«Қазақтың хандары» кітабы мектеп оқушылары мен студенттерге пайдалы болуы мүмкін деп есептейді кітап авторы

Күні: 18:05, 03-07-2015.

Астана. 3 шілде. ҚазТАГ – Бауыржан Мұқанов. «Қазақтың хандары» кітабы мектеп оқушылары мен студенттерге пайдалы болуы мүмкін, деп есептейді ҚР білім және ғылым министрлігінің жанындағы  тарих институтының директоры Бүркітбай Аяған.
«Кез келген қызықты кітап алдымен сынақтан өтеді. Білім және ғылым министрлігі арнайы бұйрық шығарып, типтік бағдарлама бекітіледі. Әрине, Қазақ хандарының тарихы онда орталық тақырыпта тұр. Сондықтан аталған кітап Қазақ хандығының құрылу тарихына қатысты кітаптар тізімінде болуы әбден мүмкін», - деді Б. Аяған жұма күнгі баспасөз мәслихатында.
Өз кезегінде ҚР ұлттық ғылым академиясының академигі, тарих және этнология институтының директоры Хангелді Әбжанов, 2001 жылы Тұрсын Сұлтановтың «Ақ киізге көтерілгендер» атты монографиясы жарық көргенін қоса айтты.
«Онда Керей мен Жәнібек ханнан бастап Тәуке ханға дейін 15 ханның өмірбаяндық мәліметтері берілген. Кәрібаевтың кітабында сіздер 17 ханның тарихын табасыздар. Сөйтіп, автор бұрын  тарихқа беймәлім болған екі хан туралы айтып берді. Осысымен Берекеттің біздің тарихтың көмескі тұстарын ашуда сіңірген еңбегі құнды», - деп есептейді ол.
Кітап тиражы 7 мың дана. Басылым қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шықты. Тарихи-
танымдық «Қазақ хандары» кітабының шығарылуы  Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған.
Кітап авторы – академик, тарих ғылымдарының докторы Берекет Кәрібаев.


Жаңалықтармен бөлісу: