Құқыққорғаушылар журналистер мен белсенділердің ұсталуына байланысты Қазақстанның жоғары лауазымды тұлғаларына жүгінді

Алматы. 1 сәуір. ҚазТАГ – 29 наурыз күні Құқыққорғаушылар журналистер мен белсенділердің ұсталуына байланысты Қазақстанның жоғары лауазымды тұлғаларына жүгінді, деп хабарлады «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қорынан.
«Тоғыз қазақстандық үкіметтік емес ұйым журналистерге қатысты заңсыздықты тоқтату талабымен ел басшылығына жүгінді. Үндеу президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Қалмұханбет Қасымовқа, ҚР бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетовке, ҚР Ішкі істер министрі (ІІМ) Ерлан Тұргымбаев пен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі (АҚДМ) Дәурен Абаевқа арналған», - делінген жұмадағы хабарда.
«Сізге соңғы кездері жиілеп кеткен өз пікірін айту еркіндігіне азаматтардың құқығы мен кәсіби қызметтерін жүзеге асыруда журналистердің құқықтарына қатысты заңсыздықтарға тоқтау салу талабымен жүгініп отырмыз», - делінген хатта.
Қорда Қазақстанның әр қаласында болған сегіз жағдайды атап өткен, дегенмен бұл ретте «аталмыш жағдайларды шексіз айта беруге болатыны» айтылған.
«Біз өз құзыреттілігіміздің аясында аталмыш жағдайларды зерттедік және оларды 20 бабында сөз еркіндігіне бостандық беретін және цензураға тыйым салатын, Қазақстан Республикасының Конституциясын құрметтемеу, еліміздің халықаралық міндеттемелері мен ішкі заңнамасын қатал бұзу деп санаймыз. Тәуелсіз БАҚ-тың және қоғамдық институт ретінде жалпы журналистиканың беделін түсіру қоғамда құқықтық арсыздық пен заңсыздықтың орнауына әкеліп соқтырады, бұл елдің тұрақты демократиялық дамуына айтарлықтай қауіп төндіруі мүмкін», - деп атап өтті «Әділ сөз».
Қорда «ІІМ аталмыш жағдайлардың әрқайсысын объективті түрде зерттеуі және журналистердің кәсіби құқықтарының бұзылуына кінәлілерді жазалауы және қоғамды ол туралы хабардар ету тиіс; АҚДМ заңсыздық құрбанына айналған журналистерге құқықтық және бұқаралық қолдау көрсетуі керек; бас прокуратура журналистердің пікірін еркін білдіруін заңсыз шектеу мен кәсіби қызметтеріне кедергі келтірілуінің әр жағдайының тексерілуін қатаң бақылауға алуы қажет» деп санайды.
«Бұл үндеуге «Әділ сөз» Халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының президенті Т.М.Қалеева, Қазақстан Журналистер одағы басқармасының төрағасы С.Б.Матаев, «Адам құқығы үшін хартиясы» ҚҚ атқарушы директоры Ж.У. Тұрмағамбетова, Адам құқықтары және заңдылықтың сақталуы жөніндегі қазақстандық халықаралық бюросының директоры Е.А. Жовтис, MediaNet Халықаралық журналистика орталығының директоры И.А. Братцев, «Сот журналистер лигасы» ҚҚ президенті С. Мәулетбай, «Ар.Рух.Халық» ҚҚ президенті Б.А.Төреғожина, «Халықаралық құқықтық бастама» ҚҚ президенті А.С.Шорманбаева, «Либерти» ҚҚ президенті Г.Е.Агелеуов, «Қадір-қасиет» ҚҰ директоры А.Н.Ибраева қол қойған» - делінген хабарда
Бұған дейін «Әділ сөз» халықаралық сөз бостндығын қорғау қоры хабарлағандай, 27 ақпанда Асқар Шайғұмаров – Оралдағы белгілі блогер досымен бірге үйінен шығып, дүкенге қарай бет алған. Үйінен шыққан кезде сағат Алматы уақытымен 13.30-да полицейлер оларды ұстап, смартфондарын күштеп тартып алып, өздерін жергілікті полиция бөліміне жеткізген. Белсенділер Асқардың ұсталуын Астанада «Нұр Отан» президенттік партиясының съезі өтуімен байланыстырады.
«Билік ол мен оның жақтастары аталмыш шараға орайластырылған қарсылық акцияларын ұйымдастыруы мүмкін деп қорыққан», - делінген қор хабарында.
Сондай-ақ, «Әділ сөз» хабарлағандай, Жаңаөзенде жұмыс талап етуші халық екінші апта алаңға шығуда, күндіз «Азаттық» радиосының тілшісі Сәния Тойкен мен оператор Санат Нұрбеков ұсталған. Журналистерді ұстап, Ақтауға ІІД-не кері апарған. Оларға түсіндіргендей, әлдекімнен арыз түскен-мыс
Соңғы күндері әлеуметтік желілерде Жаңаөзен тұрғындарының көшеге шығып жалақысы жоғары жұмысты талап ететіндері туралы бейнеролик белсенді түрде тарап кетті. Жалақының көтерілуі мен жақсы жұмыс талап еткен Жаңаөзен тұрғындары 2018 жылдың аяғында республикалық БАҚ өкілдеріне берген сұхбатына сілтеме жасаған. Сол кезде мемлекет басшысы әйелі мен күйеуі жұмыс жасайтын отбасының орташа табысы Т500 мың деп айтқан болатын. Ресми түрде 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елдегі ең төменгі жалақы Т42,5 мыңды құрады.
Атап өтелік, соңғы екі аптада Тойкен екінші рет полицияға жеткізіліп отыр. Бұған дейін ол көпбалалы аналардан сұхбат алуға тырысқанда Астананың ішкі істер бөліміне жеткізілген еді.
Кейін белгілі болғандай, Оралда 27 ақпанда көшеден өтіп бара жатқан 80 жасар зейнеткер Майя Лукьянованы еш себепсіз ұстаған.
Сонымен қатар, өткен сәрсенбіде Алматыда «Нұр Отан» партиясы филиалының ғимаратының алдында 30-ға жуық адам ұсталған. Ұсталғандардың қатарында көп балалы аналар да болған.
Еске салсақ, Астанада 4 ақпанға қараған түні Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесі бойындағы жеке тұрғын үйдің ауласында бөлек орналасқан уақытша жайдан өрт шыққан. Өртті сөндіру барысында бес баланың мәйіті табылған: 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туылған. Құтқарушылар нақтылағандай, ата-аналар ол кезде жұмыста болған.
Қоғам өкілдерінің пікірінше, егер елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай түнгі ауысымдағы жұмысқа бару үшін балаларын қараусыз қалдыруға тура келмейтіндей жағдай жасаса ғана қайғылы жағдайдың алдын алуға болар еді.
Осы жағдайдан кейін соңғы бірнеше күн бойы көп балалы аналар аталмыш проблемаларға қатысты қоғамдық жиналыстар өткізуді бастады. Осындай жиналыстардың бірқатары Астанада өтті, алайда, куәгерлердің айтуынша, күш құрылымдары оның өткізілуіне кедергі келтіруде, бұл қоғам тарапынан қосымша сынға ілігуге себеп болды. Наразылық білдіруші аналарға эстрада жұлдыздары араша түсті. Оның ішінде белгілі қазақстандық әнші Сәкен Майғазиев те бар.

adimage