Вячеслав Локшин: мемлекеттің азық-түлік өнімдерінің бағасын реттегені жақсы еді

Алматы. 11 желтоқсан. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Ағымдағы жылы қараша айының соңында ҚР парламентінің мәжілісі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын мақұлдады, соған сәйкес 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар бағасына реттеу енгізіледі. Заң шығарушының айтуынша, бағаларды реттеу әр дәріге шекті бағаны бекіту арқылы жүзеге асырылады.

Денсаулық министрлігінде нақтылағандай, дәрі бағасын реттеу мәселесін олар нарық қатысушыларымен бірге қарастырған. ҚР-дағы халықаралық фармацевтикалық өндірушілер ассоциациясы президенті Вячеслав Локшин заң жобасы бір жақты талқыланды деп отыр, сондықтан ол оның ойынша онық қажеттілігіне де, сапасына да әсер етпеген. Келесі жылдың басынан бастап фармацевтикалық нарықты не күтіп тұрғаны жайлы – бүгінгі сұхбатымызда.

- Вячеслав Нотанович, сонымен болашақ заңның нормалары дәрі-дәрмекті шығарушылардың қатысуымен толыққанды талқыланды ма?

- Талқыланды. Жаңалыққа қатысушылар түрлі пікірде болды: кез келген реттеу аз да болса дүрбелең туғызады ғой. Бірақ талқылау барысында бізден оны біз қалаймыз ба, қаламаймыз ба сұраған жоқ, бізді тек мемлекеттің ол туралы не ойлайтынынан хабардар етті. Біздің не ойлайтынымыз толғандырғаны шамалы, тек басқа елдерде ол қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы тәжірибе бөлісуімізді сұрағаны болмаса.

- Яғни, дәрі бағасын реттеу, әсіресе дәріханаларда – біздің ойлап тапқанымыз емес пе? Ол нарық емес пе, ал мемлекет оны реттемек.

- Көптеген еуропалық елдерде барлық дерілік дәрі-дәрмек сақтандыру компаниялары немесе мембюджет қаржысы есебінен жіберіледі, яғни қолдаудың басқа түрлері бар, қалай болғанда да олардың бағалары бұрыннан реттеліп келеді. Ал біздің еліміз секілді мемсатып алу бағасын мемлекет көптен реттеп келе жатқан, бірақ оны басқа салаларда қолданбайтын елдер көп емес.
Алайда шетелдік өндірушінің көзқарасынша, және менің ойымша да, мемлекет тарапынан реттеуде тұрған қорқынышты ештеме жоқ. Өндірушілер әр түрлі елдерде бір бағамен келеді. Ары қарай не болады? Дистрибьютордың үстемесі, дәріхананың үстемесі, егер дәріхана дәріні оны әкелген дестрибьютор арқылы емес, делдалдан алатын болса, бағасы одан да жоғары болады. Баға қандай да бір шектен аспауы керек деген секілді реттеу процесі делдалдардың жойылуына алып келеді, сөйтіп халық дәрілерді қол жетімді бағамен ала алатын болады деп ойлаймын. Бірақ, әрине, нағыз реттеуші - нарық.

- Жалпы Қазақстандағы дәрілер қымбат па?

- Кімнен салыстыратынымызға байланысты. Егер Германиямен салыстырар болсақ, өте төмен, 1,5 есе арзан. Ал егер Түркия мен Ресейге қарар болсақ, онда қымбатырақ, 5-10%-ға. Нарықты салыстыру мүмкін болмай тұрғанда бағаларды салыстыру тым қиын: егер ресейлік нарық болса – $20 млрд, біздікі болса – $1,3 млрд.
Ал жалпы бағалар өзгеріп отырады: доллар бағамына қатысты, бір өңірден екінші өңірге, тіпті қаланың бір бөлігінде бір дәрінің бағасы әр түрлі болады. Бұл әлбетте, бәрінің ашуына тиеді.
Иә, нарықтық экономикада бәсекелестік қана бағаны арзандата алады. Алайда бұл да әркез бола бермейді. Неге? Теңге секілді валюталар секіріп тұрғанда, бұл желілерді доллармен алғандар, теңгемен сатқанда, шығынға ұшырайды, ал жеткізушіге төлем жасауы керек – және дистрибьютор өз қаржысын үстеме қосу арқылы ғана қайтарып алады. Сондықтан мемлекет басшысы (ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев - ҚазТАГ) бағаны реттеу керек деді. Және, мүмкін, оныкі дұрыс та шығар.

- Ал реттелетін баға белгілеу – бұл экономикада бар нарыққа компаниялардың қолы жетімді болуына тағы бір кедергі емес пе? Бұл қазақстандық нарық көлемінің шағын екенін ескере отырып, бірқатар өндірушілердің қазақстандық нарықтан кетіп қалуына негіз болмай ма?

- Бар кедергілер – олар ақылға қонымды деп ойлаймын. Тіркеу, сертификаттау – бұл жасалуы керек нәрсе. Бірақ тапшылық жасап алу қаупі бар. Әзірбайжанда мынадай жағдай болды: өндірушілерден нарығы 100 есе көп және мемлекет (бізде мемлекет жалпы көлемнің 30-35% сатып алады) басты ойыншы болып табылатын Түркия және басқа бірқатар елдердің деңгейіндегі бағаны қоюды сұрады – компаниялар болса кетіп қалды. Және шын мәнінде, Қазақстанда Ресейдегідей бағаны ұстап тұру, айталық, мүмкін емес, себебі нарық әр түрлі, РФ-да ол барынша үлкен.
Бізде барлығы ақылға қонымды етіп жасайды деп ойлаймын. Және оған алғышарттар да бар, ең болмағанда Қазақстанда дистрибьюторлық желі жақсы дамыған, ірі ұлттық дистрибьюторлардың барлық өңірде филиалдары бар. Егер дистрибьюторларға дәрілерге 15% үстеме қосуға рұқсат етсе, дәріханаларға 25% -ға дейін (бүгінде олар одан артық қоспайды да), бұл олардың шығындарын толықтай жабады. Ал оның ең жақсысы науқастар арзан бағадағы дәріні іздеп 10 дәріхананы кезбейтін болады.

- Шекті бағаны реттеуден басқа, мемлекет басшысы басқа да міндет қойды – нарықтағы отандық дәрі өнімдерін шығарушылардың үлесін 50% -ға жеткізу. Бүгінде бұл көрсеткіш қандай? Және отандық өнірушілердің үлесінің артуы бағаның жалпы деңгейіне қалай ықпал ете алады? Отандық дегеніміз-арзан дәрі дегенді білдірмейді ғой. Мәселен, жақында қазақстандық ет өнімдерін дайындаушылар ішкі нарыққа сиыр етінің килограмын $2 бағамен бере алмайтындарын айтты, ал Бразилияда бұл экспорт бағасы.

- «СК-Фармация» компаниясы, біздің мемлекеттік сатып алу бойынша дәрілерді сататын жалғыз дистрибьютор, мемсатып алуда бүгінде мынаған қол жеткізілді, мемсатып алу аясында сатып алынған дәрінің әр екінші орамы отандық. Және мемлекет басшысының тапсырмасы, егер нақты бір дәрі туралы емес, орам туралы айтар болсақ, орындалуға жақын.
Бағаларға келер болсақ, егер отандық өндірушілер көрші нарыққа шыға алса, онда көлемдері үлкен болған жағдайда олардың бағасы бәсекеге қабілетті болады. Тек кішкентай нарық үшін – 18 млн адам – өндіріс пайдасыз болады, отандық өндірушінің айналымы үшін бағалар бойынша бәсекеге қабілетті болуы қиын болады. Бүгінде олардың көбінде 10 жылдық келісімшарттары (бәсекелестік болмаған жағдайда жеткізілімнің белгілі бір көлемі), ал егер келісім шарттарды алып тастасақ, олардың бағалары ресейлік немесе басқа өндірушілермен салыстыруға келмеген болар еді.
Ал енді 50% өндіріске келер болсақ, онда үнемі басқа елдердің тәжірибесіне көз жүгірту керек. Егер тағы да сол Израиль, Франция, Германияны алар болсақ – онда ол жақтарда да отандық өндірушілердің сатылым көлемі 30-35% аспайды. Және бұл қалыпты. Фармөндірістің бүгінде шегі жоқ, және көптеген препараттарды (әсіресе сирек кездесетін аурулар үшін, олар бойынша көлем де көп болмайды) шығару әр ел үшін пайдасыз.
АҚШ тұтынылатын дәрі-дәрмектің 50%-ын шығарамыз деп мақтана алмайды, және ол ешкімге керек те емес. Ендеше, егер Қазақстанның дәріхана айналымында отандық өндірушілердің үлесі 30% жетсе, мұның өзі озық елдер қатарында керемет көрсеткіш болар еді.

- Экономикада «экономика достары» деген түсінік бар – яғни ірі өндіруші нарыққа дайын өнімін саудалау үшін емес, өндірісті сол жерде ұйымдастыру үшін келеді. Қазақстандық фарминдустрияда бұл қағиданы қолдануға бола ма?

- Бұндай жағдай болды. Жалпы барлық ірі зауыттарды шетелдік инвесторлар сатып алды: шыменттікті – поляктар, алматылықты – түріктер, қарағандылықты- ресейліктер. Инвесторлардың келуімен дәріханалардағы дәрілердің бағасы өзгере қойған жоқ, бірақ мемсатыпалуда бұл кәсіпорындар басымдыққа ие.

-Ағымдағы жылдың қараша айының ортасында Алматыда өткен Азиялық фармацевтикалық форумда сіз фармацевтикалық нарықтың дағдарысы туралы айтқан болатынсыз. Оған дәрі-дәрмек бағасын реттеу ықпал ете ме?

- Дағдарыс, әрине бар, оның көрініс табуы қарапайым – адамдар аз сатып алатын болған. Өтіп кеткен девальвацияның әсері сондай, адамдар арзан препараттар сатып алуға тырысады, өз қажеттіліктерін мембюджет есебінен қанағаттандырғысы келеді, валютада нарықтың өсімі жоқ, теңге де тоқырап жатыр, себебі сатып алушылық қабілет өсіп жатқан жоқ қой. Ал егер мемреттеу барысында бағалар тұрақталып, арзандаса – нарық заттай өседі, яғни орамдар көбейеді, бірақ ақша емес.
Және фармнарықты экономикадан жалпы бөлек алып қарауға болмайды. Экономика ақырын өседі, ол 6-8% өседі деп жоспарланса, іс бойынша ол 4%-дан төмен, валюта мен сатып алушылық қабілет екі есе төмендесе, жалақы 10-20% өсті. Және дәрі-дәрмек бағасының қымбаттағаны туралы сөз қозғалғанда, онымен бірге азық-түлік нарығы туралы да айту керек – ол салада да бағалар қымбаттап жатыр ғой. Және егер дәрі-дәрмекті біз анда-сада алсақ, нан мен сүтті күнде аламыз. Сондықтан, менің еркім болғанда, мен бағаларды реттеуде азық-түлік нарығын таңдар едім. Дәрі-дәрмек саласында қажеттіліктерді ішініара мемлекет жабады, ал нан мен қаймақты ешкім тегін рецепт бойынша алып жатқан жоқ.

- Сұхбатыңызға рақмет!

adimage