ҰҚШҰ бас хатшысы Ауғанстандағы жағдайды өте нашар деп атады

Күні: 09:50, 28-12-2015.

Алматы. 28 желтоқсан. ҚазТАГ – ҰҚШҰ бас хатшысы Николай Бордюжа Ауғанстандағы жағдайды ушығып бара жатыр деп атады.
«Бүгіндері НАТО өкілдері не демесе де, олар онда әскерлерін енгізгенде алдына қойған міндеттерін шеше алмады. Ауғанстандағы жағдай ушығып келеді»,- деп айтқан ҰҚШҰ бас хатшысынң ресейлік телеарналарға берген сұхбатындағы сөзін келтіріпті ТАСС агенттігі.
Н. Бордюжаның айтуынша, Ауғанстанның күш құрылымдары террорлық қауіпке қарсы тұрарлық дайындықта емес, және ҰҚШҰ елдері «оны ескерулері тиісті».
«Бүгіндері Ауғангстандағы проблеманы ондағы қалыптасқан жағдайда шешу мүмкін емес, деп есептеймін», - дей келіп Н. Бордюжа тәжік-ауған шекарасының 60% аумағын «Талибан» бақылап отырғанын жеткізді.
ҰҚШҰ бас хатшысы ұйым, Орталық Азияға төнген қауіп-қатерге қарсы тұру үшін, «алыс шептерде» – Сирияда - қосымша қарсы тұру тетіктерін жасауға мәжбүр екенін қадап айтты.
Одан басқа, ҰҚШҰ елдерінің құзыретті органдары биыл жыл бойына ұйымға  мүше елдердің аумағынан 30 мыңнан асатын заңсыз көшіп-қонушыларды шығарып тастапты.
«Егер біз есірткінің заңсыз айналымына қарсы тұру туралы айтатын болсақ, біз жыл бойына героиннің 35 тоннасын анықтадық, пайдалануға жол бермедік немесе наркомафияның көлік-логистикалық тізбегінен алып тастадық. Егер заңсыз көші-қон туралы айтатын болсақ, онда біз үшінші елдердің ұйым елдерінде заңсыз жүрген 30 мыңнан астам азаматын үйым елдерінің аумағынан сыртқа шығарып жібердік», - деді Н. Бордюжа.
Ол сондай-ақ, ақпараттық қауіпсіздікті ұйымдастыру жұмысы аясында «Ислам мемлекеті» террорлық ұйым қатарына адамдарды тартумен айналысып жүрген 57 мың сайт анықталғанын еске салды.
«Ол сайттардың 50 мыңына қатысты шешім қабылданды, қалғандарына қатысты жұмыс жүргізілуде», - деді ҰҚШҰ.
2016 жылы, бас хатшының айтуынша, ҰҚШҰ елдері «Арменияда ҰҚШҰ арнайы мақсаттағы күштерінің аса ірі әскери жаттығулары» жоспарлданып отыр. «Тәжікстан аумағында әскери барлау бөлімшелерінің жекелеген жаттығулары өтеді», - деді ол.


Жаңалықтармен бөлісу: