нұр Отан» қоғамдық қабылдауының кеңесшісіне, «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің мүшесі, жер дауына қатысты қарсылық танытқандарды сынаған мәжіліс депутатына, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесіне және оған қоса «Нұр Отан» партиясы баспасөз қызметінің жетекшісіне, президенттікке экс-үміткерлер – қосымша қызметі бойынша өзге партиялардан мәжіліс депутаттарына «сенім» артады.
Нәтижесінде жаңа кеңестің мүшелерінің басым бөлігі бүгінгі билікпен тікелей байланысты. Шын мәнінде оның мүшелері «қуыршақтар»: біреулері – билікпен келісіп президенттікке үміткер болғандар, енді біреулері оппозиционер сымақтар, үшіншілері – жылдар бойы мемлекет «қоғамдық пікірдің көшбасшылары» ретінде өсіріп келгендер. Оның үстіне, олардың басым бөлігінің биографиясы соншалықты керемет емес. Ашық дереккөздерге және сауалнамаға қатысқандардың мәліметіне сүйенетін болсақ, кеңеске мүше азаматтардың қатарында жемқорлық үшін кезінде ұсталғандар да бар, бүгінде мемлекет оларға тыныштық бермей отыр. Оппозицияға қатысы бар кеңес мүшелерінің қатарында елдегі қоғамдық-саяси өмірге бейжай қарамайтындар өз ұстаздарының ұстанымы мен оппозицияны сатып кеткендер деп атайтын азаматтар да бар.

Кеңесті қалай құру керек еді

Акиф Сүлейманов сендіргендей, кеңеске деген сенім болу үшін оны мүлдем басқаша құру керек еді.
«Кеңестің алдында тұрған міндеттердің барлығы парламент пен үкіметке қойылып отыр. Заңдарды өзгерту керек, кеңес құрмай. Ашық сайлау болмай 50 кеңес құрсаңыз да демократия болмайды. Қоғамдық бірлестіктерге кеңесті құру құқығын беру керек еді, жастарды, заң ғылымының өкілдерін қосу керек еді және оларға қоғамның интерактивті режимде дауыс беруіне мүкіндік берген дұрыс болар еді. Жасақтау бойынша жария механизмі болмай, кеңеске деген «сенім де» болмайды», - деп атап өтті ол.
Кеңес отырысы кем дегенде жылына 3 рет өткізілетін болады және оларға кеңес мүшелерінің кем дегенде жартысының қатысуы шарт. Тұрмағамбетованың пікірінше, кейбіреулері уақыт өте өздегінен шығып кетуі мүмкін, себебі жиналысқа қатысып қана қоймай, жұмыс істеуге туралы келеді.
Қорғаушы Омарова қандай ұсыныстар жасайтынын және оларды кімдердің қолдағаны немесе қолдамағандары туралы ақпарат беруге уәде етті.
Кеңес мүшелерінінің алғашқы отырысы 28 тамызға бекітілген, осы кезде қоғам «сенім» артып қоймай, кімдер және қалай мүддесін қорғайтынын тексереді және кезекті рет кімге сенім артқандарын бағамдай алады. Бұл ретте «Уақыт көрсетеді» деген дұрыс болар.

adimage