«Әділ сөз»: жала жабуды қылмыс деп танымаудың орнына ұсынылған заң жобасындағы жазалар одан да қатал

Алматы. 3 наурыз. ҚазТАГ – «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне жала жапқаны үшін жауапкершілік мәселелері бойынша толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасын мұқият зерделеп, ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жолдады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Қазақстанның Журналистер қауымы Сіздің жала жабуды қылмыс деп танымау туралы шешіміңізді зор қуанышпен қарсы алды. Бұл шешім еліміздің халықаралық міндеттемелеріне жауап береді және азаматтық қоғамның көптен күткені болатын. Алайда ҚР бас прокуратурасы ұсынған «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне жала жапқаны үшін жауапкершілік мәселелері бойынша толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасы, негізінде, қылмыс деп танымаудың орнына одан да қатал жазаны ұсынып отыр, шын мәнісінде сөз бостандығының конституциялық кепілдігіне қысым жасайды», - делінген сейсенбідегі «Әділ сөз» қорының ашық хатында.
Заң анықтағандай, қор атап өткендей, «абырой – тұлғаның өзіндік қасиеттерін іштей өзінің бағалауы, ар-намыс – ол тұлғаны қоғамдық бағалау, оның рухани және әлеуметтік қасиеттерінің шарасы, тағы да ар-намыс иесінің қабылдауынша».
«Осылайша, тұлғаның абыройы мен ар-намысын кемсіту – өте жеке түсінік», - делінген хатта.
«Әділ сөз» еске салғандай, «қазіргі таңда ар-намыс және абырой секілді субъективті санаттарды қорғау бойынша қылмыстық секілді, азаматтық процестер де зардап шегушінің немесе өзін сондай деп танитын адамның арызы бойынша жүргізіледі; кінәлі сот шешімімен зардап шегушіге моралдық шығынын өндіретін қандай да бір соманы төлейді».
«Заң жобасы құқықбұзушылықтың бұл түрін жеке жария етеді, әкімшілік хаттама енгізеді және оларды толтыруға ішкі істер органдары ғана құқылы. Заң жобасында айыппұлдың өте үлкен сомасы ұсынылған, бірақ зардап шегушіге ешқандай моралдық шығынын өтеуді қарастырмайды. Адамдардың жеке дауларына негізсіз мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану ұсынылады, оған әкімшілік тәртіпте ұстау, мәжбүрлеп жеткізу және тағы басқалары жатады. Ар-намысы мен абыройын қорғау туралы жеке дауларды шешу мемлдекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдана отырып, әкімшілік тәртіпте шешілуі мүмкін емес деп санаймыз. Құқықбұзушылықтың осы түрін ҚР Азаматтық кодексіне енгізу үшін жала жабуды қылмыс деп танымау туралы заң жобасын әзірлеуді ҚР Жоғары сотына тапсыруыңызды сұраймыз», - делінген Тоқаевтың атына жазылған қор хатында.
Егер сіз «Әділ сөз» ұстанымымен келіссеңіз, мына жерге жазылыңыз.
Еске салсақ, 2019 жылдың 20 желтоқсанында ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жала жабу туралы бапты қылмыс деп танымау және оны қылмыстық кодекстен әкімшілік кодекске ауыстыру туралы шешім қабылдағанын хабарлаған еді.
ҚР ҚК жала жабу және кемсіту туралы бабы құқыққорғаушылар тарапынан тұрақты түрде сынға ұшырап келеді, себебі билікті сынға алатын көптеген БАҚ пен азаматтық белсенділер нақты осы бап бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Аталмыш бапты қылмыс деп танымау туралы Қазақстан билігін халықаралық қоғамдастық өкілдері де, соның ішінде БҰҰ деңгейінде де бірнеше мәрте шақырған еді.
2020 жылдың 2 ақпанында ҚазТАГ ХАА Қазақстанда жала жабуды қылмыс деп танымау туралы түзетулер жобасының ұсынылғанын хабарлады.

adimage