«Қазақстандық – Кеңес Одағының батырлары» экциклопедиясы 47 жылдан кейін жаңартылған нұсқамен шыққалы отыр

Күні: 16:08, 29-01-2015.

Астана. 29 қаңтар. ҚазТАГ – «Қазақстандық – Кеңес Одағының батырлары» экцинлопедиясы 47 жылдан кейін жаңартылған нұсқамен шыққалы отыр, деп хабарлады «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметі.
«Отан қорғаушылар күніне орай Кеңес одағының қазақстандық батырлары, Даңқ және Халық қаһарманы Орденінің толық кавалерлері туралы кітаптың тұсауы кесіледі. Бұндай сипаттағы соңғы басылым 1968-1969 жылдары шыққан», - делінген бейсенбі таратылған хабарда.
Партия хатшысы Фархат Қуанғановтың айтуынша, қазіргі таңда әскери және тарихшы-кеңесшілердің, депутаттық корпус пен меморгандардың өкілдері қатарынан басылымның редакторлық кеңесін құру туралы ұсыныстар құрылған.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, соғыс жылдары 500 қазақстандық Кеңес Одағының батыры атанды, 100-ден астамы – Даңқ Орденінің толық кавалері, төртеуі Кеңес Одағының батыры атағына екі мәрте лайық болды. Олар – Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов және Сергей Луганский.


Жаңалықтармен бөлісу: