Құқыққорғаушы: 16 желтоқсанда Алматыда ұсталған белсенділердің жағдайын білгіміз келеді

Алматы. 24 желтоқсан. ҚазТАГ - Владимир Радионов. Біз 16 желтоқсанда Алматыда ұсталған белсенділердің әкімшілік қамауға алынғандарды қамайтын орындағы жағдайын білгіміз келеді, деп мәлімдеді құқыққорғаушы Ерлан Қалиев.
«Бізге түскен тізімге сәйкес, қамаудағылардың 26-сы аштық жариялаған. Олардың неге олай жасағандарының себебі бізге белгісіз. Адвокат Жанар Балғабаеваның айтуынша, қамауға алынғандар мекеме қызметкерлері тарапынан қысым көрсетіліп жатқанына шағымданған. Тәуелсіз бақылаушыларды аталмыш тәртіптік нысанға кіргізбейді», - деді Қалиев сейсенбі күні агенттік тілшісіне.
Осы жағдайда құқыққорғаушылар Қазақстан омбудсменіне көмек сұрап жүгінген. «Мен ҚР омбудсмені (адам құқығы жөнінде уәкілетті Эльвира – ҚазТАГ) Азимованың атына мекемеге Ұлттық превентивті механизмі комиссиясының мүшелерін жіберу туралы өтініш жасадық. Бүгін маған рұқсат берілді деп хабарлады. Құқыққорғаушылар мен азаматтық белсенділер тобы – біз қазір мекеме қабырғасында олар кедергісіз кіріп, арызданушылармен кездесіп, олардың аштық жариялауына ненің себеп болғанын анықтау үшін комиссия мүшелерін күтіп отырмыз. Сондай-ақ, әкімшілік тарапынан секілді, басқа адамдардан да қысым көрсетіліп жатқаны рас па, соны білу үшін», - деді құқыққорғаушы.
Оның айтуынша, аталмыш азаматтарға қатысты заңсыздық оларды ұстаған сәттен бастап басталған.
«Оларды бейбіт акцияға шыққандары және өз пікірлерін білдіргені үшін заңсыз қамауға алған. Айта кету керек, оларды қамауға алуға байланысты аппеляциялық қарсылық қаралып жатқанда мекемеге тәуелсіз бақылаушылар кіргізілген жоқ, ал ҰҚК, прокуратура мен басқа да органдар қызметкерлері еркін кіріп-шығып жүр», - деп атап өтті Қалиев.
Еске салсақ, Алматыда 16 желтоқсанда Республика алаңында заңсыз митинг өтті. Тәуелсіздік ескерткіші алдында 50 шақты адам жиналды, олардың арасында 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының қатысушылары, қоғамдық белсенділер, саясаткер Жанболат Мамай және басқалары бар. Митингте сөз сөйлеген Мамай 16-17 желтоқсанды ұлттық аза тұту күні, бірлік күні деп жариялауға шақырды. Сосын жиналғандар 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алған.
Сонымен қатар ескерткіш алдында «Оян, Қазақстан» қозғалысының мүшелері жиналып, «Біздің еркіндігіміз барлық түрмеден мықты» («Наша свобода сильнее всех тюрем»), «Менің даусым естілсе деймін» («Хочу, чтобы мой голос что-то значил»), «Адамның жаны кісенді білмейді» («Душа человека не знает оков») және т.б. жазулары бар плакаттарын ұстаған. Кейін «Оян, Қазақстан» белсенділері әлеуметтік, экономикалық және саяси реформалар туралы сөз сөйледі. Одан кейін қозғалыс мүшелері «Оян, Қазақстан!» деп ұрандатты. Ескерткішке билік өкілдері келіп, жиналғандарға митинг туралы заңды бұзғандарын мәлімдеуге тырысты, алайда қозғалыс мүшелері ұрандатып, олардың даусын естіртпеді.
Онымен бір мезетте тағы бір митинг 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы құрбандары ескерткішінің алдында да өтті. Митингке шамамен 100 адам жиналды. Қатысушылар қолдарына Қазақстан жалауларын ұстап, «Бостандық», «Мы здесь власть», «Народ здесь власть» және «Оян, қазақ!» деп ұрандатқан. Билік өкілдерінің жиналғандарға митинг туралы заңды бұзып жатқандарын түсіндірмек болған әрекеттеріне жиналғандар Қазақстан гимнін орындап дауыстарын естіртпеген.
Сонымен қатар осы күні митинг Нұр-Сұлтанда Абай мен Республика даңғылдарының қиылысында 1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандары ескерткішінің алдында өтті. Оның қатысушылары 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы мен 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасының құрбандарын еске алған. Көбі қатардағы азаматтардың қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайына наразылық білдіріп, кейбірі саяси тұтқындарды босатуға шақырған. Ондағы азаматтар осы жерде митинг өтетіні туралы әлеуметтік желіден көріп, осы жерге келуді өздерінің борышы деп санаған.
Кейін елордада жаппай ұстаулар орын алған. Күш құрылымдары адамдарды арнайы келген автобустарға тиеп алған. Бірнеше жолаушылар көлігі ондаған адамды белгісіз бағытта алып кеткен. Белгілі болғандай, тәртіп сақшылары қызметтік автобустарымен жәй өтіп бара жатқандарды да ұстаған.
Сосын митингке шығушыларды ұстау Алматыда басталды. Абылай хан мен Қарасай батыр көшелерінің қиылысында ШӘАЖ қызметкерлері келген. Куәгерлердің айтуынша ондаған адам ұсталған.
Оқиға орнында болған Алматы полиция департаментінің бастығы Серік Күдебаев ешкімді ұстаған жоқ-мыс деп мәлімдеген, алайда журналистер күш құрылымдарының ұсталғандарды бірден бірнеше полиция автобустарымен алып кеткенінің куәсі болған.
17 желтоқсанда ҚР ішкі істер министрі (ІІМ) Тәуелсіздік күні барлығы 55 адамның ұсталғанын, оның ішінде Нұр-Сұлтанда 32 және Алматыда 23 адамның ұсталғанын мәлімдеді. Ведомство ақпарынша, олармен профилактикалық әңгімелесулер жүргізіліп, әкімшілік жауапқа тарту мәселесі қарастырылып жатыр.


adimage