Мәди Тақиев: қазақстандықтар салықшылармен жиі соттасып, сирек жеңетін болды

Күні: 10:43, 08-01-2019.

Алматы. 8 қаңтар. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. 2019 жылдан бастап Қазақстанда салықтар көбейеді. Оны өз-өзін жұмыспен қамтығандар төлейді. ҚҚС-ты біз Blockchain көмегімен төлейтін боламыз. Барлық салық төлеушілер әр түрлі 18 салықты қашықтықтан төлейтін болады. Және жалпы салық жинау үшін Қазақстанда онлайн-кассалар қолданылады. Импортпен байланысты ҚҚС төлемдері қалай тексеріледі, қазақстандықтар салықшылармен жиі соттаса ма, қаншалықты жеңіп жатады – бұл туралы ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік кіріс комитеті төрағасының орынбасары м.а. Мәди Тақиевпен сұхбатта.

- Мәди Төкешұлы, сіз МКК тиімді мемведомство деп санайсыз ба?

- ЭЫДҰ елдерінде салықтық әкімшілендіру тиімділігінің көрсеткіші ретінде «Салық жинау шығындары» коэффициентін жариялау және салық жинау тәжірибесі таратылған. Салық жинауға кететін осы шығындар коэффициенті есепті жылдың қорытындысы бойынша салық мөлшерін әкімшілендіруге салық органдарының жыл сайынғы салыстырмасы ретінде есептеледі және әдетте 1% аспайды.
МКК комитет құзырының кірістеріне әкімшілік шығыс ретінде 1 млн қазынашылық төлемдерді жинауға мемкіріс органдарының әкімшілік шығыс көлемінің көрсеткішін есептейді. 2015 жылдың қорытындысы бойынша көрсеткіш мәні 0,87% құрады, 2016 жылы – 0,8%, 2017 жылы – 0,78%, жоспарлы мәнде 1% артық емес. Демек, комитет –тиімді.

- Соңғы жылда Қазақстанда орташа ІЖӨ өсімі шамамен 4% болды, ал салықтық кіріс өсімі?

- Соңғы 5 жылда шоғырландырылған бюджетке түсетін салықтық түсімдер өсімінің қарқыны 104,6% құрады, соның ішінде мемлекеттік бюджетке салықтық түсімдер бойынша – 111,1%.

- Жеке тұлғаларды тексеру статистикасы қандай? Заңды тұлғалардікі ше? 1 мың жеке және заңды тұлғалар арасынан комитет қанша салық төлеушіні тексереді? ЖК бойынша статистика қандай?

- 2018 жылдың 9 айында 455,504 мың заңды тұлға және 1213,784 мың жеке кәсіпкер тіркелген. 2018 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 15 652 салықтық тексеріс жүргізілген: 8200 заңды тұлға мен 7452 жеке кәсіпкер тексерілген.

-Компаниялар үшін жер және көлік салықтары бойынша декларацияны алып тастау жоспарлануда ма? Бизнеске түсетін салмақты азайту мақсатында салықтық есептілікті алып тастау үшін МКК нені өзі әкімшілендіруді жоспарлап отыр?

- Қазіргі таңда МКК жер салығы және мүлік салығы бойынша декларацияға өзгеріс енгізуді жоспарлап отырған жоқ, бірақ біз жүйелі түрде салықтық әкімшілендіруді жетілдіріп отырамыз, соның ішінде жаңа ақпараттық технологияларды өз жұмысына енгізу жолымен ведомство қызметкерлерінің салық төлеушілермен жеке араласуын қысқарту бойынша да.

- Бірнеше жылдан кейін салықшылар қандай технологияларды қолданатын болады? Салық жинаудың, сақтау мен көп мәліметті талдаудың инновациялық тәсілдері? Интернет құралдары (мәселен, онлайн-касса) тұжырымдамасына құрылған технологиялар? Жасанды интеллектіге негізделген когнитивті жүйе? «Цифрлық сәйкестік» - салық төлеушілердің сәйкестік технологиясы? Блокчейн немесе бөлінген тізілім?

- Онлайн-кассалар 2014 жылдан бері кезең-кезеңімен енгізіліп келе жатыр. 2015 жылдың шілдесінен бастап – бензин (авиациялықтан басқа), дизель отыны мен алкоголь сатушы кәсіпкерлер үшін, 2016 жылдың қаңтарынан бастап ҚР қаржы министрі 2018 жылдың 16 ақпанында бекіткен №206 бұйрықтағы (тізім) қызмет түрі бойынша кәсіпкерлерге енгізілді. 2018 жылдың қазанынан бастап тізім 17 қызмет түрімен толықты.
2018 жылы онлайн-кассаларды жаппай енгізу шешілді. Оған кезең-кезеңімен, тоқсан сайын өту жоспарланған, сөйтіп 2020 жылы барлық салық төлеушілер көшеді.
Онлайн-кассаларды қолдану талабы жалпы қолданыстағы телекомжелісі жоқ жерлердегі бизнеске таратылмайды.
Онлайн-кассаларды қолданудың плюстері: салық төлеуші ақшалай есеп кітабын толтырмайды, салық мекемелерінен онлайн-касса жасамай қалған кезде оның пломбасын ашу үшін рұқсат алудың қажеті жоқ, «Қазақтелеком» АҚ сайтындағы жеке кабинет арқылы қашықтықтан бақылауға болады. Сатып алушы болса «Қазақтелеком» АҚ сайтынан түбіртектің түпнұсқалығын тексере алады. Онлайн-кассаларды енгізу салықтық әкімшілендіруді, бюджетке салықтық түсім өсімін жақсартады және көлеңкелі экономика үлесін азайтады.
еGov.kz порталы мен МКК порталында авторлануды және ӘСҚ-ны қолданбастан бюджетке төленетін барлық салықтар мен міндетті төлемдерді төлеу бойынша жаңа қызмет пайда болды.
Еске салсақ, еGov.kz –де төлем жасау үшін «Салықтар және қаржылар» - «Төлемдер» - «Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу» бөлімдеріне өтіп, «Онлайн рәсімдеу» тетігін басу арқылы қызметке өтінім бере аласыз. Салық төлеушінің ЖСН/БСН, мемкіріс органының атауын, төлем сомасын, бюджеттік сыныптама кодын енгізгеннен кейін жүйе автоматты түрде салықты төлеу бөліміне өтуді ұсынады. Барлық рәсімді аяқтағаннан кейін төлем жасалған дерегін растайтын электронды түбіртек ұсынылады.
Салық төлеуші жеке тұлға ретінде авторланып, БСН мәліметін толтырып, заңды тұлғаның да салығын төлей алады және керісінше.
Бұған дейін порталда жеке тұлғалар үшін тек мүлік, көлік құралдары және жер салығына салық төлеу қызметі ғана қолжетімді болды. Қазір салықтың 18 түрін төлеу мүмкіндігі туды: корпоративтік және жеке табыс салығы, әлеуметтік, жер салығы, ЗТ мен ЖК мүлік салығы, заңды тұлғалардың көлік құралдарына салығы, бірыңғай жер салығы, ҚҚС, акциздер, арнайы төлемдер мен жер қойнауын пайдаланушылар салығы, экспортқа ренталы салық, ойын бизнесіне салық, тіркелген салық, алым, төлемдер, кедендік және басқа төлемдер мен баж салығы.
МКК қазіргі таңда ақпараттық жүйені (тәуекелдерді басқару жүйесі – ТБЖ) енгізіп жатыр. Ол IBM компаниясының бизнес-сарапшыларының бағдарламалық қамтымына негізделген және Data Mining тәсілінің негізінде жасырын заңдылықтар мен ауытқушылықтарды сәйкестендіруге мүмкіндік береді. ТБЖ тәуекелдерді өңдеуге, болжамды үлгінің дәлдігі мен сапасын бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тарихи мәліметтер негізінде тәуекелдер үлгісін жетілдіру үшін машинада оқыту және алдыңғы шығарылған үлгілер нәтижелерін қайта қарауға болады.
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында комитет «Біріктірілген мәліметтер базасы» ақпараттық жүйесін құрады (БМБ АЖ), ол МКК жекелеген ақпараттық жүйесін алмастырады және меморгандардың ақпараттық жүйесімен интеграциялық өзара әрекет барысында мәліметтер көзі болып табылады.
БМБ АЖ-ны тәжірибелі түрде пайдалануға енгізу 2019 жылдың ақпанына жоспарланған, өнеркәсіптік негізде пайдалануға беру 2019 жылдың шілдесіне жоспарланған.
БМБ АЖ қолда бар жүйе функционалын қайта өңдеу және жетілдіру үшін және құзырлы операторлармен ақпараттық өзара әрекеттесу тізімін кеңейту үшін құрылады.
Кіріктірілген дерекқор базасы салық салумен байланысты мәліметтерді сақтау үшін бірыңғай ақпараттық мәліметтер базасының өзектілігін қолдайтын болады, салық төлеушілер мәліметінің, салық салынатын нысандардың, есептелген және төленген салықтарды, міндетті зейнетақы және кәсіби жарналардың, әлеуметтік төлемдердің, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарының өзектілігі мен қайшылықсыздығын қамтитын болады.
Blockchain технологиясын ҚҚС әкімшілендіру үшін қолдану жоспарлануда. ҚҚС бақылау шотын енгізу аясында аталмыш технологияны пайдалануда екінші деңгейлі банктермен келісімге қол жеткізілген, одан басқа ҚҚС бақылау шотын енгізу бойынша бизнес-процестер әзірленген.
Қазіргі таңда жүйенің прототипі дайын, пилот және банк қатысушылары тестік сынақтан өтуге дайын. Банктің қатысуымен жұмыс тобы құрылды. Желтоқсанда Blockchain технологиясымен ҚҚС-бақылау шотын енгізу бойынша пилотты іске қосу жоспарлануда.
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Blockchain технологиясы бойынша ҚҚС әкімшілендіру» ақпараттық жүйесі ерікті негізде ҚҚС төлеушілері үшін іске қосуға дайын.

- Импортпен байланысты ҚҚС бойынша шегерулер автоматты түрде тексеріле ме? МКК импортталатын және экспортталатын барлық тауарлардың құны туралы кеден қызметінен ақпарат ала ма? Құжат түрінде тауарлар қалай бақыланады?

- Импорт бойынша ҚҚС шегерулерін тексеру ҚР Салық кодексінің 94-96 баптарымен белгіленген камералық бақылау аясында жүргізіледі. Камералық бақылау ішінара жартылай автоматтандырылған режимде жүргізіледі.
Тауарды экспортқа немесе импортқа шығаратын сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары кеденге декларация тапсырады, декларацияда өткізілетін тауарлар туралы мәлімет, олардың кедендік құны көрсетіледі.
Салық кодексінің 422 бабына сәйкес салық салынатын айналым және салық салынатын импорт көлеміне (ҚҚС) қолданылатын мөлшерлеме 12% құрайды. ҚҚС тауарларды импорттаған кезде «Астана-1» ( «Астана-1» АЖ) ақпараттық жүйесінде автоматты түрде алынады.
Көпқызметті кешенді «Астана-1» АЖ тәжірибе жүзінде 2018 жылдың 1 сәуірінен бастап тауарларды электронды мағлұмдау үшін барлық кедендік процедуралар бойынша енгізілген. Оның негізгі басымдығы - 100%-дық электронды мағлұмдау базасында бірыңғай технологиялық платформаға жеті бөлек-бөлек ақпараттық жүйені біріктіру секілді кедендік рәсімдерді автоматтандыру, тауарлар декларациясын автоматты түрде шығару, бірыңғай жеке шот, алдын-ала ақпараттандыру құжатын транзиттік декларацияға автотрансформациялау және операциялар қашықтығы – сыртқы экономикалық қызмет және кеден қатысушылары үшін онлайн-режимде тауарды шығару туралы автохабардар ету, тіркеу, сақтау және құру.
Автоматтандырылған кедендік әкімшілендіру барысында электронды құжат пайдаланылады, ал бақылау нәтижесі ақпараттық жүйеде тіркеледі.
«Астана-1» АЖ арқылы электронды мағлұмдауды енгізе отырып, тауарларды кедендік тазалау уақыты азайтылды, сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының қаржылай шығындары төмендетілді, нәтижесінде олар мен кеденшілер арасындағы тікелей байланыс азаяды, сыбайлас жемқорлық деңгейі төмендетілді.
Тауардың жөнелтпе құжаттары жеке кабинет арқылы электронды форматта орналастырылады. Сондықтан тауарға декларацияны кез келген уақытта беруге болады. Ақпараттық жүйе тауардың барлық құжаттарын бақылайды.
Сондай-ақ, мемкіріс комитеті шетелдік мемлекеттердің кедендік қызметімен шекара арқылы өткізілетін тауарлар және көлік құралдары туралы алдын-ала ақпарат алмасу туралы келіседі. Қол қойылған хаттамалар аясында транзиттік, экспорттық және импорттық кедендік декларация бойынша жүйелі және автоматты түрде электронды ақпарат алмасу жүргізіледі.
Алдын-ала ақпаратты қолдану кеден қызметінің жоғары даму көрсеткіші болып саналады.
Қазіргі таңда мемкіріс комитеті Белорусиямен, Өзбекстанмен, Әзірбайжанмен, Грузиямен ақпарат алмасу туралы хаттамаларға қол қойды, енді Түркиямен, Иранмен, Украина және Түркіменстанмен қол қою әзірленуде.
Құжаттарды беру және оларды кеден органдарының тексеруі есебінен уақытынан бұрын, шекарадан өтпей тұрып, уақыттан ұтады, кешіктірулер қысқарады. Бұл тасымалдаушыларға тиімді, тіпті сыртқы сауда қарым-қатынасы қатысушыларының барлығына да тиімді.

- Қазақстандықтардың салық қызметкерлерімен сот дауларының саны қысқарды ма? Әлде өсіп жатыр ма? Бизнестің пайдасына қанша сот шешімі шығарылды?

- 2016 жылы жалпы талап-арыз саны 3339 азаматтық істі құрады: мемкірісоргандарының пайдасына – 2112 азаматтық іс (63%), салық төлеушілер мен СЭҚ қатысушылары пайдасына – 858 (25%) іс қарастырылған және қаралу кезеңінде 369 (11%) іс жатыр. 2017 жылы – 5708 азаматтық іс: сәйкесінше, 4809 (84%) іс, 664 (11%) іс және 235 (4%) іс. 2018 жылдың 9 айында – 13 651 азаматтық іс: сәйкесінше, 4877 (35%) іс, 771 (5%) іс және 8023 (58%) іс

- Сұхбатыңызға рақмет!


Жаңалықтармен бөлісу: