«ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялары тобы биыл 20 активін бәсекелес ортаға шығарады

Алматы. 28 сәуір. ҚазТАГ – «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялары тобы биыл 20 активін бәсекелес ортаға  шығарады, деп хабарлады компания баспасөз қызметінен.
Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев 28 сәуірде Алматыда өткен Инвесторлар күнінде мәлім етті.
Қ. Алпысбаевтың айтуынша, биылғы Жолдауда көрсетілген, елбасының бизнес ортаны барынша түбегейлі жақсарту тапсырмасы аясында, «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобы бірқатар активтерді бәсекелес ортаға шығармақшы. Бұл шаралар Компанияның стратегиялық дамуы мен жекешелендірудің мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізілуде.          
Көліктік-логистикалық холдингке айналған «ҚТЖ» ҰК» АҚ теміржол компаниясының алдында елдің транзиттік әлеуеттін дамыта отырып, Қазақстанның Жаңа Жібек жолы бойындағы логистикалық хабы болып қалыптасуын қамтамасыз ету.    
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысының айтуынша, «қазіргі таңда ҚТЖ компаниялары тобында мақсатты құрылымдық топтар құрылуда. Олар бейіндік активтерді шоғырландыру мен көлік-логистикалық бизнес сегментін бір бағытқа бейімдеп, сонымен қатар бейінді емес қосымша активтерді жекешелендіруді қолға алуда».
Хабарда атап көрсетілгендей, жекешелендіруге теміржол техникалары мен құрал жабдықтарын шығаратын зауыттар, жүк және жолаушылар тасымалдау сегментіндегі активтер, көлік-логистикалық терминалдар, қосалық бейінді емес активтер шығарылады.
Қ. Алпысбаевтың айтуынша, жекешелендірудің бірінші кезеңінде (2014-2015) 21 актив шығарылып, одан 42,4 миллиард теңге түсті. Компанияның көптеген еншілес кәсіпорындары бастапқы бағасынан жоғары сомаға сатылды. Бұл өз кезегінде жеке сектордың ҚТЖ активіне деген сұранысының жоғары екендігін көрсетеді.  
2016 жылы 11 актив жеке секторға шығарылып, 24 млрд. теңгеге бағаланды. «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ 50% акциясы Evolution сериясындағы локомотивтердің технологиясының меншік иесі мен негізгі жабдықтар жинағын жеткізуші «General Electric» компаниясына берілді.
2017 жылы ҚТЖ компаниялары тобының 21 активі бәсекелес ортаға шығарылады. Олардың ішінде Ақтау халықаралық теңіз сауда порты мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ сенімді басқаруындағы бірқатар өңірлік әуежайлар бар.  
Қ. Алпысбаев мемлекеттік жекешелендіру бағдарламасына қазақстандық және шетелдік инвесторлардың белсенді қатысады деп үміт етеді.  Оның айтуынша, бұл, әрине, бизнес ортадағы инвестициялық ахуалдың жақсарып, елімізде орта және шағын бизнестің дамуына серпін беріп, сол арқылы еліміздің ЖІӨ өсуіне септігін тигізбек.

adimage