Құқыққорғаушылар биліктің танымал қостанайлық басылым сайтының бұғатталуына қатысты жауабын күтуде

Алматы. 4 желтоқсан. ҚазТАГ – «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры танымал қостанайлық басылым «Наша газета» сайтының бұғатталуына қатысты жауабын күтуде, деп хабарлады агенттік тілшісі.

«16 қарашада «Әділ сөз» бас прокуратураға, ұлттық қауіпсіздік комитетіне (ҰҚК), Қазақстан Республикасы ақпарат және коммуникация министрлігіне «Наша Газета» басылымының www.ng.kz сайтының заңсыз бұғатталуына қатысты сауал жолдады», - делінген дүйсенбіде қор хабарында.

Бірінші болып, құқыққорғаушылар нақтылағандай, бас прокуратура жауап берді.

«4 желтоқсанда қолға тиген хатта іс қағаздарын жүргізу және өтініштерді қарау басқармасының аға прокуроры Г.Жорақызы біздің сауалымыздың ақпарат және коммуникация министрлігіне жолданғанын және жауапты солардан күтуіміз керектігін жеткізген. Ал біз аңқаулықпен ақпаратты алу және таратуға қатысты конституциялық құқықтың бұзулып жатқанына прокурорлық тексеріс жүргізіледі деп ойлап, олардан нәтижесін хабарлауды өтінген едік», - делінген хабарда.

Қор күтіп отырғандай, прокурордың жауабы тектес жауап «ҰҚК -нен де келеді-ау» .

«АКМ-не ғана сенім арту қалды. Бірақ ... Олар барлық қызығушылық танытушыларға сайттың бұғатталуына қатыстары жоғын айтып үлгерген. Ал осы ақпарат пен БАҚ-ты басқарып отырған үкіметтік органның зардап шеккен БАҚ-ты қорғауға қатысты қандай да бір іске барғанын естіген жан бар ма?» - деп дал болады «Әділ сөз».

Еске салсақ, 16 қарашада «Наша газета» басылымының бас редакторы Олга Колоколова ҚазТАГ ХАА-не басылым сайтының 15 қарашадан бастап Қазақстан аумағында ашылмай қалғанын жеткізген болатын. Газет редакциясы ешқандай ескерту, бұзушылықтар туралы хабарлама, басқа да ескертуер алмаған. Ақпарат және коммуникация министрлігінің тыйым салынған сайттар тізімінде аталмыш сайт жоқ. Бұл ретте ресурс Қазақстанның сыртында қол жетімді болып отыр.

adimage