Алматы. 19 қазан. ҚазТАГ – «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА географиялық тұрғыдан тиімді орналасуы оның болашағы зор дистрибуциялық орталық болуына мүмкіндік береді, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.
«9 қазанда Қазақстанда ресми тіркелген дипломатиялық корпустың және әлемдік озық БАҚ өкілдері «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА нысандары, «Алтынкөл» станциясы, Қазақстан-Қытай халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығында болды (ХШЫО)», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
АЭА-да кездесуге «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығы мен ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, қатысты. «ҚТЖ» ҰК» АҚ салған «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА жаңа экономикалық саясат «Нұрлы жол» бағдарламасы нысандарының бірі.
Президент Н.Назарбаев атап өткендей, «Қазақстанның жаңа экономикалық саясатының негізі – инфрақұрылымды дамыту. «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар экономикалық өсудің инфрақұрылымдық негізін қамтамасыз етуге бағытталған.
«Жетіген – Қорғас, Жезқазған – Бейнеу темір жол желілері, Батыс Еуропа – Батыс Қытай автомобиль дәлізі мен Ақтау теңіз порты, «Қорғас- Шығыс қақпасы» АЭА Қазақстанның әлемдік көлік және сауда жүйесіне ықпалдасуын қамтамасыз етеді», - делінген хабарда.
Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері, сондай-ақ Еуропа, Парсы шығанағы т.б маңызды бағыттардың тоғысатын жерінде орналасқан «Қорғас - Шығыс қақпасы» АЭА Жаңа Жібек жолы желісіндегі жүк ағындарын шоғырландыру орталығы болып табылады. Қазақстанның мультимодальдық логистикалық желісін дамытуға қолайлы мүмкіндігі, ірі өндірістік кәсіпорындарда және сауда жүйелерін ұйымдастыруда әлемдік деңгейдегі болашағы зор дистрибуциялық орталық болып қалыптасуға әлеуеті жеткілікті.
«Қорғас - Шығыс қақпасы» АЭА-да дипломатиялық миссиялардың алдында «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Қанат Алпысбаев сөз сөйледі.
Ол атап өткендей, «Қазақстан, Еуразияның қақ ортасында орналасып, транзиттік әлеуеттің дамуына ерекше көңіл бөледі. Бүгін, Қазақстан мен Қытай арасындағы құрғақ жүк дәлізі көлік-транзиттік әлеуетін арттыру мақсатында шекарада 40 млн.тоннадан жоғары көлемде жүк тасымалдауға мүмкіндік беретін темір жол және логистикалық инфрақұрылым салынды».
Сондай-ақ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ көлік және логистика қызметтерін ұсынуға дайын. Соңғы 5 жылда Қытай-Еуропа бағдарындағы транзит көлемі 17 есе өскендігін Қ.Алпысбаев атап өтті.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенінің айтуы бойынша, Қазақстанда «Rail Air» сызбасы негізінде мультимодальды тасымалдау серіктестеріміз үшін логистикалық шешімнің оңтайлы түрі болмақ. Бұл сызба жүкті Қытайдан Қазақстанға контейнерлік пойыздар арқылы, ал Қазақстаннан Еуропаға әуе тасымалы арқылы жеткізуді қамтамасыз етеді.
Бұл күні Форум ұйымдастырылды. Форумда «KTZ – Khorgos Gateway» ЖШС бас директоры Карл Гейсен «KTZ – Khorgos Gateway» ЖШС Құрғақ порт жобасын Dubai Port World әлемдегі ірі логистикалық оператормен бірлесе жүзеге асыру» тақырыбында тұсаукесер рәсімін өткізді.
Ол өз сөзінде «Khorgos Gateway» Қазақстандағы алғашқы жер порты, сондай-ақ Орталық Азиядағы ең ірі логистикалық парк. Құрғақ порттың жүкті қысқа мерзімде тиеу-түсіру мүмкіндігі тауарларды Жаңа Жібек жолы арқылы тез әрі тиімді тасымалдауға мүмкіндік беретіндігін атап өтті.
«KTZ – Khorgos Gateway» Құрғақ порты екі ай ішінде 10 мыңнан стам ДЭФ орындады, сонымен қатар жиынтық-дана өнімдерді өңдеу жұмыстары да белсенді жүргізіліп жатыр. ЕО-тан ҚХР-ға және ҚХР-нан Еуразия континентінің нарығына автокөліктерді тасымалдау ұйымдастырылып жатыр. Жергілікті тұрғындарды жұмысқа тарту арқылы шташ құрылған. Олар әлемнің көлік-логистика орталықтарында шеберліктерін шыңдап жатыр.
Бүгінгі таңда «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА мен Алтынкөл станциясы арқылы транзитті контейнерлік пойыздарды өткізу туралы HewlettPackard, DBSchenker, Toyota, FESCO, BRAVIS компанияларымен келісім шартқа қол қойылған.
«Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығында «KTZ Express» АҚ президенті Санжар Елубаев дипломаттарға Қазақстан-Қытай арасындағы бірегей жобасының маңыздылығы туралы айтты. «Қорғас» ХШЫО-ның негізгі мақсаты шекаралық, сауда-экономикалық серіктестік пен Ұлы Жібек жолындағы халықаралық туризмді дамыту болып табылады. «Қорғас» ХШЫО құру халықаралық сауда мен ҚР, ҚХР аумағынан визасыз өту арқылы туристік индустрияны дамытуға, сауда шарттарын жасасуға қосымша мүмкіндік береді.
«Қорғас» ХШЫО-да экспорт-импорттық сауда операциялары мен контрактілі логистика бойынша 5 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жұмыстары басталды. Тағы 10 жоба қарастырылып жатыр. Жобаларды инвестициялаудың жалпы көлемі 300 млн.долларды құрайды.
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ салған «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА ірі жобасы Қазақстанның транзиттік-көлік әлеуетін дамытуға зор серпін береді және Жаңа Жібек жолы экономикалық белдеуінің қалыптасуына өз ықпалын тигізетін нысан болмақ.
Қатысты сілтемелер
-
Жамбыл облысында автомобиль өткізу пунктін салуға Т10 млрд астам жұмсамақ
6 Қыркүйек 2024, 16:18 -
Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды
6 Қыркүйек 2024, 16:16 -
Астанадағы Тельман кенті ауданында техникалық суағар салуға Т15,3 млрд жұмсамақ
6 Қыркүйек 2024, 14:54 -
Қазақстанның бірқатар өңірінде жауын-шашын және үсік күтіледі
6 Қыркүйек 2024, 14:51