Астана. 11 қараша. ҚазТАГ - Мирхат Әжіғалиев. «Қазақ елі» фильмін түсіруге Т150 млн жиналды, деп мәлім етті киножобаның продюссері Арман Асенов.
«Бүгінге 150 млн теңге жиналды», - деді А. Асенов сәрсенбі күні журналистердің сауалына жауап беріп.
Сондай-ақ ол ірі өндірістік топпен келіссөздер жүргізіліп жатқанын, олар жобаға Т500 млн аудармақшы екенін айтты.
Бұл ретте А. Асенов фильмнің бастапқы сценарийі қысқартылғанын еске салды.
«Сценарийді үш рет қысқарттық, енді тағы бір қысқартуды фильм көтере алмайды. Оқиғаның желісі жоғалып қалар еді, сондықтан блоктап қырқуға тура келді. Осы қысқартулардың барлығынан соң кино бюджеті 2 млрд 167 млн (теңге - ҚазТАГ) болды», - деді А. Асенов.
Оның айтуынша осы жолы қаржыландыру жеткілікті болуы керек, және 2016 жылғы Наурыз қарсаңында сериалдан басқа киножоба да шығады.
«Иә, әрине. Кино дегеніміз математика іспеттес, барлығы оңай есептеледі, тексеріледі. Қалай болғанда да фильм шығады. Біз сериалдан басқа, кионжобасын да дайындап жатырмыз. Сериал көбінесе аға буындарға болса, киножоба – жастар үшін. Наурызға ол шығады – фильм де, сериал да арасына екі апта салып шығады», - деп қорытындылады продюссер.
Қатысты сілтемелер
-
Сейсенбі күні Қазақстанның басым өңірінде жауын- шашынсыз ауа райы күтіледі
10 Қыркүйек 2024, 08:53 -
Шымкентте полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
9 Қыркүйек 2024, 17:22 -
Тоқаев Бектеновке бірқатар тапсырма берді
9 Қыркүйек 2024, 16:55 -
Тоқаев еліміздің әскери ұйымын жетілдіруді тапсырды
9 Қыркүйек 2024, 16:45