Владимир Трашин: «Алғабас» шағын ауданындағы тұрғын үйлер құламайды

Күні: 10:53, 13-02-2019.

Алматы. 11 ақпан. ҚазТАГ – Мадина Әлімханова. 2004 жылы Алматының Көк-Төбе тауында көшкіннің үлкен қаупі туындады. 2016 жылы алматылық «Алғабас» шағын ауданында тоғыз қабатты тұрғын үй кешені бір жаққа қарай қисайды. Бүгін да осы тұрғын үйдің жағдайы қауіп тұдырмайды ма деген ҚазТАГ агентігінің сұрағына «Гидроспецстрой Казахстан» компаниясының президенті Владимир Трашин жауап берді.

- Владимир Петрович, Сіз Красноярск, Шүлбі мен Саяно-Шушенск ГЭС, Ертістің асты бойынша коммуникациялық тонель жүргізу, Көк-Төбе тауын нығайту, астаналық көпқабатты үйлердің іргетасын қалау сынды көптеген ірі жобалардың құрылысына қатыстыңыз. Сонымен қатар, Сіз Алматыдағы «Алғабас» ауданының қисайған үйлерін қатайту жұмыстарына қатыстыңыз. Бұл жұмыс қаншалықты қиын болды және аталған үйлер қаншалықты қауіпсіз?

- «Алғабаста» болған ТЖ туралы баспасөзден білдім. Беделді басылымдардың бірінде «Пизанская башня в Алматы» деген айқайлаған тақырыппен материал жарыққа шықты. Онда жақында ғана «Астана-Құрылыс» ҰҚК» АҚ салған тоғыз қабатты үйдің бір жағына қарай қисайғаны туралы айтылған. Одан төтенше жағдайда тұрғындар көшірілді, комиссияның алдын ала қорытындысына сәйкес үй бөлшектенуі керек. Маған құрылыс саласында талай жылын сарп еткен азамат ретінде комиссияның бұл шешімі тым асығыс болып көрінді. Біріншіден, үйді бөлшектеу халқы тығыз орналасқан қала үшін тым ыңғайсыз, ол шу, шаң, кірді білдіреді және де оған жаңа үйді салуға болатындай қаржы жұмсалуы тиіс. Екіншіден, адами тұрғыда баспана жетіспей жатқанда үйді бөлшектеу қынжылтады. Сондықтан да мен өзімнің бұрынғы тәжірибеме сүйене отырып «Астана-Құрылыс» ҰҚК» АҚ басшылығы мен әкімдікке үйдің іргетасын нығайту жұмыстарын жүргізуді ұсындым. Бұл дер кезінде жасалған ұсыныс болды, себебі осы аумақта тағы бірнеше үйдің іргетасы отырып қалған екен, нәтижесінде халық арасында дүрбелең басталды.
«Астана-Құрылыс» ҰҚК» АҚ басшылығы іргетасты нығайту жұмыстарына сенімсіздік танытып, қисайған үйдің орнына жаңасын салуды бастап кетті. Ал қала әкімдігінің басшылығы «Гидроспецстройдың» бұған дейін жүргізген жұмыстарын саралай келе «Алғабас» шағын ауданын қалпына келтіру және тұрғын үйлердің іргетасын нығайту туралы жұмыстарды біздің компанияға тапсырды. Бұл жұмыстарды техникалық камтамасыз ету «ҚазҚСЗИ» АҚ тапсырылды. Осылайша көп шығынданбастан жеті көпқабатты үйдің іргетасы нығайтылды және де қалалық тұрғын үй қорында 500-ге жуық әлеуметтік пәтер сақталып қалды. Бұл үйлер енді құламайды.

- «Алғабастағы» өзге үйлер қисаймады ма? Олар сол топырақта тұр емес пе.

- Өзге үйлердің отыруы құрылыс талаптарына сәйкес белгіленген межеден аспаған. Жағдайдың қазір қандай екенін білмеймін, бірақ сол кездері мониторинг жүргізіліп отырды. Әр үйдің іргетасының отыруы тіркеліп, жазылып отырды. Ал енді іргетастың отыру себебіне келетін болсақ, «Алғабас-6» шағын ауданының үйлері шөкпе топырақтың үстіне салынғандықтан, ылғалды кезде отыруға бейім. 1970-80 жылдары «Алматы ЖЭС-2» құрылысы барысында «ВНИПИ Энергопром» жобалаушылары диаметрі 600 мм және 1200 мм болатын бұрғытолтырмалы қадасы бар қадалы іргетасты жобалаған және оны «Гидроспецстрой» жүзеге асырды. Бүгінде соның арқасында аталған нысан 40 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді.

 - Демек кез келген қисайған ғимаратты қалпына келтіруге болады ма? Тіпті Пизан мұнарасында ма? Не себепті оны түзетпей отыр?

- Рас, кез келген ғимаратты қалпына келтіруге болады. Алайда ол оңай шаруа емес, әр жағдайға жекеше тоқталып, қарастыру керек. Сапалы жоба аясында білікті мамандарсыз нысанды қалпына келтіру мүмкін емес. Топырақтың әрекетін және нысанның өзін сезіне білген жөн. Бұл ұзаққа созылатын процес, ол төзімділік пен ыждахаттылықты қажет етеді. Пиза қаласындағы Пизан мұнарасына келетін болсақ, ол өз бетімен қалпына келе бастады. Ендігі кезекте ол тіп-тік бола қалса жағдай қандай болмақ деген қорқыныш бар. Теориялық тұрғыда оны түзетуге болады, бірақ ол не үшін керек. Бүкіл әлем оны құлап бара жатқан мұнара ретінде біледі, егер ол түзетілетін болса ешкім оған қызықпайды, туристер оны тамашалауға келмейді.

- 2011 жылы Көк-Төбе тауы көше жаздады. Тау бөктерін нығайту қаншалықты қиын болды және де ол қайтадан «көшпейтініне» кепілдік бар ма?

- Көк-Төбе тауындағы төтенше жағдайға келетін болсақ, жағдай былай болды. «Гидроспецстрой» компаниясына арқан жол дирекциясының басшылығынан жоғарғы станцияның төменгі бөлігінде таудың бөктерінде пайда болған жарықты жою туралы өтініш келіп түсті. Аталған жарықты зерттегеннен кейін біз оның оңай дүние емес екендігін, және де жоспарланғаннан ауқымды жұмыс керек екенін түсіндік. Бұл тау көшкінінің одан ары белсенді дамып жатқанын көрсетті. Сейсмология институты мамандарының бағалауынша 3 млн текшеметрге жуық, яғни таудың солтүстік және шығыс бөлігі толығымен көшіп кету қаупі төніп тұрды.
Бұл туралы қала басшылығы мен ТЖМ басшылығына жеткізілді. Шұғыл шаралар қабылданды: тауға серуендеп шығуға тыйым салынды, тау көшкінін болдырмас үшін жұмыстар шұғыл жүргізілді. Оның үстіне одан бірнеше күн бұрын Талғарда орын алған тау көшкінінің кесірінен 28 адам қаза тапқан болатын.
Бүгінде тау бөктерін нығайту бойынша шаралар кешені жүзеге асырылғаннан кейін барлық қауіптер жойылды және тау бөктері мызғымастан мәңгілік тұрады.

- Бұл ретте заманауи технологиялар пайдаланылды. Ал, «Медеудегі» бөгет ше? Ол ескі бөгет, оны салу барысында қолданған технологиялар қаншалықты тиімді және қауіпсіз?

- «Медеу» бөгетінің құрылысы әлемдік тәжірибедегі масштабты бағыттағы жарылыс болды. Сол кезде таңдалып алынған жобаның дұрыстығын өмір өзі дәлелдеді. Әрине, жақын арада селді сақтау қоймасы толады деген қауіп бар. Алайда олай болмайды деп үміттенейік, оның үстіне оның алдын алу жолдары да бар емес пе.

- Саяно-Шушенск СЭС құрылысына қатыстыңыз ба? Онда не болды? Неге жағдай осылай болды?

- Ия, 10 жылға жуық уақыт бойы мені 1980 жылы қазақтың арнайы басқармасына бас инженер ретінде ауыстырғанға дейін маған Саяно-Шушенск СЭС құрылысына қатысу мүмкіндігі бұйырды. Мен әлі күнге дейін оны мақтан тұтамын. Бұл СЭС кеңес энергетикасының мақтанышы, бетонның көлемі 10 млн текшеметрден асатын биіктігі 240 метр бірегей доғалы-гравитациялық бөгет. Сол кездегі әлемдегі ең мықты СЭС болып табылады! Оның қуаттылығы 6,4 млн кВт құрайды, оны өте ұқыпты етіп, ғасырларға арнап салды. Мұнда құрылысшылардың кінәсі жоқ. СЭС-тегі апат толығымен оны пайдаланып отырғандардың кесірінен орын алды, олар жұмыс барысында роторды бекіту үшін сапасыз түйреуіштерді пайдаланған деген тергеудің нұсқасы бар. Міне дәл осы түйреуішті атып жіберген, қасқағым сәтте СЭС ғимаратын су басқан. Нәтижесінде орасан зор залал келтірілді, ең өкініштісі 75 адам қаза тапты. Бұл қайғыды жағдай немқұрайлылықтың арты неге алып келетінін, оның бағасы қандай болатынын тағы бір еске салғандай.

- Саяно-Шушенск СЭС-те орын алған апат Қазақстандағы СЭС-тарда болуы мүмкін бе?

- Бәрі болуы мүмкін. Жақында ғана Қызылағаш бөгетінде осыған ұқсас жағдай орын алды. Ол жерде жауапсыз жекеменшік иесінің кесірінен бөгет жарылып, жақын маңда орналасқан ауылды түгелдей шайып кетті. Су басу нәтижесінде 43 адам қаза тапты. Әрине, бұл жерде бірінші кезекте осындай қаупі зор су қоймасын жекеменшікке өткізгендер айыпты. Сауаты төмен азамат осындай инженерлік құрылысты пайдалана ала ма? Оның үстіне ол әжептәуір салынған. Бүгінде ол мемлекет есебінен қалпына келтіріліп жатыр, бұл есепте аз емес. «Самұрық-Энерго» АҚ, «Қазсушар» АҚ сынды ірі компаниялар аталған нысандарды сауатты пайдалана алады. Көптеген нысандарда «Гидроспецстрой» компаниясы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу арқылы да жұмыс істеп жатыр. Осыдан бірнеше жыл бұрын Мойнақ су электр станциясының су қоймасын толтыру барысында сол жағалауда айналмалы сүзгілеудің жанасуы пайда болды. Ол су қойманы суға толтыруға мүмкіндік бермеді. Осы ретте, «Самұрық-Энерго» мен «Қазсу» компаниялары жылыстауға қарсы пердені жасақтау үшін жобалық-сметалық құжатнаманы жедел жасап шықты, ал «Гидроспецстрой» бұл жұмыстарды жылдам жүзеге асырды. Айта кетейік бұл жұмыстардың көлемі Новосібір және Братск СЭС жүргізілген цементтеу жұмыстарының көлемімен бірдей.

- Құрылыс жүргізуге болатынын, я болмайтынын, құрылысты қалай жүргізген дұрыс болатынын түсінуге мүмкіндік беретін топырақ түрлері көрсетілген қаланың қартасы бар ма?

- Әрине бар, алайда қанша зерттеп, зерделегенмен құрылыс барысында түрлі «жағдайлар» орын алып жатады. Мысалы Красноярск СЭС-тің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатқан кезде бөгеттен кесе көлденең тектоникалық жарықтың бар екені анықталды. Бастапқыда бұл жарықты милониттен тазартып, үстіне бетон құю ұсынылды. Өз кезегінде бұл көп шығынды қажет ететін еді және көп уақытты жоғалтатын едік. «Гидроспецстрой» мамандары бұл жарықтарды цементтеуді ұсынды және солай жасады.
Өкінішке орай бүгінде осындай карталарға немқұрайлы қарайды, оның үстіне оны жиі жаңартып тұру керек.

- Сұхбатыңызға рақмет!


Жаңалықтармен бөлісу: