Сергей Домнин: Қазақстан оған сауда соғыстары әсер ететіндей әлемдік саудадағы маңызды ойыншы емес

Алматы. 24 қыркүйек. ҚазТАГ – Тулкин Ташимов. Теңгенің құбылмалығы, яғни ұлттық валютаның бір доллар үшін 330 теңгеден 382 теңгеге дейін бірден өсуі, содан соң 384теңге деңгейіне дейін төмендеуі Қазақстан тұрғындарын алаңдатпауы мүмкін емес. Бастапқыда билік көне мысырлық Сфинкстер іспетті байсалды, сосын мазасыздана бастайды, тәулік бойы емдеуді бастау үшін дұрыс диагноз қоя алмай дал болады. Ал қалғандары қолдарында қалған аз кем дүниені сақтап қалу үшін теңгенің долларға шаққандағы бағамы қашан барынша түсетінін болжауға тырысуда.
Ұлттық валюта бағамының өзгеру себептерінің бірі әлемдік экономиканың жағдайы: қайда жылжып жатыр, қандай жылдамдықпен, қайда бара жатыр және осының барлығы теңгеге қалай әсер етеді. Қазақстандық экономиканың әлемдік трендтерге тәуелділігі туралы Қазақстанның Тұңғыш Президенті қорының жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Сергей Домнинмен сөйлестік.

- Экономикалық ынтымақтастық және даму (ЭЫДҰ) ағымдағы және келер жылғы экономикалық даму болжамын жоғары дәрежедегі белгісіздік пен сауда қақтығыстарының кесірінен төмендетті. Әлемдік экономика өсімінің төмендеуі қазақстандық экономикадағы жағдайға әсер ете ме? Өзара тікелей байланыс бар ма?

- Тікелей байланыс әлі байқалып отырған жоқ. Қазақстандық экономика өсуді жалғастыруда, бұл өсімге әлемдік нарықтағы бір тауарға сұраныстың артуынан емес, ел ішінде көптен күткен бірнеше ұзақмерзімді мегажобалардың жүзеге асырылу есебінен болып отыр. Бақытымызға немесе өкінішке орай кеңінен етек жаю барысында сауда соғыстары әсер ететіндей біз әлемдік саудада соншалықты маңызды ойыншы емеспіз.
АҚШ мен Қытайдың арасындағы сауда соғысы туралы айтатын болсақ , егер Бейжің америкалық аграрлық өнім жолына кедергілер қоятын болса бұл қазақстандық экспорттаушыларға пайдасын тигізуі мүмкін, себебі олар Қытай нарығына шыққысы келіп отыр. Алайда бұл әсерді бағаламауға болмайды: агроөнімдердің Қытайға экспорты жақын жылдары бірінші кезекте төмен базаның есебінен болады және отандық тауарөндірушілердің қуаттылығына байланысты болады, яғни АҚШ-тан келетін тауардың тарифіне еш қатысы жоқ.

- Көптеген сарапшылар қазақстандық экономикаға әсер ететін негізгі екі себепті атап отыр – әлемдік мұнай бағасы және ресейлік рубльдің құбылмалығы. Мұнай бүгінде қымбаттауда, ал рубль бағамы нығая бастады. Сіздің ойыңызша осылардың есебінен қазақстандық экономикада қандай өзгерістер болады?

- Жоғары мұнай бағасы мемлекеттік тапсырыспен қатар жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) компаненті болатын, тұтыну мен инвестициялармен қатар сауда балансының жоғары табыстылығын, экспорттың артуын қамтамасыз етеді. Ал рубль бағамы ЖІӨ емес, теңге бағамына әсер ететін фактор.
Сөзсіз, мұнайдың жоғары бағасы ҚР экономикасын нығайтатын болады. Осының нәтижесінде өткен жылмен салыстырғанда осы жылы сауда балансының сальдосы артуда, ҚР Ұлттық қорының активтері тұрақтанды, бюджеттің табыстылығы артуда: қаңтар-шілденің қорытындысы бойынша мұнайдың экспорттық баж салығы есебінен бюджет түсімі 25%, және дәл қазір қазынаға барлық түсімдер 8% артты.
Өз кезегінде ресеййлік рубль соңғы екі аптада нығайды, алайда жыл басынан бері ол орташа есеппен 20%, теңге – 14% әлсіреді. Бүгінде рубльдің әлсіреді автоматты түрде теңге бағамының өзгеруіне алып келіп отыр, нәтижесінде импорт қымбаттауда және бірқатар тауар бойынша, негізінен азық түлік емес тауарлардың инлфяция қаупі артуда.

- Қарашада Ресей мен Солбериге қарсы екінші санкциялар жиынтығы күтіліп отыр. Бірінші жиынтық теңге бағамының бір доллар үшін 330 теңгеден 380 теңгеге дейін әлсіреуіне алып келді. Бүгінде ол 350-355 теңгені құрап отыр. Қазанның екінші жартысында санкциялардың екінші жиынтығы болжанып отырғанда жағдай қандай болмақ? Сіздің болжамыңыз.

- «Скрипальдардың жиынтығы» – бұл Ресейге күзде қойылуы мүмкін жалғыз санкция емес. Естеріңізге сала кетейін, ағымдағы жылы Қремльдің басқыншылығынан америкалық қауіпсіздікті қорғау туралы акт қабылданады деп күтілуде, онда ресейлік қарызбен операция жасауға және ресейлік мелекеттік банктерге қатысты шектеулер жазылған. Қазанда Rusal (ресейлік алюминий шығаратын компания, әлемде алғашқы алюминийді және глинозем шығаратын ірі компаниялардың бірі – ҚазТАГ) қарсы санкциялар күшіне енеді. Осы ретте санкциялар күтілімі ішінара рубль бағасына салынғанымен санциялық релиз рубльге қысым клееіретін болады, ал бұл өз кезегінде теңге бағамына әсер етеді.
Доллар 380 теңгеге жетуі мүмкін бе? Бұны жоғқа шығаруға болмайды. Және мәселе тек Ресейге қарсы санкцияларда емес. Ірі дамышу нарықтар Аргентина, Түркия, Бразилияда жағдай жақсы емес. Ал Ресейде, жаңа санкциялар қабылдана ма қабылданбайды ма оған қарамастан экономика өсімі төмендеуде, инфляция артуда. ҚР-ныңда жағдайы мәз емес – 2018 жылдың екінші тоқсанында төлем балансының өтімділігі алдын ала бағалау бойынша артты, ал бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша тікелецй инвестициялардың табыстың шығарылуы үш есе артты. Сондықтанда теңгеге қысым келтіру факторлары жетерлік.

- Жыл бойы әлемдік БАҚ дамыған батыс елдерінде азық түлік өнімінің бағасы төмендеді деп жазды. Ал, Қазақстанда бағалар төмендемек түгілі өсуін әлі де жалғастыруда. Бұл жағдайға қалай түсініктеме беруге болады?

- БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылығы өімдерінің бағасы индексіне өткен бірнеше жылды шолу арқылы сүйенетін болсақ, азық түлік өнімдерінің әлемдік бағасы тұрақты түрде жоғары деңгейде сақталуда –170 пункт шамасында. Ия, өткен жылы олар бұданда жоғары болатын, ал 2016 жылы осындай болды, 2015 жылы кішкене төмен. Қазақстанда ағымдағы жылы астық түсімінің рекордтық көрсеткішке жақын болады деп күтілуде, ресми статистика сүт, жұмыртқа өндірісінің және мал союдың артқанын көрсетіп отыр.
Осы ретте, айта кетерр болсақ, Қазақстанның бидайдан басқа агроэкспорттық сегменті енді дамып кел жатыр. Әзірге ішкі нарықтағы жағдайды реттеу керек. Ағымдағы жылы азық түлік бағасының өсу белсенділігі өткен жылмен салыстырғанда төмен: қаңтар-тамыз айында азық түлік бағасы 5,1% өсті, өткен жылы бұл көрсеткіш 9,2% құраған. Салыстыратын болсақ, FAO азық түлік бағасы өткен жылдан осы жылы 177 тен 168 пунктке төмендеді. Егер негізгі тауар бағасын валюта бағамымен қайта есептейтін болсақ біз әлемдік трендке жақынбыз.

- Еуразиялық экономикалық одақтың ішіндегі жағдайды әлемдік сарапшылар қалай бағалауда? Одаққа кірмес бұрын қазақстандық шенеуніктер бізге ауқымдырақ, тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік беретін тұтынушылар нарығының 17млн-нан 150-160 млн адамға дейін артатын алға тартқан болатын. ЕАЭО ішіндегі сауданы қалай бағалайсыз және ЕАЭО әлемдік экономикада факторлардың біріне айнала алды ма?

- ЕАЭО ішіндегі сауда 2018 жылдың бірінші тоқсанында шамамен 14% арты, осы ретте Қазақстан көш бастады, бізде өсім 11% жуық шамада болды. Алайда сауда құрылымы өзгерген жоқ: басым бөлігі өзара сауда – олар шикізаттар, жартылай фабрикаттар, «ескі» тұтынушылық тауарлар. Осылардың барлығы бізде еуразиялық интеграцияға дейін игерілген болатын. Сондықтанда бүгінде өзгерістер салалық деңгейде емес, әзірге микродеңгейде – жеке компаниялардың деңгейінде жүріп жатыр. Аталған компаниялар өсу барысында және одақтың нарықтарын белсенді игеруде.
Бұл компаниялар үшін біраңғай нарық факторы өте тиімді. Егер сізде нарық өсіп жатса , онда ол да 18 млн емес 180 млн дейін өседі (бұл ЕАЭО-мен еркін сауда айналымы аймағы режимінде жүрген елдерді есептемегенде), ал егер сіз осы нарықтардың барлығына кіріп үлгерсеңіз, ең үлкен табыс транзакциялық шығындардың азаюы болмақ. Бүгінде ЕАЭО елдерінің көптеген нарығы – ірі мұнайгаз секторы, электрэнергетика, металлургия, химия өндірісі игеріліп қойған, онда аса жоғары белсенділікпен даму мүмкін емес және кооперация үшін кеңістік те аз, шындық осы.
ЕАЭО-да әлемдік ЖІӨ-нің 2%-дан сәл үлкен бөлігі шоғырланған және экспорттың көлемі де осы шамада. Сондықтанда бізге әлемдік экономика факторына әлі алыс, алайда біз кейбір әлемдік нарықтармен бірлесіп жұмыс істеуге әзірміз. Мысалы: энерготасымалдаушылар, бидай, трансқұрлықтық жүк тауарларын тасымалдау нарықтары.

- Сұхбатыңызға рахмет!

adimage