Виктор Ямбаев: Біздің бизнес кедергілермен күресіп жатқанда, айдаладағы Құлжада 20 қабатты ғимараттар мен 6 жолақты жолдар пайда болды

Алматы. 14 қараша. ҚазТАГ - Кемар Машанло. Қазақстанда шағын және орта бизнеске қолдау көрсету керектігі туралы биліктің барлық деңгейінде айтылып жүр. Осы ретте олар жалпы ішкі өнімнің 70% дейінгі көлемі шағын және орта бизнес есебінен толықтырылып отырған Германия, Жапония, Англия сынды дамыған елдерге сілтеме жасайды.
Оның үстіне бұл көптеген жұмыс орны, саяси және экономикалық тұрақтылық, бұл өз кезегінде еліміз үшін экономикалық дағдарыс жағдайында өте маңызды. Олай болса көбіне өзінің өмір сүруі үшін күресуге мәжбүр болатын қазақстандық орташа санатты қалыптастыру не себепті соншалықты қиын жүруде?
Еліміздегі кәсіпкерліктің бүгінгі ныспысы туралы алматылық кәсіпкерлер қауымдастығының президенті, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің этика бойынша кеңесінің мүшесі Виктор Ямбаевпен әңгімелескен едік.

- Виктор Вениаминович, соңғы кездері біздің шенеуніктеріміздің арасында Үкіметтің қарашада қабылдаған қаулысына байланысты «өзін өзі қамтығандар» деген түсінік танымалдылыққа ие бола бастады. Аталған қаулы фрилансерлерді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 10% салық аударуға міндеттейді. Сарапшылардың пайымдауынша жаңа өзгертулер жеке кәсіпкерліктің кейбір түрлерін тиімсіз ететін болады.

-Сіздің сұрағыңыз күнтәртібіндегі ең маңызды мәселеге қатысты болып отыр – шындап келгенде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша қағаз жүзіндегі әрекеттер. Бұл ретте мәселе фрилансерлерге ғана қатысты емес. Өкінішке орай, өзін өзі жұмыспен қамтығандар бүгінде жаппай кәсіпкерліктің негізгі өкілдері болып отыр. Көбіне олар жұмыссыз қалғандықтан лаждап болса да күнкөруге тырысып жүргендер. Осы ретте шенеуніктердің әрекет ету логикасы қарапайым болуы тиіс деп есептеймін: алдымен жаппай кәсіпкреліктің дамуына кесірін тигізіп отырған барлық кедергілерді алып тастау керек. Сол кезде өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың артынан бақылау қажеттілігі де өз өзімен жойылады. Сенімді және табыс тауып отырған кәсіпкер уақытылы салық төлеуге өзі мүдделі болады.

- Қазақстанда кәсіпкерлік дами бастаған кезде шағын бизнес үшін заңнамалық кеңістікті қалыптастырушылардың алғашқы қатарында сізде болдыңыз...

- Сол «тоқсаныншы» жылдардың өзінде біздің Алматы кәсіпкерлер қауымдастығы мен Қазақстанның кәсіпкерлер форумы шағын бизнестің қалыптасуына кесірін тигізіп жүрген кедергілерді алып тастау бойынша бірқатар жұмыс атқарды. Атап өткім келетіні, Кеңес одағы ыдырағаннан кейін кәсіпкерлер жоқ мемлекеттің заңы бойынша жұмыс істеді, құқықтық кеңістікте көптеген дүниелерді жаңадан жасап шығаруға тура келді. Көбіне түрлі органдарға, тіпті президентің өзіне дейін шығуға тура келді.
Осындай басатамаларымыздың бірі 1999 жылы болды, ол бірінші қабаттағы үйлер мен жертөлелерді кәсіпкерлердің қажеттіліге қарай бейімдеу туралы ұсыныс болды. Рұқсат берді. Нәтижесінде 2 жылдың ішінде 12 мың пәтер қайта жасақталып шықты. Егер бұл санды үшке көбейтетін болсақ (бизнеске тартылғандардың орташа саны – ҚазТАГ) онда жұмыс берушіні де есептегенде 60 мыңға жуық адамды жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы жұмысқа орналастыру мүмкін болды.
Сол жылы біз ақшаны заңдастыру аясында адамдарға рақымшылық беруді ұсындық.

- Ертеректе кәсіпкерлер қазыналық органдар тарапынан жиі жүргізілетін тексерістерге шағымданатын, ол кезде олардың саны 56 құрады. Бүгінде жағдай қандай?

- Тексеру органдарының саны өзгермеді. Алайда жағдай өзгерді. Енді ол (арсыз тексеруші – ҚазТАГ) өзінің құжатын көрсетіп, маған 50 бакс бер, болмаса жағдайын нашарлайды дей алмайды. Егер біз – шағын бизнес тірі қалғымыз келсе оларға (жемқорларға – ҚазТАГ) дес бермеуіміз керек. Біз олардың араңдай аузын жаптық, елімізде жемқорлықпен күрес күшейді. Осы ретте айтайын дегенім елімізде премьер-министр, министрлер емес президенттің өзі рұқсат қағаздарын 30%, сосын рұқсат беру процедураларын тағы да осыншама көлемге қысқартты. Біз Қазақстан халқын тамақтандырған, киіндірген адамдарды кемсітіп, қорлай алмаймыз, бұл осы тұрғыда да маңызды.
Мен тексеру органдарының бағалау өлшемдері жайлы аз айтпадым. Мәселе бизнесті тексеруге мотивация беру туралы болып отыр. Жалпы, бизнесті апталап тексеріп, экономиканың дамуына септігін тигізуге болады, я болмаса бір рет тексеріп адамды өлімге итермелеуге болады.
Біздің тағы бір ұсынысымыз мүлікті заңдастыру болды, ол кезде адамдар не зәулім үйін не кішкентай сарайын да заңдастыра алмай жүрген болатын. Сәулет саласындағы заңнамалық кемшіліктердің кесірінен жер үйдің қожайыны есігін, немесе терезесінің орналасу жерін ауыстыра алмады, тіпті жазғы үйден дәретхана шығара алмады.
Осы және өзгеде мәселелерді шешу үшін біз бір терезе принціпі бойынша жұмыс істеу идеясын президентке тікелей ұсындық. Бұл бүгінде ХҚКО деп аталады. Тіпті Ресейдің өзінде ХКҚО-лар осыдан 2-3 жыл бұрын енгізіле бастады. Ал бізде ЖКО бойынша қарапайым айыппұлды кез келген дүкендегі терминал арқылы төлеуге болады.
Қауымдастықтың билік алдындағы табандылығының арқасында №3 анықтама алынып тасталды. Бұл анықтаманы алматылықтар өзінің пәтерінде шынымен тұратынын дәлелдеу үшін алатын және ол үшін көші-қон полициясының аудандық бөлімшесінің алдында таңғы сағат 5,00 бастап кезекке тұратын.
Ал салық кодексіне енгізілген жеңілдіктер ше? Оның арқасында күллі шағын бизнес аман қалды.

- Демек пайдалы істер көптеп жасалды, алайда бұл жан тыныштығын бере ала ма?

- Біз мүдделес адамдармен бірлесіп сол кезде көптеген дүниелерді іске асыра алдық. Ол жылдар біз үшін өте ауыр болды, алайда ең нәтижелі жылдар да солар еді. Себебі сол кездері Қазақстанның барлық құқықтық-нормативтік базасы қалыптасты. Алайда біздің күрес әлі аяқталған жоқ.

- Айтайын дегеніңіз …

- Айтайын дегенім, бүгінде бизнес пен халыққа түрлі ақылы қызметтер міндеттеліп отыр: тіркелген ұйымдар жүзеге асыратын түрлі сараптамалар, қорытындылар, ешкімге керек емес кепілдендіретін сертификаттар.
Мен прокуратура мен қаржыполициясына осы қағаз саудасын, тіркеушілер мен тіркелетіндердің мәселесін шешу керек деп айтып жүргеніме көп болмады. «Гүлнар тур» тирфирмасын еске алайықшы. Бұл компания кезінде әдемі қағазды – лицензияны туроператорлық қызметті жүргізу үшін алды. Не болды? Әдемі рәсімделген сертификат алаяқтықтан қорғай алмады, ондаған алданған туристер моральдық және материалдық тұрғыда зардап шекті.
Мерседестен бастап бауырсаққа дейін сертификат беру тұтынушыға ешқандай кепілдік бермейді, сондықтанда мен лицензияланған қызмет түрлеріне, сонымен қатар сертификат міндеттелген өнім түрлеріне қарсылық танытамын. Оның үстіне тауарын адал өндіріп сататын адал кәсіпкер үшін қажет емес түрлі қағаздарды сұрату жұмыс барысында кедергілерді тудырады және оның бизнесті бір жолға қою жолындағы бар жұмысн жоққа шығарады.

- Нәтижесінде?

- Нәтижесінде «бақылау» жүйесі тиімсіз болған жағдайда табысты кәсіпкерден гөрі, табысты паразит болған жөн. Осы ретте, айта кетейін паразиттердің қатарына мен авторлық құқықты қорғау туралы заңды да жатқызамын.

- Жеке брендтерді көшірді деп кейде Қытайды айыптап жатады және де бұл негізсіз емес сияқты?

- Мен контрафактіні айтып тұрғаным жоқ, мен осы заңды қолданудағы асыра сілтеушілікті меңзеп отырмын, ол өндірушінің бастамасын шектеп тастайды. Ал, «әлем фабрикасы» атанған Қытайдың тәжірибесіне баяғыда-ақ біз көз тастауымыз керек еді. Бүгінде тек Қытай дұрыс жолмен жүріп жатқанына сенімдімін. Сондықтанда онда қалтаның қалыңдығына қарай барлық тауар мен қызметтердің түрлері бар және 1,5 млрд адам жұмыспен қамтылған!
Жіберіп алған уақытқа обал болды. Бізге Қазақстанда экономиканың шынайы секторын бір жолға қою үшін техника мамандарын оқыту керек еді. Оның үстіне оны Ресейде (алыс шет елдерден гөрі – ҚазТАГ) біршама арзаңырақ жасауға болар еді.

- Жағдайды жақсы жаққа қарай өзгерту әлі кеш емес пе?

- Бірнәрсені өзгертуге ұмтылу ешқашан кеш болмайды. Алайда қазір өзгерт, өзгертпе бәрібір, себебі барлық өндірістік тауаша толық. Сондықтанда жіберіп алған уақытты қанша өнідіріп алғымыз келсе де қиындау болады. Мәселен, жеңіл өнеркәсіп саласын алайық, халықтық тауарды өндіру оңайға соқпайды. Себебі, жаһандық тұрғыда Қытай әлемдік өндіруші функциясын өзіне алып алды, ол ішкиімнен бастап жоғары технологиялы электроникаға дейін өндіреді!
Ал біз неден бастадық? Қытайға керзі, тері мен былғары етіктерін, шинель мен пальтоларды тасымалдадық, ал Аспанасты елден түпнұсқадан 20 есе арзан синтетикадан жасалған Adidas алып келдік.
Содан соң әлемдік қауымдастықтың қысымынан кейін атауын Adibas деп өзгертті.
Ал біз бір орында тұрғанда, қағазбастылықпен күресіп, бірінші қабат пен жер төлені игеріп жатқанда Қытайда, айдаладағы Құлжада 20 қабатты үйлер мен 6 жолақты жолдар пайда болды. Ал, біз болса әліде әкімшілік кедергілермен күресіп келеміз.

- Бұл кезінде «БЖЗҚ»АҚ жасақтау үшін жекеменшік жинақтаушы зейнетақы қорларын жабумен күресуді еске салатындай. Өзіңіз білесіз «БЖЗҚ»АҚ басшысы құнсыз қағаздарды сатып алғаны үшін және банкротқа ұшыраған Әзербайжанның Халықаралық банкіне құйған 70 млрд теңге күмәнді инвестиция үшін басы дауға қалған болатын .

- Әрине! Жекеменшік зейнетақы қорларын жауып, оның барлығын мемлекетке аударудың қажеті не еді? Бұл сатушының дүкенін етпен немесе мейізбен тартып алғанмен бірдей. Ол жеке бизнесін тартып алмасын деп жылайды, жалынады, сес көрсетеді. Алайда ол кезде ешкім бас көтеріп, жеке қорлардың сөзін сөйлемеді. Бұл бәзбіреулерге тиімді болған шығар?
ЖЖЗҚ жауып, БЖЗҚ жасақталды, осы ретте не жақсарды? Өкінішке орай ештеме! Соңғы кездері аталған АҚ аясындағы кылмыстық істер бәрін өзі айтып отыр …
Жаппай кәсіпкерлікті құру туралы айтатын болсақ, бізде шағын бизнес ортаға, орта бизнес ірі бизнеске өсіп көтеріле алмады.
Ірі кәсіпкер болып туылады немесе оларды тағайындайды, ал шағын бизнес бәсекелесе алмай жарты жолда қалып қояды. Базарда сатқан адам сол базарда әлі де сатып отыр. Ол бейбақтар сол базарда тұрып қартайыпта кетті, алайда жеткен межеден аса алмады. Осы ретте, кәсіпкерлер палатасы ШОБ бизнестің проблемаларымен барынша тыңғылықты айналысып, адрестік тұрғы да шешсе дұрыс болар еді.

- Менің ойымша осындай ауыр жұмыспен тек бар күшіңді, жігеріңді беріп қана айналысуға болады.

- Біз қолжеткізген көптеген дүниелер үлкен жігерді, кейде денсаулықты да алды. Мен өзіммен мүдделес болған жандардың барлығына алғысым шексіз. Ең қияны адамдардың ойлау бағытын өзгерту. Біздің ғылыми-зерттеу институтымыз да, кәсіпкерлікті қалыптастыру саласындағы стратегиялық зертеуіміз де болмады. Маған және менің мүдделестеріме халық үшін қолайлы өмір сүру үшін жағдай жасау, жаңа жұмыс орындарын ашу, қымбат және сапалы тауарлардың өндірісін елімізде бір жолға қою басты энергия көзі болды. Менен осы үшін саған ақша төлей ме деп сұрайды? Ал мен маған ешкім төлемейді, мен өз ақшамды өзім жаратамын деп жауап беремін.
«Олай болса бұл саған не үшін керек?» - деп әр нәрсенің астынан экономикалық тиімділікті іздейтіндер өздерінің сүйікті сұрағын қояды.
Ал мен, сен және сенің балаларын, менің балаларым, достарым, достарымның балалары жақсы өмір сүруі үшін керек деп жауап қайтармын!

- Сұхбатыңызға рахмет!

adimage