19 қаңтарда Қазақстанның барлық аумағында жауын-шашынсыз, аязды ауа райы күтілуде

Күні: 17:31, 18-01-2017.

Алматы. 18 қаңтар. ҚазТАГ – 19 қаңтарда Қазақстанның барлық аумағында жауын-шашынсыз, аязды ауа райы күтілуде, деп хабарлады  «Қазгидромет» РМК.
«Қазақстан аумағының көп бөлігі дерлік антициклонның ықпалында болады», - делінген сайтта жарияланған хабарда.
Ауа температурасы батысында күндіз 5-15, түнде 10-22 аяз; солтүстік-батыс күндіз 7-15, түнде 15-25 аяз; солтүстігінде және орталығында түнде 18-28, күндіз 8-16 аяз; шығысында түнде 25-30, солтүстік-шығыс облыстарында түнде 15-20, күндіз 7-17 аяз; оңтүстік аймақтарда түнде 5-10, кей жерлерде 15-20 аяз, күндіз 0-5 жылы, кей жерлерде 1-6 аяз.
Астана қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс желінің екпіні 9-14 м/с. Ауаның температурасы түнде -20-22°C, күндіз -10-12°C болады.


Жаңалықтармен бөлісу: