Алматы. 15 қыркүйек. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. «Қазақтелеком» АҚ қызмет көрсету туралы келісімшарт бойынша Ұлттық баспасөз клубы (ҰБК) тапқан пайданы шығын деп есептепті.
«(«Қазақтелеком» АҚ шағымындағы келген шығын деген сома – ҚазТАГ) баспа басылымдарына төлеген ақы мен Ұттық баспасөз клубы алған сомалардың айырмашылығы», - деді «Қазақтелеком» АҚ заң департаментінің менеджері Айгүл Дайырова бейсенбі күнгі сот отырысында.
Бұл ретте, деді ол, «Ұлттық баспасөз клубы» ҚБ пен «Қазақтелеком» АҚ арасындағы келісімшартта ҰБК-ға аталған келісімшартты орындағанда пайда табуға болмайды деген тармақ жоқ.
Ол аз десеңіз, А. Дайырова, «Қазақтелеком» АҚ-дан ҰБК ҚБ алған сома келісімшарт пен оған қосымшаларда көрсетілген сомадан аспағанын растады.
«ҰБК атқарған жұмыстар туралы Қазақтелеком атына берген шот-фактуралар келісімшарт пен №3 қосышада көрсетілген сомалардан асып кетеді ма? – адвокат) Барлық жылдары асқан емес», - деп растады А. Дайырова.
Одан басқа, А. Дайырова, тендерлік комиссияда ҰБК қызметінің бағасы бойынша ешқандай сауалдар туындаған емес екенін мәлім етті.
«Тендерлік комиссияда қызмет бағасына қатысты қандай да келіспеушілік болған ба? Жылпа қызмет бағасы лот бойынша бекітілген бюджеттен асқан ба? – адвокат) Қандай шағым болуы мүмкін, егер тендерлік құжаттардың барлығы Маханбетәжиевтің («Қазақстелеком» АҚ бас әкімшілік директоры Батыр Маханбетәжиев – ҚазТАГ) тапсырмасымен ҚР заңнамасы негізінде дайындалғанын Исакованың («Қазақтелеком» АҚ баспасөз қызметінің экс-басшысы Юлия Исакова – ҚазТАГ) өзі айтып отырса. (Маханбетәжиев немесе Исакова тендерлік комиссияға қандай да қысым көрсете алуы мүмкін бе? – адвокат) Жоқ, ол алқаның шешімі», - деді ол.
Өз кезегінде адвокат Мәдина Бакиева «Қазақтелеком» АҚ шағымында шығын ретінде көрсетілген сома «Ұлттық баспасөз клубы» ҚБ аталған келісімшарт бойынша көрген пайдасы болып табылатынын растады.
Қатысты сілтемелер
-
Әли Алтынбаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды
16 Қыркүйек 2024, 16:45 -
Жанат Элиманов қайтадан Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды
16 Қыркүйек 2024, 16:29 -
МАЭК турбоагрегатты күрделі жөндеуге Т1,1 млрд астам мемлекеттік қаражатты жұмсамақ
16 Қыркүйек 2024, 16:11 -
Тоқаев пен Олаф Шольц келіссөз залына барды
16 Қыркүйек 2024, 16:03