Петр Своик: Қазақстан – бұл сыртқа шығару үшін шикізат өндіретін аумақ

Алматы. 9 қазан. ҚазТАГ – Толқын Тәшімов. Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің мәліметіне сәйкес 2018 жылдың қаңтар-шілдесінде республиканың сыртқы тауарайналымы 20% өсті және 43 251,8 млн доллардан 51 944,4 млн долларға дейін артты. Тәуелсіз Елдер Достығының мемлекеттерінде бұл көрсеткіш 10,6% өсті, 12 296,8 млн доллардан 13 604,8 млн долларға дейін артты, өзге елдерде – 23,9%, 30 955 млн доллардан 38 339,6 млн доллара дейін өсті, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері бойынша өсім – 10% құрап, 9803,8 млн доллардан 10 783,5 млн долларға дейін артты.
Осы ретте, Қазақстан Ресейге 2018 жылдың қаңтар-шілдесінде 15,2% көп экспорттады – 2653,5 млн доллардан 3057 млн долларға дейін, Ресейден 7,2% көп экспорттады – 6400 млн доллардан 6858,9 млн долларға дейін.
ЕАЭО бойынша негізгі сауда серіктесімізбен экспорт және импорт бойынша тепе теңдіктің болмауы алаңдатады. Осы сұрақтарды Қазақ телеграф агенттігінің экономикалық шолушысы Толқын Тәшімова «Азат» жалпыұлттық әлеуметтік-демократиялық партия президиумының мүшесі, саясаткер және экономист Петр Своикке қойды.

- Қашан және қандай жағдайда Ресеймен сауда саттық бойынша тепе –теңдік бұзылды?

- Бұлар бүгін пайда болған жоқ, олардың тарихи мәні бар және ол қазақстандық экономиканың ресейлік экономикадан құрылымдық тұрғыда артта қалғанын көрсетеді.
Қазақстан Ресейге көбіне шикізат экспорттайды. Ресейлік экономиканың құрылымы шикізаттық болғанымен дайын өнімді экспорттау басым. Сондықтанда Қазақстан емес Ресей елімізді дайын тауармен қамтамасыз етуде.
Нақты тарихи аспектіге келіп тоқталатын болсақ, қазақстандық-ресейлік сауда қарым-қатынасы КСРО кезінде байланыс кооперациясы негізінде қалыптасып үлгерген. Ол кезде екі қазақстандық мұнай өңдеу зауытының – Павлодар мен Шымкент – өзіндік ресурстық базасы болмады – сондықтанда Ресейден Түрменстанға апаратын мұнайқұбырымен (Омбы-Павлодар-Шымкент-Чарджоу) қамтамасыз етілді. Бұл жағдай бүгінде де сақталып отыр, алайда ресейлік мұнайдың аталған екі зауытқа жеткізілімі своп операцялар арқылы жүзеге асырылып отыр. Яғни, зауытта өңделіп жатқан мұнай көлемі Қазақстанмен Ресейге өзге жолдармен, еліміздің батысындағы мұнай құбырларының жеткізілімдер көлемімен толықтырылуда. Сіздер келтіріп отырған арлық сауда статистикасы сол кезде қалыптасқан.

- Ал сосын??

- Ал сосын кооперацияны егемендік алу жайлап ығыстыра бастады. Мәселен, Қазақстанның екібастұздық көмірі ресейлік электрстанцияларына жеткізілетін, дәлірек айтқандай Троицк ГРЭС (Челябі облысы) тасымалданатын. Алайда соңғы жылдары ресейліктер отандық көмірге көбірек басымдық беруде.
Тағы бір мысал. КСРО кезінде Ресейлік Омбы Екібастұздан электр жарығын алатын, бұл арзан, әрі жақын болды. Кейінірек ресейліктер бұл тәуелділіктен арылу үшін өте қымбат және ұтымды ЭЖЖ-500 салды. Атом-энергетикалық кешенді алайық – ол арнайы КСРО бойынша жайылған болатын. Сонымен уран Қазақстанда өндірілетін, кейін Ресейге байыту үшін жіберілетін, сосын Қазақстандағы Үлбі металлургиялық зауытына қайтаратын, ол жерде одан жанармай таблеткалары жасалатын. Енді ресейліктер өзіндік таблеткалық өндірісті іске қосты, сондықтан бүгінде біздің зауыт шикзаттың жоқтығынан жұмыссыз қалып отыр.
  
- Алайда қазақстандық шенеуніктер ЕАЭО жарнамалаудан жалығар емес. Соның арқасында еліміздің сауда айналымы артуда, қазақстандық кәсіпкерлер өз өнімдерін өткізуге боларлық үлкен нарыққа қол жеткізді деп отыр.

- Ия, мұндай мәлімдемелерді жиі естиміз. Алайда нақты фактілерге жүгінейікші. Тауар айналымының өсімін Кедендік одақ және ЕАЭО пен байланыстыруға болмайды. Егер статистикаға жүгінетін болсақ осыдан 10 жыл бұрынғы тауар айналымымыздың құрылымы осындай болғанын көреміз. Яғни, Қазақстан мен Ресей арасында өзара сауда бойынша соншалықты түбегейлі өзгерістер жоқ, Кедендік одақ немесе ЕАЭО бұл сауда байланыстарының құрылымының өзгеруіне еш әсерін тигізбеді.

- Петр Владимирович, Сіз соншалықты сенімдісіз бе?

- Тіпті бұл одақтар экономикамызда экономикалық құрылымы болмағандықтан әсер етпеді дегім келеді. Еуразиялық интеграция жобасы шын мәнінде саяси жоба. Және саяси тұрғыда әлемде ол шу шығарды. Майдан, Крым, тіпті Донбастағы соғыс, Батыстың Ресейге қарсы санкциялары – осының барлығы Кеден одағы мен ЕАЭО қатысты тікелей әсерлер.

- Қазақстанға интеграциялық бірлестік не берді?

-Қазақстан мен Ресей арасындағы кеденнің жай формалды тұрғыда болмауына мүмкіндік берді. Алайда бұған дейінде не біздің не олардың тарапынан кедергі келтіретін баж салықтары болған емес. Жалғыз өзгерістер, біз Кедендік одаққа кіргеннен кейін кейбір салық түрлерінің көлемін ресейлік деңгейге жеткіздік. Осылайша, кейбір сауда түрлері ЕАЭО қарай ауысты. Атап айтанда Қытаймен сауда зардап шекті, алайда оның өзі де баяғыда ақ бір қалыпқа түсіп үлгерді. Қазақстанда жапон, неміс немесе америкалықтардан гөрі кейбір ресейлік көліктерді сатып алу тиімдірек бола түсті. Бар болғаны осы.

- Сонда ЕАЭО екі аяққа бірдей ақсандай ма?

- Осылайда айтуға болады, кейде соңына дейін жеткізілмеген мүлдем жоқ нәрсеге қарағанда жаман болады. Экономикалық тұрғыда бұл екі бірлестік декларацияланып қана қойды, алайда тараптарға нақты ештеме бермеді. Ортақ валюта саясаты жоқ, жай түрлі валюта қолданып отырған жоқ, сонымен қатар доллар бағамы да әр бөлігінде әр түрлі өзгереді. Сәйкесінше ортақ келісілген несие, инвестициялық саясаты жоқ. Салық жүйесі, электрэнерия мен көлік салаларында тарифті қалыптастыру жүйесі әртүрлі. Осындай жағдайда қандай ортақ экономикалық кеңістік туралы айтуға болады?
Кедендік шекараны алыптастаған тараптар өз нарықтарын енді кедендік емес шаралармен қорғауға мәжбүр. Бұған дейін кеденшілердің құралы болып келгер кедергілерді енді санитарлық дәрігерлер, ауыл шаруашылығы және техникалық бақылау мамандары көтеруде. Ал осы кедергілер өз кезегінде тек өзара түсініспеушіліктерді арттыруда.
Мысалы, ЖЖМ нарығын алайық. Ресейдегі бағаның қалыптасу құрылымы Қазақстаннан мүлдем өзгеше. Ресейде бакка құйылған бензиннің жарты бағасы бюджетке кетеді, ал Қазақстанда бұл шамамен 20%. Сәйкесінше, Ресейдегі ЖЖМ бағасы ашық нарық болғанына қарамастан қымбат.

- Осы жерде шиеленіс қайда?

- Асықпаңыз оған да жетеміз. Ресейлік МӨЗ біздікілерге қарағанда ВИК-тің құрамында жұмыс істейді – вертикальды интеграцияланған компаниялар «ұңғымадан бастап жанармай құятын бекетіне дейін». Осының арқасында олар барлық МӨЗ еуропалық стандартқа сәйкес жаңғыртып, нарық қажеттілігенен артығымен өндіруге қолжеткізді. Осы ретте Қазақстан ен істеді? Ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін ресейлік бензинді сатып алды, сосын өзінің нарығындағы жанармай бағасын ресейлік деңгейге жеткізіп отырды.
Қазақстандық шенеуніктердің айтуынша бүгінде еліміздегі жағдай өзгерді. Қазақстан өзінің МӨЗ жаңғыртып жатыр және де тауардың шамадан тыс көп көлемде жиналмауын болдырмау және инвестициялардың қайтарымының болуын қамтамасыз ету тұрғысында өзінің тауарының ресейлік нарыққа шығарылғанын қажет етіп отыр. Шынымен жағдай солай делік. Ресейліктердің бұл жағдайдағы әрекеті түсінікті: олар өздерінің тауары толып жатқанда қазақстандық тауарды қайтеді? Оның үстіне ресейліктердің пайымынша, қазақстандық жанармай олардың нарығына баға демпингі арқылы шығуы мүмкін. Аталған жағдайда демпингтің таза мемлекеттік үлгісі бар – міне шиеленіс. Осыдан қарап тұрыңыздар біздің бензиннен ресейлік инспекторлар қайдағы жоқ «ішек таяқшасын» тауып алады.

- Егер сіздің логикаңыздан шығатын болсақ, ЕАЭО бүгінгі бытыраңқы және бөлшектелген үлгіде ешқандай пайдасы жоқ.

- Қайталап айтамын, тұрғын үй жағдайыңызды жақсарту үшін үйдегі терезелерді жұлып алып тастап, көршіңізге бару үшін жол жасап қойсаңызда бұл сіздің тұрғын үй жағдайыңызды жақсартпайды. ЕАЭО аясында ортақ нарық қалыптастыру үшін ұлттық ұйымдардың үстінен қарайтын органдар құру керек, алайда барлық елдердегі элиталар бұған кедергі келтіреді және солай жалғаса береді.
Бұл ретте себептер түсінікті және айқын көрініп тұр. Басты екі себеп бар. Біріншісі – ұлттық республикалардағы саяси және бизнес элиталардың өздерінің үстінен біреулердің қарап отырғанын қаламайтындығы. Екіншісі – осындай элиталардың жаһандық метрополитияға отбасылық-тұрмыстық, экономикалық және саяси құрдымға батып қалғандығы. Ұлттық элиталар жекеше және жүйелі тұрғыда батыс экономикасына интеграцияланған, доллар әлеміне, жинақтарын сонда сақтауға, ал мұнда таза экономикалық мүдде шикізат экспорты бар.
Тағы да банк бизнесі бар, ол да жергілікті жерде инфрақұрылымы бар бірақ сырттан қаржыландырылатын жүйе. Осы ретте еуразиялық интеграция Батысқа қайтарылған жауап болғандықтан, ол да (Батыс – ҚазТАГ) оған ұлттық элиталар арқылы барынша қарсылық танытуда.

- Ресеймен және өзге де әлеммен экспорт-импорт құрылымын өзгертетін нақты бір жолдар болуы тиіс қой.

- Бірінші кезекте Ресей мен Қазақстан монетарлық егемендікке қол жеткізуі тиіс. Тек ұлттық несие мен ұлттық инвестициялар экспорттық-шикізаттық векторды индустриалды-инновациялық жолға қарай түзей алады. Біз шикізатты шетелге шығарып жүргенде және дамыту үшін қарызға батып жатқанымызда, яғни екі елдің экономикасы экспортқа қызмет көрсетуде. Сыртқы қаржылық нарыққа тәуелділіктен ресейлік экономика батыстық санкциялардан үлкен зардап шегуде.
Бүгінде Қармет(Қарағанды металлургия зауыты - ҚазТАГ) немен айналысып жатыр деген сұрақты өзімізге қояйықшы. Ол түрлі үлгідегі прокаттар мен парақтарды өндірумен айналысуда, сөйтіп оны Қытайға экспорттауда. Алайда ол бүгінде Еуразия кеңістігіне арналған түрлі металл құрастырмаларын, құбырларды өзі өндіру керек емес пе. Автодәнекерлеу зауыттарын алайық, қостанайлықтар шанақты өздері жинап дәнекерлеуді және бояуды үйренді. Бұл үлкен жетістік. Енді сол шанақтың бөлшектерін өзіміздің отандық зауыттардың шығарып үйренгенін күніне жетсек екен. Сонда олар отандық металлдан жасалатын болады.
Немесе глиноземді алайықшы: оны баяғыда –ақ өңдеп алюминий және одан ЭЖЖ жасайтын кез келді. Әзірге (қазақстандық шикізат компаниясы – ҚазТАГ) ENRC өнімнің оныншы бөлігі үшін ғана электролизді өндірісті бір жолға қойды. Бүгінде біздің аллюминийден Павлодарда көліктерге арналған диск жасалуда, алайда бұл жалғыз тас қана. Біз өзіміздің катодты мыстан электрқозғалтқыштарын және т.б. жасап үйренуіміз керек.
Жалпы, бүгінде Қазақстан өкінішке орай арзандатылған шикізат өндірісі мен шығару аумағы болып отыр.

- Сұхбатыңызға рахмет.

adimage