Құралай Узурова: Келесі қысқы Олимпиада ойындары мәнерлеп сырғанаушылар үшін «біздікі» болады

Алматы. 5 наурыз. ҚазТАГ - Владимир Радионов. Бір апта бұрын Кореяның Pyeongchang қаласында өткен Олимпиада ойындарына Қазақстан жалғыз медаль әкелді - Юлия Галышева могулда қола жүлдеге ие болды.
Өкінішке орай, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен мен енді көрініп жүрген жұлдыз Элизабет Тұрсынбаева мен Айза Мамбековалар құрамына кіретін конькимен сырғанау командасына үміт болғанымен, олар құрмет тұғырына көтеріле алмады. Қазақстан Республикасының мәнерлеп сырғанаудан бас бапкері Құралай Узурова айтқандай, олар қолдарынан келген барлық мүмкіндіктерін көрсетті, бірақ барлық негізгі жеңістер олардың алдында тұр.

- Құралай Рахатқызы, сіз біздің командамыздың жұмысына қанағатсыз. Бірақ, шынын айтқанда, көп нәрсе күттіңіз бе? Не қолдан келмей қалды?

- Әрине, бұл спортшыларды біле отырып, не істей алатындығын біліп, Денис Тен мен Елизавет Тұрсынбаеваның тұғыр үшін күресе алатын, жарыстарға қатысатын танымал спортшылар екенін ескере отырып, көп нәрсе күткенбіз.
Барлығы барынша дайындалып, Олимпиада ойындарында өздерінің шыңдарында ойнағысы келді, бірақ, өкінішке орай, адамдар ауырып қалады, жарақат алады және бұл жағдайда шыңға шығу қиын болады. Денис жарақат алды, сондықтан ол барлық элементтерді аяқтай алмады.
Бірақ бәріміз де бұл тұғырда тұра алатын ұлы мәнерлеп сырғанаушы екенін білеміз.
Осылайша біздің үш олимпиадашы мәнерлеп сырғанаушылар жарақат алды. Бірақ, мен бұл спортшыларды білемін, олардың күшті тұлғалар екенін біліп, олардың ешқайсысын басынан бастап кері қайтпағандарын сыйлаймын.
Бірақ конкурсқа қатысудан бас тартып, жаттығу мінбесінде тыныштықпен отыруға болады ғой (кез келген жағдайда, олар квота алды және олардың билеттері болды) және өздерін көрермен ретінде көруге болатын еді. Қалай болғанда да, бәрі алға шығып, бәрін көрсетті.
Сондықтан нәтижеге ризамын, әсіресе Лизаға, себебі 12-ші орын өте жоғары. Әрине, ол орындарды және одан жоғары орындарды иелене алады, бірақ жарақаттанғандықтан күрделі секірулер жасауға қиын болды. Лиза 2017 жылдың сәуір айында Әлем чемпионатының қорытындысында біздің еліміз үшін Олимпиадаға екі квота алды, бұл біздің ел үшін де жетістік.
Қазақстанды және Айза Мамбекова өте жақсы ұсынды. Айзаны дайындау ресейлік жаттықтырушы Алексей Мишинмен бірлесіп өткізілді. Бірақ қайтадан алған жарақат кедергі болды. Қыркүйек айында залда жаттығу кезінде ол секіріп қонған кезде саусақ сүйектің сынығын алды. Олимпиадалық ойындарға Айза үш секірісті дайындап үлгерді. Олимпиаданың басталуы жеткіліксіз - тек үш бастау болды.

- Мәнерлеп сырғанау - төрешілерде субъективизм элементі бар спорт түрі. Соңғы олимпиадада төрешілікті қалай бағалайсыз?

- Спортшы немесе жаттықтырушы төрешілердің әділетсіздігі туралы пікірін білдіргенде – бұл жерде ақталудың үлесі бар секілді. Егер спортшы басқалардан биік сырғанаса, оны бағаламау өте қиын, секірулердің, айналу деңгейінің белгілі бір кестесі бар.
Әрбір төреші өз елін тартады деген пікірлер бар, әрине, белгілі бір блоктарды құрып жатыр: Азия бірге жұмыс істейді, ТМД елдері ... Мүмкін, бұл бір жерде бар да шығар. Бірақ егер конькимен екі есе жоғары сырғанаса, кез-келген блок бар болса да, оны төрешілер тарапынан елемеу қиын.
Бір жерде, бәлкім, саясат та рөлін атқарар. Егер екі спортшы бірдей бағдарлама дайындаса, біреуі Жапониядан, екіншісі Қазақстаннан болса, жапондықтар бүгінгі күнде көп ұпайға ие болады, өйткені бұл ел осы спорт түрінде дамыған, мәнерлеп сырғанау үшін бұл көп нәрсе жасады.
Бірақ Қазақстан бұл процеске араласты: бізде тамаша Азиада және Универсиада болды, біз үлкен шараларды лайықты түрде өткізе алатын ел ретінде танылдық, бірақ Ресей мен АҚШ секілді елдердің қатарына кіру үшін ол жеткіліксіз, оларда көптеген спортшылар жеңіске жетті, көптеген медальдар алды.
Сондықтан біз ақырын жүріп жатырмыз, өйткені КСРО ыдырағаннан кейін бәрі нөлден басталды. Мүмкін, бұл қозғалыс біреуге баяу болып көрінеді, бірақ бар, Қазақстан үшін серпініс өте зор. Олар менен сұрады: «Неліктен Айза Мамбекова 30-шы орынды иемденді, ол таза сырғанады ғой?». Не айтайын? Өзі үшін ол өте жақсы сырғанады. Біріншіден, бұл қыз бала жасөспірімдерден ересектерге енді өтіп келді, ал екіншіден, жарақат оған орнында айналдыруға мүмкіндік бермеді, ол каскадта керемет жұмыс жасады, бірақ бұл элементтердің бағасы жоғары емес, сондықтан осындай бағалар.
Бағдарламаның таныстырылымы, хореография, конькиді ұстау деңгейі, қысқа бағдарламадағы элементтер арасындағы байланыс жоғары деңгейде болды.
Болашақ жарыстар үшін біз басқа нәтижелерді жоспарлап, көп жұмыс істейміз, Құдай қаласа, жақсы өнер көрсетеміз деп отырмыз.

- Элизавет пен Айза 2022 жылғы Олимпиадаға қатысу үшін күресетініне күмәнім жоқ. Ал Денис? Сочи ойындарынан кейін өз мансабын аяқтағысы да келген еді ғой.

- Мұны өзі шешеді. Бірақ оның мәнерлеп сырғанауға берілгендігі соншалық, мүмкін ол бізді тағы олимпиада кезеңінде қуантатын болар. Біз Алена Савченконы (Германия – ҚазТАГ) көрдік, ол бүгінде 34 жасында жұптық сырғанауда олимпиада алтынына ие болды. Біз Каролинс Костнерді (Италия – ҚазТАГ) көрдік, ол 30-дан асқан шағында өте жақсы өнер көрсетеді, және ол сияқты ешкім де сырғанай алмайды. Әрине, жас қыздар секіріп жүр, бағдарламаларын да күрделірек қылып алады, бірақ оны Каролина Костнер секілді көрерменге әйелге тән нәзіктікпен ешкім жеткізе алған емес.
Сондықтан – спортшының жасы бастысы емес. Дениске денсаулық тілейік. Егер Денисте бәрі жақсы болса, онда ол 2022 жылғы Бейжің олимпиадасында жақсы көрсеткіш көрсетеді деп ойлаймын.
Енді біздің қыздарымыз туралы айтсақ - Айза мен Лиза – 2022 жылғы Олимпиада ойындарында олардың барлық мүмкіндіктері бар. Мамандардың бағалауынша - Татьяна Тарасованың, Илья Авербухтың – Лиза жарайды, өзінің мақсатына өте сауатты түрде келе жатыр, әр старт сайын жаңаруда, формасы қалыптасып келеді. Егер бұрындары ол әлі жас, сондықтан ересектермен бірге мәнерлепсырғанауға шығару қиын десе, қазір Лиза көз алдымызда өсіп келеді, және ОИ-2022 оның Олимпиадасы болады деп сенемін. Ал өтіп кеткені тәжірибе жинақтап алуға мүмкіндік берген кезең болған сияқты. Олимпиададан басқа ол әлемнің ересектер чемпионатында, гран-при кезеңіне – бұл да тәжірибе жинақталатын негізгі старттар қатысты. Алдағы Олимпиадаға қатысу арқылы ол осындай олимпиадаларға басқаша қарайтын болады, ол өзін барыша жайлы және сенімді сезінетін болады.

- Біздің жетекші мәнерлеп сырғанаушыларымыз негізінен шетелдік жаттықтырушылармен жұмыс жасайды. Бұл қалыпты деп санала ма?

- Айза негізінен Қазақстанда сырғанайды. Ал Лиза мен Дениске келсек ... Әрине, шетелдегі жұмыс – бұл жаттықтырудың мүлдем басқа деңгейі. Уақытты босқа өткізбей, бірнеше чемпионды тәрбиелеп шыққан жаттықтырушыға барғың келеді. Және қасыңда бірге сырғанап жүретін, өзіңді салыстыратын, үйренерің көп спортышлардың, спарринг-жұптардың болуы маңызды. Лиза бір алаңда (канадалық жаттықтырушы – ҚазТАГ) Брайан Орсердің тобында Юдзур Ханью мен Хавьер Фернандеспен сырғанайды.
Алматы қаласының спорт басқармасы біздің жетекші спортшыларымызға өте жақсы көмектеседі. Біздің олимпиадашыларымыз Қазақстанға келгенде жаңа мұз айдындарында сырғанайды. Ол «Алматы Арена» және «Халык Арена». Біз нақты бір сағатын айтпаймыз, бірақ бізге керек болған кез келген уақытта бізге оны тегін ұсынады, және біз сол мұз айдындарында сырғанау мүмкіндігіне ие болғанымыз үшін алғыс білдіреміз

- Бірақ шетелдік мамандармен жұмыс жасау қаншалықты сапалы болса, соншалықты қымбат шығар. мемлекет спортшыларға көмектесе ме?

- Басында спортшылар қаражатты өздері іздейді, жасөспірімдер деңгейінде нәтижесін көрсеткенге дейін. Ал енді спортшы үлкен үміт күттірсе, мемлекет өте жақсы көмектеседі.

-Біздің олимпиадаға қатысып жүрген сырғанушыларымыз – дара. Қазақстанда жұптық сырғанау бар ма?

- Өкінішке орай бізде жоғары дәрежедегі жұптар жоқ. Бір жұп болды билейтін – Карина Узурова және Ильяс Али, Испанияда 2015 жылғы Универсидада 6-орынға ие болды, 2012 жылы Инсбрукте Жасөспірімдер олимпиада ойындарында 6-орынға ие болды. Олар екеуі де Қзаақстан азаматтары болатын, сондықтан оларды барлық жарыстарға шығару оңай болатын.
Қазір жасөспірімдер жұбы бар– Гаухар Наурызова мен Бойсангур Датиев, оларды (ресейлік жаттықтырушы – ҚазТАГ) Александр Жулин дайындап жатыр, бірақ ер бала әзірге Ресейлік, және біз оның қашан Қазақстан азаматтығын қабылдайтынын күтіп жүрміз. Жеке спортшының азаматтығы Универсиада, Азиада және Олимпиада секілді старттарда шығуының міндетті талабы болып табылады.
Жалпы жұптық сырғанау – бұл бөлек тарих. Бұл жарақат алу қаупі өте жоғары спорт түрі және жаттықтыру талаптары да мүлде бөлек, оларға дара сырғанайтындардан басқа мұз алаңы керек. . ал біз дара сырғанайтындар үшін үнемі уақыт таба бермейміз. Оның үстіне Қазақстанда сырғанайтын ер балалар да аз. Бәрі хоккейге барады.

- Айтпақшы, бізде үміт күттіретін жастарды іріктеу жағы қалай?

- Мемлекеттік мектеп пен тегін мұз алаңы болған кезде, іріктеу бір қалыпты және табиғи үрдіс болатын: 500-дің ішінен 100-ін таңдап алатынбыз, сосын 50, соңында үздік деген 2-3 адам қалатын, және олар мықты деген спортшылар еді.
Бүгінде, өкінішке орай, физикалық және ақшалай мүмкіндіктері сәйкес келетін мысалдар аз. Денистің, Лиза мен Айзаның ата-аналарына балаларын қолдағандары үшін рақмет.

- Сіз алдағы жарыстарда жақсы көрсеткішке үміттенетініңізді айттыңыз. Осы маусымда біздің спортшыларымызды қандай старттар күтіп тұр?

- Италияда әлем чемпионаты бар. Лиза соған қатысқалы отыр. Денис – егер денсаулығы жақсарса. Айзаның маусымы аяқталды. Сондықтан келесі маусымға дайындаламыз – 2019 жылғы Красноярскідегі Универсиадаға. төрт құрлықтың чемпионаты, әлем чемпионаты, Қазақстан чемпионаты.

- Сәттілік! Және сұхбатыңызға рақмет!



adimage