1 сәуірден бастап Астана теміржол вокзалында тексеріп кіргізу тәртібі енгізіледі

Астана. 28 наурыз. ҚазТАГ - 1 сәуірден бастап Астана теміржол вокзалында тексеріп кіргізу тәртібі енгізіледі, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) ҰК АҚ баспасөз қызметінен.
«2017 жылғы 1 -сәуірден бастап ӘТКҚ Астана теміржол вокзалына жолаушыларды және олардың  қол жүктерін тексеріп кіргізуді бастайды. Оған жалпы саны 149 штаттық қызметкерлер тартылады», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.  
ҚТЖ баспасөз қызметі еске салғандай, Алматы-1 және Алматы-2 теміржол вокзалдарындағы тексеру құрылғылары бір айдан бері жұмыс істеп тұр.
«ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес, жолаушыларды тексеру лаңкестік қауіптің деңгейіне байланысты жүргізіледі. Лаңкестік қауіп болмаған жағдайда, лаңкестіктің қалыпты («сары») деңгейінде жолаушылар мен олардың қол жүктері ішінара тексеріледі. Лаңкестіктің қаупі жоғары («алқызыл») немесе қиындықты («қызыл») деңгейінде барлық жолаушылар мен олардың қол жүктері тексеріледі», - делінген хабарда.
Тексеру жасаудың негізгі мақсаты - көлік инфрақұрылымында  оқыс оқиғаларға апарып соқтыруы мүмкін адамдардың құрылғылар мен заттарды вокзал ішіне алып кіруін болғызбаудан туындап отыр.
Тексеру кезінде аса қауіп туғызатын (қару, оқ –дәрі, жарылғыш заттар) заттар табылған жағдайда, тексеру жүргізуші инспектор арнайы мемлекеттік қызмет пен құқық қорғау органдары қызметкерлерін қосымша шаралар жасау үшін шақырады.
Бұған дейін ҚР инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек хабарлағандай, 2017-2019 жылдарға Қазақстанда теміржол вокзалдарын тексеру жүйесімен қамтамасыз етуге Т6 млрд бөлінеді, соның ішінде 2017 жылы – 5 вокзалды: Алматы-1, Алматы-2, Қарағанды, Астана және Ақтөбе.  2018-2019 жылдары қалған вокзалдарды жабдықтау жоспарлануда.  

adimage