Мурат Абдушкуров: Мемлекет ардагерлерге деген өзінің қөзқарасын өзгертуі керек

Алматы. 19 қыркүйек. ҚазТАГ – Мадина Алимханова. Қазақстан ардагерлерді әлеуметтік қорғау туралы халықаралық конвенцияны ратификациялады. Көптеген заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізді, алайда оның барлығы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, интернационалист жауынгерлердің, чернобылдықтардың жағдайын нашарлатып отыр деген сенімде Ауған соғысы мен өзге де әскери қақтығыстардың ардагерлері мен мүгедектерін үлестіру кеңесінің төрағасы Мурат Абдушкуров.

- Мурат Мухтарович, 15 ақпанда Кеңес одағының Ауғанстаннан әскерін қайтарып алғанына 30 жыл толады, жалпы әскерді сол елге кіргізудің қандай да бір мағынасы болды ма?

  - Егер Кеңес одағы оған кірмесе онда оған америкалық әскер кіретін еді, сол кезде біздің отанымыздың шекарасы нысанада болар еді. Яғни, бәз біреулерге біздің идеологиямыздың дамымағаны, бізге есірткінің келгені, гейклубтардың ашылғаны, жастарымыздың өзіндік идеясының болмағаны керек. Кез келген соғыс, кез келген идеяның таралуы бзр біреуге керек. Мүмкін есірткі біздің ортаазиялық елдерге Ресейге, Еуропаға барғанын қалайтындар бар шығар, сол сияқты экстремистік, террористік идеялар қандай да бір мемлекетті қысыммен ұстау үшін керек. Осының барлығы қаржы. Кез келген соғыс бірінші кезекте ресурс үшін, адамдардың ақылы үшін күрес. Сондықтан да сол кезде біз елімізді осылайша қорғадық.
Кеңестік әскер Ауғаныстанда болғанда біз есірткі, экстремизм, терроризм сынды проблемалар туралы білмедік. Біздің әскер өздерінің алдына қойылған міндетті орындады. Біздің алдымызда Ауғаныстанды жаулап алу туралы міндет қойылмады, біз ол жерге көмектесу үшін бардық. Кеңес одағы ол кезде үлкен көмек көрсетті, электр станциялары салынды, Кабулда кеңестік мамандар салған үлкен шағын аудандар, мектептер бар, үлкен көлемде медициналық дәрі дәрмектер бөлінді. Бүгінде ауғандықтар үлкен алғыспен еске алады. Олар бізге қандай адамдар келгенін түсінбедік деп айтуда. Бүгінде олар біздің кіргенімізді қалайтын шығар, алайда енді кеш.

- Қанша қазақстандық бұл соғысқа қатысты және олардың қаншасы мерейтойлы датаға жете алды?

- Нақты санды қазір ешкім бере алмайды. 22 296 қазақстандық ауған соғысынан өтті, 928 қайтыс болды. Мыңдаған адамдар мүгедек болып қайтты. Қазақстанда бүгінде 17 мыңға жуық ауған соғысының ардагерлері өмір сүреуде, бірақ бізде өзгеде жергілікті соғыстар бар
- Вьетнам, Куба. Кеңес одағы әлемнің 22 елінде өз әскерін ұстады. Сондықтанда Қазақстан бойынша жергіліктілермен бірге 22-23 мыңға жуық. Нақты есеп жоқ. Төлем орталықтары арқылы (білуге болады - ҚазТАГ), алайда оның өзі тек тіркелгендер және 14 мың теңге өтемақыны алушылар ғана.

- Өтемақыдан басқа оларға қандай жеңілдіктер беріледі?

- Біздің проблемаларымыз өте көп. Бүгінде жұмыс істеп отырған №2247 заң моральдық тұрғыда ескіріп кетті. Онда атап көрсетілген баптар өзінің қажеттілігін жойды. Онда ардагерлердің тегін баняда шомылуы және 3 текше метр орманның бөлінуі туралы бап бар. Қалалық жағдайда олар бүгін не үшін керек? Ал қабылданып отырған заңдар көбіне бір біріне қарама-қайшы болып келеді. Қазақстан ратфикациялаған, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оларға теңестірілгендердің әлеуметтік құқығын сақтау және кепілдендіру туралы халықаралық келісім бар. Онда осы құжатқа қол қою барысында Қазақстан өзінде бар ардагерлердің жағдайын төмендетпейді деп жазылған. Ал бізде қабылданып отырған әр заң арагерлердің жағдайын нашарлатып келеді.

- Нақты не нашарлады?

-Мысалы, тұрғын үй қатынастары туралы заңға енгізілген өзгерістерді алайық. Біз бірінші кезекте баспана алу құқығына ие болып келдік. Жаңа заң ардагерлер санатын алып тастады және әлеуметтік аз қамтамасыз етілгендер санатын қосты. Ардагерлер бұл санатта болмауы керек, олар өз елінің құрметті азаматтары санатында болуы тиіс, олар өз елі үшін өмірін қиюға дайын болған азаматтар емес пе. Мемлекет өзін өзі осы жағдайға қойды, ол соғыс ардагерлерін әлеуметтік аз қамтамасыз етілгендердің санатына қойып отыр. Олай болмау керек. Бұл үкімет туралы айтып отыр, бүгінде ардагердің алатын қаржысы 70 мың теңгеден асса ол әлеуметтік аз қамтамасыз етілгендер санатына жатпайды және ол кезекке тұрғызылмайды.
Екіншіден, автокөлік. Бізде бұрын осындай жеңілдік болатын - ардагер өзіне тиесілі көліктердің біріне салық төлемейтін. Ал, қазір қозғалтқыш көлемі 4 текше метрден кем болса салық төлемейміз, ал асып кетсе салық төлейміз. Сондықтанда менің ойымша біздің үкімет заң қабылдамас бұрын өзгеде заңдарды зерттеп, зерделеп шығуға міндетті, барлық қабылданып жатқан заңдар бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізіп, халықаралық келісімдермен танысқан жөн. Сол кезде осындай түсінбестік болмайды.
Егер шенеуніктен талап етілсе ол №2247 жарлықты қолданып, баспана беруі мүакін, олай болмаған жағдайда ол жаңа заңды алға тартып пәтер бөлмей қояды. Бұл жерде тағыда жемқорлық бар. Сондықтан да біз осындай мәселелерді көтереміз, алайда көбіне бізді тыңдай бермейді.
Жақында ғана ардагерлердің госпиталі туралы мәселені көтердік, осы ретте сіздердің агенттіктеріңіз ҚазТАГ бізге үлкен қолдау көрсетті, ол үшін сіздерге алғысымыз зор. Соғыс ардагерлерінің госпиталі – негізгі мәселелердің бірі, себебі бүгінге ең жас ауған соғысы ардагерінің өзі 49 жаста, олардың жас кезінде алған жарақаттары бүгінде өздері туралы еске салуда. Біз билікпен бірлесіп, құрылымды жұмыс істеуді қолдаймыз, алайда билікке қай жерде дұрыс жасамай жатқанын көрсету керек. Біз билікке ардагерлердің, қоғамның және халықтың проблемалары бар екенін көрсеткіміз келеді.

-Осы қалыптасқан жағдайды заң деңгейінде өзгерту үшін қандайда бір шаралар қолға алынуда ма?

-Бүгінде парламентте соғыс ардагерлеріне қатысты заң жобасы бойынша жұмыс істейтін жұмыс тобы бар. Жақын арада заң қабылданып, онда ардагерлердің құқығы нақты жазылып көрсетіледі деген ойдамыз. Менің ойымша бұл саяси мәселе және мемлекет осы заңмен өскелең ұрпақты тәрбиелейтін болады. Егер туған елінің бұйрығымен өз өмірін берген ардагерлер еліне мүгедек болып қайтып, ол аздай өз елінде ешкімге керек еместін күнін кешіп жатса, ертең сол ел үшін кім соғысқа барады? Сондықтан да үкімет пен қоғамның осындай адамдарға қарым-қатынасы өзгеше болуы керек.

- Бұл қалай көрінуі керек?

- Мысалы, Америкада вьетнам соғысының ардагері кафеге кіретін болса, оның қожайыны: «Бізге кафеге осындай соғыстың ардагері кірді» деп дауыстап айтады. Сол кезде кафеде отырғандардың барлығы орнынан тұрып, қол шапалақтайды. Театрлар мен кинотеатрларда олар үшін арнайы алдын ала белгіленіп қойған арнайы орындар бар. Олардың ардагерлер ісі бойынша бюджеті біздің елдің бюджетінен екі есе жоғары. Ардагерлерге деген қарым қатынас ол жақты бөлек.
Тіпті, Қырғызстанды алайықшы, біз олар туралы кедей мемлекет деп айтамыз, алайда оларда мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы 80$ құрап отыр, бізде 35-37$. Олар жылына бір рет ТМД-ның кез келген еліне кез келген көлік түрімен тегін баруға құқылы, бізде ондай жоқ. Беларусияның 9 млн халқына арналған 7 мамандандырылған госпиталь жұмыс істейді және оның ең кішкентайы 240 орынға есептелген. Ал бізде 18 млн халыққа 2 госпиталь бар және оның бірі 90 орынға, екіншісі 60 орынға есептелген. Осы ретте, олар семей полигоны маңында өмір сүретіндер, ардагерлер мен чернобылдықтар, ерекше тәуекелі бар жауынгерлер үшін бірдей арналған. Бұл дегеніңіз 840 мың адам.

-Қандай заңдарға ардагерлердің жағдайын жақсарту үшін өзгертулер енгізу керек?

- Әрине, үкімет заңды жасақтамай жатып барлық бірге жүретін заңдарды зерттеп алу керек. Дәл қазір қанша заңға және заң астындағы актілерге өзгерту енгізуі керек екені туралы нақты алмаймын, негізгілері – тұрғын үй қатынастары туралы заң, Салық кодексі, ұлттық денсаулығы туралы заңнама. Депуттарда, министрліктерде заңгерлердің арнайы штаты бар, міне осылар соның барлығын зерттеуі керек. Қалайша адамдардың нақты бір санатын ұмытып кетуге болады, оның үстіне олар жай адамдар емес. Олай болмайды ғой. Бұл адамдардың қарым қатынасы, тіпті сол заңгерлердің біліктілігі туралы айтып отыр.

- Ардагерлерге деген немқұрайлы көзқарас қоғамға қандай зиянын тигізуде, әлде бұл тек сол соғыс ардагерлерінің немесе соларға теңестірілген тұлғаларға ғана қатысты ма?

-Біз дені сау қоғамды қалыптастыруымыз керек және оны бүгіннен бастаған жөн. Алайда, 10-15 жылдан кейін сол экономиканы кімге береміз? Біз оны осы ел үшін жанын қиюға дайын болатын адамдарға беруіміз керек. Біз оны балаларымыздың бойына сіңіруіміз керек. Теодор Рузвельт айтып кеткнедей: «сенің өз елің үшін өміріңді қиюға дайын болғанны маңызды, алайда сол елің үшін өмір сүруге дайын болуың оданда маңызды». Ал біздің бүгінгі жастардың санасын материалдық артықшылықтар билеп алған, рухани байлық мүлдем жоқ. Бұрын автобусқа қарт адам мінгенде оған орын беру үшін жарты автобус орнынан тұратын, а бүгінде бәрі ұйықтап жатқандай кейіп танытады немесе терезеге қарап отырып алады.
Бұл қоғамның осылдылығының көрінісі. Бұл ретте кешенді әдіс керек, бірінші кезекті жұмысты билік жүргізуге тиісті, және ол маңызды болуы шарт және ол осы мәселелердің барлығын көтеруі тиіс. Ал, біздер мемлекеттік емес ұйымдар, қоғам, өз отбасымызда, мектептерде, балабақшаларда осы жұмыстарды насихаттауымыз керек. Бізде тіпті орта шендегі шенеуніктің өзі қызметке өзінің материалдық жағдайын жақсарту үшін келеді. Бүгінде жастар тек өзінің құқығын біледі, ал қоршған орта, айналасындағы адамдар, қоғам, мемлекет алдындағы міндетін білмейді. Мемлекетте өзінің ардагерлері үшін жауапты екенін, үкімет оларды ұмыптауы керек екенін, осындай санаттағы адамдардын барын, оларды ұмытпау керек екенін білуі тиіс.

- Сұхбатыңызға рахмет!

adimage