Әсет Матаевты қоныстану-абақтысына ауыстырудан бас тарту оның кәсіби қызметімен байланысты болуы мүмкін

Күні: 13:09, 20-03-2018.

Алматы. 20 наурыз. ҚазТАГ - Мәдина Әлімханова. Әсет Матаевты қоныстану-абақтысына ауыстырудан бас тарту оның кәсіби қызметімен байланысты болуы мүмкін, деп санайды «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының президенті Тамара Қалеева.
«Мені (ҚР журналистер одағының төрағасы –ҚазТАГ) Сейтқазы Матаевқа белгіленген мерзім уақыты жеткеннен кейін жарты жыл бойына шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы шешімнің шығып болмағаны ойлантады, ол кезде де түсініксіз жайттар болған. Мен бүгінгі таңдағы Ә.Матаевқа қатысты болып отырған жайттар да С.Матаевпен болған жағдайды еске түісіріп отырғанын жоққа шығара алмаймын. Оң мінзедемелер бар, заңды мерзімі келіп тұр, бірақ кедергілер туып отыр. Мүмкін мұның бәрі Әсет өзінің кәсіби міндеттерін атқара алмау үшін жасалып отырған шығар? Ол ҚазТАГ-тың талантты басшысы бола білді, ол сот рұқсат берген бойдан қайтадан БАҚ-та жұмыс жасайтын болады. Мүмкін олар бар күштерін салып оған кедергі келтіруге тырысып жатқан шығар», - деді Т. Калеева дүйсенбідегі баспасөз мәслихатында. .
Бұл ретте ол атап өткендей, мұндай шешім соттың келтірілген-мыс зиянды өндіру туралы шешімінің орындалуына да кедергі келтіреді.
«Оның материалды залалды толық өтемеуі – бас тартуға негіз бола алмайды. Ол өз кінәсін мойындамай отыр, бірақ ол, заңға бағынатын азамат ретінде сот шешімін орындайды, ол миллионер емес, ол бір ай ішінде миллиардтаған теңгені өтей алмайды. Ол отбасын асырауы және сот шешімін орындауы үшін жұмыс жасауы керек. Ал оған кедергілер тудыруда. Әзірге мұның барлығы түсініксіз және алаңдаушылық тудырады», - деді ол.
Өз кезегінде қорғаушысы Андрей Петров Ә.Матаевтың өтінішін қанағаттандырудан бас тартуға соттың заңды негізі болмағанын атап өтті.
«Сот қаулының тек қорытынды бөлігін ғана оқыды. Мен қорғаушы ретінде, және сотта отырғандардың барлығы естігенімізден есеңгіреп қалдық. Қылмыстық-атқарушылық заңнамаға сәйкес, мен өтінішті қанағаттандырмау үшін судьяның қаулыда қандай себептер келтіруі мүмкін, не жазуы мүмкін екенін елестете де алмаймын. Біздің заңнамада оның бірнеше себептері келтірілген, және олардың тізімі аз ғана. Сот егер ол адам ерекше ауыр қылмысы үшін және экстремизммен байланысты қылмысы үшін сотталған болса, немесе өлім жазасына кесілген болса, немесе ол өмір бойы абақтыда отыруға ауыстырылған болса ғана бас тартады. Әсетке бұл санаттардың ешқайсысы да қатысты емес. Мекеме әкімшілігінің Әсетке барынша жақсы мінездеме бергенін бәріміз естідік. Бүгінгі таңда Ә. Матаеав Т37 млн сома көлемінде шығынды өтеген. Аталмыш жағдайда жазалау шарасын ауыстыру үщін заңда келтірілген залал толық өтелуі қарастырылмаған. Қазір біз сот қаулысын күтіп отырмыз, ертең біз оны аламыз және шағымданамыз деп ойлаймын», - деді 19 наурыз күні А. Петров.
Қазақстан Журналистер одағы басқармасының төрағасы С.Матаев Ә.Матаевтың құқықтарын қорғау үшін халықаралық ұйымдарға жүгінуге дайын екенін мәлімдеді.
«Мен үшін бұл жағдай түсініксіз, қалай болды, немен байланысты. Заңнамаға сәйкес бірнеше талаптар болуы керек: 1/3 мерзімі болуы, ал бұл мерзім ағымдағы жылдың 28 ақпанында болды, тәртібі бұзылмауы. Өздеріңіз білесіз, біз 3 абақтыдан өттік. Еш жерде ешқандай бұзушылық болған жоқ. ол 2-ші немесе 3-ші деңгейдегі оң сипаттамаға ие болуы керек. Әкімшілік комиссияның шешімімен оған 2-ші деңгей берілді. Өтініште оның үш кішкентай баласының бары және оны жұмысқа алуға дайын бірқатар БАҚ-тан түскен хаттар да көрсетілді. Оған бас тартудың ешқандай негізі жоқ. Бұл шектен шыққандық. Демек мен «телефондық құқықтың» рөл ойнағанын немесе Астана тарапынан бақылау болуы мүмкін деп топшылай аламын. Бізде қоғамның назарын аударған іс болды. Біз тағылған айыптармен келіспедік. Мен үнсіз қала алмаймын. Мен халықаралық ұйымдарға жүгінемін. Шетеддік БАҚ-тар да көп телефон соғып жатыр. Егер біз ештеме жасамаған болсақ, неге мен үндемеуім керек?» - деді С. Матаев.
Еске салсақ, журналист Ә.Матаев 2016 жылдың 3 қазанында алаяқтық жасаған-мыс деген айыппен 5 жылға сотталды. Оларға тағылған айыптар барлық тармақтары бойынша теріске шығарылды, ол кінәсін толығымен мойындаған жоқ. Бірқатар халықаралық және құқыққорғаушы ұйымдар қаржы полициясының қылмыстық қудалауы мен сот үкімін тапсырыспен жасалып отыр және саяси астары бар деп санайды.
.


Жаңалықтармен бөлісу: