Үміт Шаяхметова: Жаңа ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы тұрғын үйдің құнына әсер етеді

Үміт Шаяхметова: Жаңа ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы тұрғын үйдің құнына әсер етеді
Алматы. 26 наурыз. ҚазТАГ - Сергей Зелепухин. Екінші деңгейлі банктерге (ЕДБ) өткен жылы 3 триллионнан астам сомаға мемлекеттік қолдау көрсеткеннен кейін банк секторындағы ахуал тұрақтанды. Дегенмен, экономиканы несиелендірудің өсу қарқыны бұрынғысынша онша көңілді кеншітпейді.
Банктерді кең ауқымды мемлекеттік қолдаудың рөлі туралы, банк секторының нақтылығын арттыру бойынша мемлекеттік бағдарламаның шарттарына сай келмейтіндермен не болмақ, және банктердің экономиканы несиелендіру көлемін едәуір арттыру үшін жаңа драйверлер не бола алатыны туралы біз «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Басқарма төрайымы Үміт Шаяхметовадан айтып беруін сұрадық.


- Үміт Болатханқызы, банк секторындағы ахуалды қалай бағалайсыз?

-Өткен жылмен салыстырғанда жақсы. Саладағы оң өзгерістер болды. Атап айтқанда, мемлекет банктерді жетілдіру шараларын қабылдады, БТА Банкі банк жүйесінен алынып тасталды, ал тұтастай алғанда сектордағы NPL деңгейі (жұмыс істемейтін қарыздар - ҚазТАГ) төмендеді.
Осы жылы мен банктердің несие портфелінің өсуін күтудемін, өйткені сектордағы өтімділік жоғары деңгейде қалып отыр, долларсыздандыру үрдісі жалғасып, валюта бағамы тұрақтанды. Яғни, қазір бізге көптеген объективті оң үрдістер туралы айтуға болады.

- Өткен жылы банк секторын мемлекеттік қолдау қаншалықты уақытылы болды? Бәлкім, 8 жыл бұрын «жаман» несие бойынша проблемалар ауқымы және капиталдың әлеуетті жетіспеушілігі байқалған кезде жасау керек пе еді?

- Мүмкін, мемлекеттік қолдау (Ұлттық Банктің банк секторының қаржылық тұрақтылығын жақсарту бағдарламасына сәйкес - ҚазТАГ), кешіккен шара болды және кейбір шешімдер бұрынғыдан да ертерек қабылдануы керек еді - 2009 дағдарысынан кейін дереу. Мүмкін, лицензияны жою сияқты қатаң шаралар қолдану қажет пе еді. Бірақ болған іс – болды.
Сондықтан тұтастай алғанда өткен жылы банктерге көрсетілетін мемлекеттік қолдауды оң бағалаймын. Дегенмен реттеуші органның саяси ерік-жігері, ерлігі, кәсібилігі және сауаттылығы байқалды, өйткені банк секторын жетілдіру бойынша бұрын-соңды болмаған бағдарлама қабылданды.

- Банк жүйесіне осындай кең ауқымды мемлекеттік көмек көрсеткеннен кейін банктер «зомби» күйінен шығатын болады, яғни экономиканы кредиттеуді белсенді түрде бастайды деп күтуге болады ...

- Кейбір банктер қазірдің өзінде «зомби» күйінен шықты. Ең алдымен бұл Казкоммерцбанк. Банктердің басқа бөлігінде бұл процесс біршама ұзағырақ болады. Бірақ тұтастай алғанда банк секторын сауықтыру қазірдің өзінде жүріп жатыр және жалғасуы тиіс.

- Қаржылық тұрақтылықты жақсарту үшін реттеуші бағдарламасына қатысатын, бірақ олардың жағдайын орындай алмайтын банктерді не күтіп тұр?

- Мемлекетке қайтару. Ақырында, банктер Ұлттық Банк сатып алатын субординацияланған облигациялар шығарып, осы қорлар реттеушінің ЕДБ ноталарын сатып алды. Қазіргі уақытта субординацияланған борыш бағдарламаға қатысқан екінші деңгейлі банктердің капиталында «ілулі» болып отыр. Ол осы реттелген борышты Ұлттық Банкке уақытында қайтармайтын банктердің акцияларына айналады.

- Ақшалай саясат туралы әңгімелесейікші. Ұлттық Банк наурыздың басында базалық ставканы 9,5% -ға төмендетуді жалғастыруда. Реттеуші органның ақша-кредит саясатының жұмсаруы ҚҰБ ноттарына ЕДБ инвестицияларының тартымдылығын төмендетуге қалай әсер етті? Немесе бұл бағалы қағаздар, әсіресе сапалы инвестициялық жобалардың тапшылығы жағдайында, банктерге қызықты ма?

- Ұлттық Банктің ноттары банктер үшін өте тартымды инвестициялық құрал болып қала береді, өйткені қазіргі уақытта банк секторында үлкен өтімділікті орналастырудың орны жоқ. Содан кейін бұл қағаздар табыс алуға мүмкіндік береді. Реттеушінің ноттары арқылы қалыптасатын кірістілік - қазір ол 9% -дан төмендеді - бұл, дегенмен, 0 немесе 5% қарағанда жақсы.
Бірақ базалық мөлшерлеме төмендеген сайын, жағдай банктердің Ұлттық Банктің ноттарына инвестиция салуға емес, несиелендіруді бастау пайда әкелетіндіктен дамиды. Егер жақсы қарыз алушы бар болса, банктердің 9% -дық кірістілігі бар бағалы қағаздарға салынған инвестициядан гөрі 12%-дық несие беруі тиімді. Сондықтан банктердің несиелендіруге ынталандыруы бар.

- Бұл жағдайда банктердегі кредиттеудің айтарлықтай өсуі күтілуде ме? Немесе бұл Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатының одан әрі жұмсалуын қажет етеді ме?

- Өткен жылдың екінші жартысының қорытындысы бойынша біз банктердің несие портфелінің артуын көрдік. Биылғы жылдың басында болған құлдырау маусымдық болып табылады, себебі бонус қаңтарда төленеді, әсіресе бөлшек несиелер бойынша қарыздарды белсенді түрде төлейді, бюджеттік бағдарламалар жабылады, келісім-шарттар бұзылып, келісім-шарттар жаңартылуда. Содан кейін бірінші тоқсанда мерекелік күндер көп. Сондықтан әрбір жаңа жылдың алғашқы үш айында дәстүрлі түрде несие берудің төмендеуі байқалады. Бірақ екінші тоқсаннан бастап, менің ойымша, несие өсуінің қалпына келуін күтудемін, әрине, егер бар оң макроэкономикалық жағдай олардың қазіргі деңгейінде қалып отырса.
Бұл, басқалармен қатар, мұнай бағасына да қатысты. Егер олар кем дегенде төмендейтін болса, несиелендіру, әрине, оң үрдіс болады.

- Сіз Ұлттық банктің оң қарқыны жалғасқан жағдайда базалық мөлшерлеме ары қарай да төмендейді деп күтесіз бе?

- Иә. Және егер ресейлік Орталық банк әрекетіне қарайтын болсақ, онда оның да монетарлы саясатын жұмсартуды жалғастырып жатқанын көруге болады. Біздің болжам бойынша Ұлттық банк осы жылдың аяғында базалық мөлшерлемені 9% дейін түсіруі мүмкін.

- Мемлекет басшысы «7-20-25» жаңа ипотекалық бағдарламасының қажеттігі туралы мәлімдеді. Сіз қалай ойлайсыз, оның жүзеге асырылуы ипотека нарығындағы жағымсыз жағдайды түбегейлі өзгертуге қауқарлы ма?

- Барлығы осы бағдарлама аясында бөлінетін қаржыландыру көлеміне, және оның қалай орындалатынына байланысты болмақ. Бәрімізге белгілі, қиындықтары оның тетіктерінде жатыр. Және бізге әзірге бұл бағдарламаның жүзеге асырылу механизмдері мен тетіктері белгісіз.
Егер ақшаны игеру механизмін жеңіл, қарапайым және бәріне түсінікті етсе, онда бұл бағдарламаны жүзеге асыру ипотека нарығындағы жағдайдың жақсы жағына қарай өзгеруіне барынша оң әсер етеді.

- Сізге осы бағдарламаны жүзеге асыруға бөлінетін қаржы көлемі туралы бірдеме белгілі ме?

- Жоқ, ресми дерек көздерінен маған әзірге ештеме белгісіз.

- Ал сіз қалай ойлайсыз, жаңа ипотекалық бағдарлама шыққаннан кейін тұрғын үй нарығында жаңа бағалар толқынын күтуге бола ма?

- Әрине, оны жүзеге асыру баспана бағасына әсер етеді. Бастысы оның бағаларының алып-сатарлардың әсерінен өсіп кетуіне әкеліп соқпауы. Және осы нюанстар өте маңызды. Сондықтан бұл бағдарламамен байланысты көптеген мәселелер мен сәттер бар, тұрғын үйдің бастапқы және екінші нарығымен: азаматтардың қай санаты жеңілдік ипотекасын ала алады, бұл тек әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылғандар ма, әлде барлық азамат ала ала ма, бір займшының төлейтін сомасының төменгі және ең жоғары мәні және т.б.
Яғни осы бағдарламаны жүзеге асыруды бастағаннан кейін жалпы жылжымайтын мүлік нарығына әсер ететін және ішінара- тұрғын үй бағасына әсер етуі мүмкін көптеген жайттар бар.

- Демек, бұл бағдарлама тұрғын үй бағаларын қазіргі тұрған деңгейінен көтеруге қабілетті құрал болуы мүмкін бе?

- Мүмкін. Және жалпы жаңа ипотекалық бағдарлама тұрғын үй құнына ықпал етеді, бірақ ол әсердің көлемі мен жоғарыда атап өткен жайттарға байланысты.

- «Халық банкінің» жаңа ипотекалық бағдарлама бойынша қандай ұсыныстары бар?

- Біздің ұсыныстарымыз қарапайым – аталмыш бағдарлама бойынша бөлінген қаржыны банк секторында 3% орналастыру. Осы ретте, банк маржасы 4% құрайды. Нәтижесінде заемшыға бұл қаржы 7%-пен беріледі.
Сондай-ақ, аталмыш бағдарламаға қандай банктер қатыса алатынын анықтау керек. Сөзсіз, олар төлем қабілеті жоғары ЕДБ болуы шарт. Сонда ғана бағдарламаны жүзеге асыруға жылдам кірісуге болады.
Біріншіден, мемлекет үшін бұл өте арзан болады, себебі тағы бір заңды тұлғаны жасақтау (бағдарламаны жүзеге асыру үшін Ұлттық банк жеке компанияны құрмақшы – ҚазТАГ), ол жаққа адам қабылдау, олардың қызметіне мониторинг жүргізу керек болмай қалады.
Екіншіден, бұл қаржы қайта қайтарылатын болады, себебі банктер осы міндетті өздерінің мойнына алады. Ал, үшіншіден, маңызды жағдай – бұл қаржы табыс алып келетін болады: мемлекет маржасының минималды 3% – бұл қайтарылмайтын субсидиялар емес.
Бүгінде бағдарламаны жүзеге асыру үшін қандай механизм таңдалып алатынын күту ғана қалды.

- Менің түсінгенім бойынша, Сіздің ұсынысыңыз реттеушінің ұсынысынан өзгеше, ол мехенизм ретінде арнайы компанияның көмегімен ипотекалық облигацияларды сатып алуды жоспарлап отыр емес пе?

- Ия, ұсынысымыз түбегейлі басқаша.

  - Демек, Сіз Ұлттық банк ұсынып отырған бағдарламаны жүзеге асыру бойынша механизмге қарсы шығып отырсыз ба?

- Әзірге бұл механизм қандай болатыны анық емес және де түсініксіз, сондықтан да мен оны қолдаймын я болмаса қарсымын деп нақты айта алмаймын.
Алайда біз оны түсінеміз және тәжірибеміз бар – бұл қорландыру механизмі. Реттеуші де жеңіл және қарапайым механизм ұсынуы мүмкін. Уақыт көрсетеді.

- Осыдан бір жыл бұрын Сіз 2017 жыл банк секторы үшін нығаю жылы болады деп болжам жасадыңыз. Және де солай болды. Ал, осы жыл банк жүйесі үшін қалай өтеді?

- Біріншіден, мен ағымдағы жылы банктер проблемалы несиелерден тазарудан өтеді деп ойлаймын: банктер қор жинап, жұмыс істемейтін займдарды есептен шығарып тастайтын болар.
Екіншіден, біз несие беру мен жалпы банк жүйесінің өсімін көретін боламыз.

- Базалық үстемақыны одан ары төмендету мен Ұлттық банкт3ң жаңа ипотекалық бағдарламасы несие беру өсімінің жаңа драйвері болады деп күтуге бола ма?

- Ия. Қайталап айтамын, жүйеде өтімділік көп, доллардан бас тарту жалғасуда, ал тұтынушылар жаңа несие өнімдеріне қызығушылық көптеп танытуда. Сондықтан да мен осы жыл банктер үшін табысты болады дегенге сенемін.

- Сұхбатыңызға рахмет.

adimage