«Қазақтелекоммен» болған келісімшартта бағаны артығымен көрсету болған жоқ, деп мәлім етті сотта Матаев

Күні: 16:54, 22-09-2016.

Алматы. 22 қыркүйек. ҚазТАГ - Мәдина Әлімханова. «Қазақтелекоммен» болған келісімшартта бағаны артығымен көрсету болған жоқ, деп мәлім етті сотта Сейтқазы Матаев.
«Баға көтеріліп көрсетілмеді. «Қазақтелеком» жыл сайын аударып отыратын ақша көлемі болды, шамамен Т130-132 млн. Біз осы сомадан аспадық. Олар өздеріндегі бюджетті былтырдан бастап қалыптастыра бастады дейді. Біз тендерлік комиссияға кірмедік. Баға артығымен жазылмады. Прайс-парақша болды. Біз өзіміз прайс-парақшаны жасай алмас едік қой. Әр редакцияда прайс-парақша болады. Бірақ жарияланым көлемі көп болғаны себепті бізге жеңілдіктер берді», - деді С. Матаев бейсенбі күнгі сотта.
Бұл ретте оның айтуынша, Ұлттық баспасөз клубына жеңілдіктер орташа алғанда 30% болды.
«Бізге жеңілдіктер 20%-дан 50%-ға дейін болды, Ұлттық баспасөз клубына жеңілдіктер орташа алғанда 30%. Редакция кез келгенге осындай жеңілдіктер береді, Ұлттық баспасөз клубына деген айтарлықтай ерекшелік болмады.
Сондықтан біз «Қазақтелеком» арқылы игерген Т393 млн-ның Т143 млн – ол 27,5%. Бұл жеңілдік. Бізде әр БАҚ-пен келісімшарт жасалған. «Қазақтелекомнан» Юлия Исакова мұны кіріс деп атады. Біз оны маржа дейміз. Біз оны адал, ешнәрсені бұзбай таптық. Онда ең бастысы бюджеттен асып кетпей, барлық көлемдерді сақтау ғой. Көлемдер жаман болған жоқ, және әр редакция жеңілдіктер беріп отырды», - деп түсіндірді С. Матаев.
С. Матаев айтқандай, «Қазақтелеком» АҚ Ұлттық баспасөз клубымен жұмыс істеуге толығымен құқығы болды.
«Қазақтелеком» айтып жатыр, Ұлттық баспасөз клубымен жұмыс жасауға құқығы болмаған деп. Барлық ұлттық компаниялар, барлық меморгандар жарнамалық агенттіктер арқылы жұмыс жасайды. Ұлттық компаниялардың өздері шығып өздері келісімшарттар жасауы мүмкін емес. Ол өте қиын. Арнайы мамандандырылған жарнамалық агенттіктер бар, оның үстіне Ұлттық баспасөз клубы толық циклды компания болып табылады. Біз басқа барлық компаниялармен осылай жұмыс жасадық, барлығымен жеңілдіктер болды», - деді ол.
С. Матаевтың айтуынша «Қазақтелеком» АҚ пиар материалдарды орналастыруын тендерден бірнеше ай бұрын бастап отырған.
«Қазақтелеком», басқа ұлттық компаниялар секілді жыл басынан бері өз бетінше материалдарды, редакциялауды қажет етпейтін жарнамалық модульдерді, орналастырды. Конкурс кейде қыркүйекте де өткізілетін. Бұл ретте олар тендерді кім ұтса соның төлем жасайтыны туралы ауызша және жазбаша міндеттемелер беретін.  Екінші жартыжылдықта біз конкурс жеңімпазы болдық, және «Қазақтелеком» бұған дейін ауызша келісім бойынша материалдар жариялағанын және шарт аясында төлем жасау керегін айтты. Ұлттық баспасөз клубы тарапынан шарттан тыс ешқандай да төлем жүргізілген жоқ, және біздің төлем жасауға құқымыз да болған емес, себебі тендер жеңімпазы болған жоқпыз.   Және сосын пиар-материалдар кетті. Материалдардың бір бөлігін біз өзіміз әзірледік, бір бөлігіне редакиялардан өтіндік, олар журналистерін бөлді, себебі журналистердің барлығы телекоммуникациялық тақырыпқа жаза бермейді», - деп түсіндірді ол.  
Бұл ретте, С.Матаев атап өткендей, «Қазақтелеком» АҚ қаржысы түскенге дейін Ұлттық баспасөз клубы  жарияланған материалдарға өз қаржысы есебінен төлем жасаған.  
«Тендерді ұтып алған кезде орындалған жұмыстар актісі болады. Олар ақшаны бір айдан кейін аударады, алайда «Қазақтелеком», олар күтпейді, сіздерде айналымда қаржы бар, шарт аясында төлеңіздер деп өтінді.  Біз келістік, «Қазақтелекомнан» қаржы түскенше өз қаржымыздан төлем жасадық, онда қомақты қаржы болатын. Алғашқы жарты жылда қанша модуль болғанын білесіздер ме? Біздің айналымда қаржымыз болды, біз тендерді жеңіп алдық, ақшаның ақыры түсетінін білдік, және сол ақшаның барлығы «Қазақтелекомнан»  бізге жыл аяғында түсті. Алайда, шарт болғандықтан, біз, әлбетте, төледік», - деп түсіндірді С.Матаев.


Жаңалықтармен бөлісу: