Шавкат Сабиров: Әлеуметтік желілер Қазақстанды бөліп тастады

Алматы. 24 қыркүйек. ҚазТАГ – Мадина Әлімханова. Қазақстандағы Facebook танымалдылығы әсіре сілтеп жіберілген, ал әлеуметтік желілер мемлекетті екіге бөліп отыр. Facebook – бұл тек екі қала – Астана мен Алматы, елдің қалған бөлігі – ВКонтакт, Одноклассники мен Instagram отырады. Осы ретте, өзіндік қазақстандық әлеуметтік желіні жасақтау қажеттілігі туындап отыр, деп есептейді Шавкат Сабиров.

- Шавкат Умарович, таза қазақстандық әлеуметтік желінің пайда болуы мүмкін бе?

- Оны қалай атасаңыз да болады – әлеуметтік желі, араласуға арналған виртуалды алаң, бірақ ол міндетті түрде болуы керек. Барлық әлемде өзінің отандық әлеуметтік желілері бар. Әрине, олар Facebook сияқты танымал емес, алайда бар. Facebook пен Twitter саясаты қалай өзгеретінін ескеретін болсақ, шетелдік әлеуметтік желіде жазған жазбаңыз Америкада немесе Еуропада тергеу жүргізудің негізгі себебі болуы мүмкін. Интернеттің үлкен алпауыттары ақпараттық ленталармен күресті бастады және олар өздерінің көзқарасына қарай ақпараттарды іріктеп, дұрыс деп санағанын көрсетуде, яғни олар қолданушылар үшін ақпараттық кеңістікті қалыптастыруға белсенді араласуда. Ал, осыдан бірнеше жыл бұрын олардың барлығы қолданушының мүддесін қорғап келген және теуелсіздікке мүдделі болған. Алайда заман тез өзгеруде, бізге кенже қалуға болмайды.
Өзіндік әлеуметтік желімізге қажеттілік баяғыда-ақ туындады. Олар қазіргілерге бәсекелес бола алмайды. Қазақстандық қолданушының мүддесіне сай жағдай мен мүмкіндікті жасақтау керек. Жасыратыны жоқ, қазақстандық әлеуметтік желілердің қолданушысы кім деген сұрақтар болады. Қарапайым қолданушының әлеуметтік желідегі оқырмандарының орташа саны (жазылушылар, фолловерлер – ҚазТАГ) бірнеше мыңға жетеді, ал кейбіреулерінде мыңнан да аса.
Әлеуметтік желідегі анонимділік үлкен жылдамдықпен жоғалып барады, әрқайсымыз әлеуметтік желіде суреті түсініксіз, лентасында түсініксіз сілтемелер бар, оның робот немесе жалған қолданушымен емес шынайы адаммен араласқымыз, жазғымыз, оқығымыз келеді. Осындай отандық әлеуметтік желі барлығына ұнай бермейді. Бұл анық дүние. Facebook өмір сүретін, жазылушылардың үлкен желісін қалыптастыра білген, өз бизнесін құрған адам оған түбегейлі қарсы болады. Бұл да қалыпты жағдай, себебі уақыт өтуде және барлығы өзгеруде. Бір орында сырттан бақылап тұра беруге болмайды.

-Әзірге отандық желі пайда болған жоқ, осы ретте қазақстандықтар қандай шетелдік желіге басымдық береді?

-Сіз таңғалатын шығарсыз , алайда Facebook танымалдылығы – бұл аңыз. Қазақстанда шынайы Facebook қолданушылар үлесі бүгінде жалпы қолданушылар санынның 5% жуығын құрап отыр. Шын мәнінде әлеуметтік желілер мемлекетті бөліп тастады. Facebook қолданушысы ВКонтакте қолданушысы не істеп жатқанын мүлдем білмейді. Соңғы рет сіз ВКонтакте қашан кірдіңіз? Есіңізде жоқ па? Ал, егер Солтүстік Қазақстан тұрғынынан Facebook-ке қашан кірдің деп сұрасаң, олда есіне түсіре ламайды. Осылайша Facebook танымалдылығы туралы пікірді біз және біздің ортамыз қалыптастырды, ол аздай біз меморгандарды соған сендірдік.
Facebook орташа статистикалық қолданушысы – Алматы мен Астана қаласының тұрғыны, олар екі қаладағы меморгандарда немесе бизнес құрылымдарда жұмыс істейтіндер. Егер, Facebook посттың өмір сүру уақытының 2-3 күн екенін ескеретін болсақ, онда оның қамту аудиториясыда тым аз. Қазақстанның миллиондаған тұрғыны өзге әлеуметтік желілерде өз мүддесімен, өзіне қызықты ақпаратпен «өмір сүруде». Мемлекеттің барлық күші Facebook-ке жұмылдырылған сияқты, осы ретте елдің негізгі аудиториясы мүлдем басқа жерде. Қазнет бойынша Facebook танымалдылығы мен мінезін бағалау бүкіл Қазақстанды Астананың «сол жақ жағалауы» немесе Алматының «алтын шаршысы» бойынша бағалаумен бірдей.
Жаһандық желідегі мүлдем бөлек әлем - Instagram. Онда барлығы жылдам өзгереді. Мыңдаған лайктар, мыңдаған пікір, мыңдаған видео қаралымы бүгінде қалыпты жағдай. Егер осыдан 5-6 жыл бұрын Instagram тек коммерциялық желілер үшін болса, бүгінде ондағы ақпараттар басымдылыққа ие.

- Ал, қарапайым веб-сайттардың жағдайы қандай? Қазақстандықтар отандық сайттарға басымдық бере ме немесе шетелдіктер олар үшін қызықтырақ па?

- Сөзсіз, отандық ақпаратты оқимыз. Бізге қаламызда, дәл қазір елімізде не болып жатқаны қызықты. 10 жыл бұрын қолданушылар қайда және не себепті кетіп бара жатқаны туралы сөйлесуге болар еді. Шетелдік ақпаратты әлемде үлкен оқиға орын алғанда немесе Олимпиада, Әлем чемпионаты сынды елеулі шаралар өтіп жатқанда оқимыз. Қазақстанның үлкен аудиториясы ағылшын тілін жетік меңгерген, олар ағылшын тіліндегі сайттарды оқып, бақылайды. Тіпті, осы ҚазТАГ мысалында айтатын болсақ, оған сұраныс көп және оның танымалдылығы соншалық оның материалдарын өзгелерде сілтемемен жариялап жатады. Бұл нені білдіреді? Бұл біздің жақсы не жаман екенімізді ғана емес, сонымен қатар оқырманның өзіндік ақпаратты қалайтынын білдіреді. Қазақстандық журналистерге және медиаға сенім өте жоғары.

- Қазақстандық сайттардың танымалдылығының артуы қазақ тілді контенттің дамуымен байланысты ма?

- Өкінішке орай, бүгінде қазақ тілді сайттардың қанша рет қаралатыны немесе оқылатыны туралы жеке статистика жоқ, алайда миллиондаған адамдар тек сол мемлекеттік тілде ғана сөйлейді. Тіпті, кейбір ақпараттардың орыс тілінен гөрі қазақ тіліндегі нұсқасының қаралымы өте жоғары болады. Сонымен қатар, сол ақпарат орыс тілінде бірден 50 түрлі ресурста жариялануы мүмкін, ал қазақ тілді нұсқасы 1-2 ресурста жариялануы мүмкін. Алайда қазақстандық өмір туралы ақпарат жоқ, қазақ спорты туралы аз жазады және мемлекеттік тілдегі сараптамалық материалдар өте аз. Оның үстіне, статистика көрсетіп отығандай, қазақ тілді аудитория алғыс айтуға немесе пікір білдіруде өте белсенді, олар өз қөзқарастарымен бөлісіп, соны белсенді түрде дәлелдейді. Демек, мемлекеттік тілдегі контент сұранысқа ие және мемлекеттік қолдауды қажет етеді.

- Латын қаріпіне көшу қазақ тілді сайттардың дамуына қалай әсер етуі мүмкін? Техникалық қиындықтар туындауы мүмкін бе?

- Жоқ, ешқандай қиындықтарды көріп тұрғаным жоқ. Кириллицияның морфологиясы әлемдегі ең қиындардың бірі. Латын қаріпімен жұмыс істеу әлде қайда жеңілірек, және іздестіру жүйесінде жұмыс істеген оңай болады. Латын қаріпіне көшкеннен кейін оның танымал болуы және кеңінен етек жаюы үшін біраз уақыт керек. Алайда ол солай болады. Себебі бүгінде ол кириллицамен жазылған қазақ тіліндегі ақпараттарға да сұраныс артып отыр емеспе. Танымалдылық артуда, әрине орыс тілінен аударылуда, бірақ редакция қазақша жасалуда емес пе, осыдан кейін мемлекеттік тілдегі редакция құрылады емес пе. Ол үшін уақыт керек.

- Қазақстандық сайттардың шынайы рейтингісін немесе қаралымын көруге бола ма?

- Шынайы ақпаратты сыртқы есептеуіш құралдар ғана көрсете алады, олардың қатарында Zero.kz немесе LiveInternet бар. Ал, Яндекс.Метрика немесе Google Analytics сынды жекеменшік бағалаушылар сайттың иесіне ғана статистикалық мәліметтерді көрсетеді. Қазақстанда осы жылдар аралығында бірнеше есептеуіш құралдар болды, алайда жалғыз отандық болып Zero қалды.

- Соңғы кездері одан көптеген танымал интернет - ресурстар шығып жатыр. Неге?

- Сайт иесі қандай есептеуіш құралды қалайтынын таңдауға құқылы, алайда есептеуіш құрал заман ағымымен ілесіп, нарық сұранысына жауап беруі тиіс. Zero жақсы не жаман демейміз, мәселе мүлдем бөлек. Бір кездері есептеуіштің бастығына өз тұтынушыларына қолдау көрсететін шынайы қызметті құру туралы шешім қабылдау керек болатын және жобаны түбегейлі коммерцияландыру туралы ойлану керек еді. Коммерцияландыру туралы айту бұл рейтингті сатып алуды білдірмейді, бұл интернет қауымдастыққа қосалқы қызмет түрлерін көрсету туралы. Zero ұжымы өте білікті және парасатиты мамандар. Мәселе нарықта үлкен сұранысқа ие ақылы қосалқы қызмет түрлерін ұсыну, Қазнеттің дамуы туралы есептерді дайындау, болжамдар мен тенденциялар, маркетингтік және инвестициялық мамандандырылған есептерді дайындау және т.б. Қосалқы қызметтер бүкіл әлемде төленеді және олар танымал.
Менің ойымша, клиенттердің кетуі қолданушылардың сұранысы бойынша жедел және шынайы жауаптың болмауы. Яғни, онлайн және телефон арқылы сапалы білікті қызмет көрсету, көпшілік алдында есептеуіштердің өкілінің пайда болуы және олардың интернет ортасындағы белсенді өмірі. Сайттың иелері олардың түрін көріп танып білгісі келеді, олардың табыс табуына, олардың «өмірін» қамтамасыз етіп жатқандар кім екенін білгісі келеді. Жедел реакция – бұл бірден жауап беру, себебі жедел шешуді талап ететін мәселелер бар. Ұмытпаңыздар бүгінде Zero көрсеткіші бойынша көптеген сайттар қаржыландыруға ие болып отыр, және олар есеп тапсыруы тиіс.

- Не себепті бізде LiveInternet сияқты жаңа есептеуіш құралдары пайда болмай жатыр?

- Бұл ретте нақты қиындықтар бар. Бүгінгі экономикалық жағдайда есептеуіштерге аман қалу қиын. Осындай жүйені құру инфрақұрылымдық тұрғыда үлкен ресурстарды қажет етеді. Ақпаратты өңдеу бойынша қуатты серверлер және ақпаратты сақтау бойынша үлкен көлемдегі сақтау жүйесі керек. Сонымен қатар, барлық техника жұмыс істеп тұруы және қолданушылар тарихи деректерге жүгіне алатындай болуы тиіс. Мысалы, егер сіз өзіңіздің сайтыңызға кірушілердің санын бәсекелесіңізбен салыстырғыңыз келсе онда жүйе сіздің сұранысыңызды дұрыс өңдеп, сізге керекті шынайы ақпаратты беруі тиіс. Соңғысы есептеуішке деген қолданушының сенімі болуы тиіс. Ал сенім ұзақ уақыт бойы тәжірибемен, иесінің атымен келеді.

- Есептеуішті айналдыру әлі де танымал ма?

- Тіпті оған күмәнданбаймында. Заңды трафикті сатып алу қымбат болғандықтан екінің бірінің қалтасы көте бермейді. Ал заңсыз трафикті сатып алу он есе арзан, тәжірибе көрсетіп отырғандай ол онлайн-казинолардан, порносайттардан, арнайы генератор-сайттардан өту және т.б.

- Онда шынайы статистиканы қалай анықтауға болады?

- Бұл шынайы, я жалған статистикама оны білу үшін есептеуіштің берген статистикалық мәліметіне тереңірек үңілу керек – өтулерді, сайтта отырудың орташа ұзақтығын, қаралған беттердің орташа санын қарау керек, мәліметтерді өзара салыстырып, сараптау керек. Сөзсіз, кәсіби мамандар арнайы сайттардан статистика сараптамасы бойынша қосымша трафик туралы ақылы ақпаратты пайдаланады. Қарапайым сайттың статистикасында орташа көрсеткіш болады.
Жалпы бір сайттан немесе әлеуметтік желіден сіздің сайтыңызға қанша қолданушы кіретінін білген маңызды, сіздің сайтыңызға тікелей кіретіндер бар, іздестіру жүйесінің қолданушылары тағы бар және т.б. Өзге сайттардан көптеп өтудің саны күдік тудырады, себебі кез келген уақытта іздестіруден ғана трафикті иелік ету қауіпті, өйткені шығу алгаритмі кез келген уақытта түбегейлі өзгеруі мүмкін және трафик бірден төмендеп кетеді. Бұдан басқа, заңсыз трафик сатушылары бір орында тұрмайды және олар айналдыру трафигін ұлғайту бойынша түрлі әдістерді қолданады. Сондықтанда трафик анализін білу керек, сол кезде статистиканың шынайы немесе өтірік екенін білесіз.

- Қазақстанда айналдырылған сайттың шынайы көрсеткіші қандай болады?

- Бұл ретте басты мәселе сайттың мақсаты мен міндетіне байланысты. Ойын-сауық мультимедиялық контент өте танымал және тәулігіне жарты миллионға-миллионға жуық кірушілер болады. Қазақстандық аудитория жыл сайын артып келеді және елдегі интернет қолданушылар санының артқанынан емес.
Қазақстанда интернет қолданушылар өсімі «тығыздалды» және бүгінде пайыздың даналарын құрады, себебі біз үздіксіз өсе алмаймыз, халықтың бар саны 18 млн адам ғана.
Алайда ақпараттық сайттардың трафик өсімі қолданушылардың қызығушылығы есебінен артады – көбірек оқи бастады және әлеуметтік желіні қолдануы артты. Бүгінде ақпарат агенттіктердің иелері ақпарат материалдарын насихаттаумен белсенді айналысуда. Сондықтан ақпараттық сайттар үшін күніне 200-300 трафик бұл меже емес. Электронды сауда сайттарының қарапайым қолданушылары мен тіркелген қолданушылар аудиториясы бар, сондықтанда олардың трафигін сайттың ақпаратысыз бағалау қиын, шамамен тәулігіне 20-30 мың қолданушы болады деп болжауға болады.
Аймақтардағы қазақ тілді аудиторияның есебінен қазақстандық сайттардың кірушілер саны артып келеді. Бұл өсім өте белсенді және Қазақстандағы миллиондаған адамдар мемлекеттік тілде сөйлейтінін көрсетіп отыр. Бұл қуантарлық жағдай.

- Қолданушы қандайда бір сайтты таңдап алғанда есептеуішіне қарай ма?

- Қолданушы ақпаратты таңдау барысында сайттың есептеуішіне назар ауарады деп ойламаймын. Ол нақты бір ақпараттың, тауардың, қызметтің және өнімнің артынан барады. Веб-сайттардың статистикасы біз сияқты кәсіби мамандар үшін маңызды. Нарықты білу керек, оның құрылымын, қаржылық жағдайы мен демографиясын түсінген жөн.
Кәсіпкер бір ауданда дүкен ашпас бұрын сол маңда тұратын адам санын, қаржылық жағдайын бағалайды емес пе, бұлда сол сияқты. Әрине, айдалада сауда жасаудың немесе брендтік өнімдерді ұсынудың еш мағынасы жоқ. Сол сияқты интернетте де нарықта қызметке немесе өнімге қызығушылық танытатын қанша қолданушы болатынын және виртуалды нарықта қанша қаражат айналып жүргенін түсінген жөн.
2010 жылдан бастап нарықтың құрылымы қатысушылары және қаржылай қарым қатынас жағынан өзгерді. 2010 жылдың өзінде қазақстандықтардың 63% интернетті қызметтерге төлеу үшін және 32% жарнама орналастыру үшін қолданатын. Электронды сауда нарығы мүлдем болмады десе болады, ол тек 1% деңгейінде болды. Шыныменде сол жылдары біз қоммуналдық қызметті, байланысты және т.б. төлейтінбіз. Негізгі қаражат нарығы мен жарнама орналастыру белсенді дамып келді. Интернет-сауда 2013 жылдары белсенді дами бастады, ал 2015 жылға қарай электронды сауда құрылымдағы интернет дүкендер үлесі нарықтың 56% құрады, ал қаржылай құрылымның 10 есе артқанына қарамастан төлем ұйымдары 22 % иелік етті.
Бұдан басқа, есептеуіштер маркетинг бөлімі, сайттардың редакторлары, интернет бизнестің иелері мен өзгеде тұлғалар үшін маңызды. Барлығына өсіп жатырмыз ба жоқ па, тұтынушыға қай өнім көбірек ұнайды соны білу маңызды. Медиа кеңістік үшін тұтынушыларды бағалау өте маңызды. Себебі елдегі тұтынушылардың қызығушылығы және ресурстың өзі де өзгереді . Ал контентті өзгерту соншалықты оңай шаруа емес. Оның үстіне ол (контент – ҚазТАГ) әртүрлі болуы мүмкін 2-3 абзацтан немесе 1,5 мың таңбадан, тіпті 6-8 мың таңбадан тұруы мүмкін. Бизнес нақты қанша қолданушы жаңалық оқитынын білуі тиіс. Журналистердің ішінен кімді көбірек оқитыны түсініксіз.
Қысқасы интернет еліміздегі бүтін бір сала - электронды коммерция үшін «тамақ» көзі болып отыр. Интернет табысы бүгінде бизнес үшін ең қолайлы табыс түрі, ол шығынды және дәстүрлі бизнес түрімен салыстырғанда маркетингті қажет етпейді. Веб-сайттардың статистикасы – қазақстандық интернет үшін оттегі, ол миымыз үшін ас, үйіміз үшін қажетті қызметтер мен тауарды береді және көптеген тұрғындар үшін жалғыз пайда көзі.

- Сұхбатыңыз рахмет!

adimage