2 айда жасалған екінші кибер шабуыл бүкіл әлемдегі бизнесті ақсатып кетті

Алматы. 29 маусым. ҚазТАГ – 2 айда жасалған екінші кибер шабуыл бүкіл әлемдегі бизнесті ақсатып кетті, деп жазады Reuters.
«Жаңа қуатты кибер шабуылдың бірінші құрбаны Украина болды. Ол Австралиядан бастап Францияға дейінге бүкіл әлемдегі іскер адамдардың компьютерлерінің, өндіріс пен қаржысының  жұмысына зиян келтіріп, бизнестің өз желілерін күнен күнге сұрапыл сипат алып келе жатқан хакерлерден қорғу мүмкін болмай бара ма деген қауіп артып отырғанын көрсетті», - делінген хабарда.
«Тез таралған компьютерлік құрт Petya деп аталатын бопсалаушы-вирус тобының түр өзгерген үлгісіне ұқсайды. Ол мұның алдындағы бопсалаушылар мүддесіне жасалған компьютерлік шабуылдың WannaCry деп аталатын негізгі элементтерінен тұрады», - делінген хабарда.  
Вирус Microsoft Corp. Windows бағдарламасымен жұмыс жасайтын компьютерлерді қатты дискілерге кіруге шифр салып, файлдарды қайта көшіріп, жұмысты әлсіретіп, дискіге кіруге рұқсат алғыңыз келсе, биткоиндар арқылы $300 төлеуіңізді талап етеді. Бірақ кейбір сарапшылар хакерлердің негізгі мақсаты бопсалау екеніне күмәнмен қарап, хакерлердің мақсаты басқа болуы мүмкін дейді хабарда.
Хабарда айтылғандай, кибер қауіпсіздік саласындағы сарапшылардің көбі бопсалаушы-вирус АҚШ Ұлттық қауіпсіздік Агенттігінен ұрланған Eternal Blue атымен танымал кодпен жасалған деп отыр.
Қорытынды мақалада айтылғандай, ақша бопсалайтын вирус сейсенбі күні бірқатар елдердің желілерін шарпып, украиндық  әкімшілікті Чернобыль АЭС компьютерлерін өшіруге мәжбүрлеп, радиациялық фонды қолмен өлшеуге көшірді.
Шабуыл нысандары ресейлік ірі мұнай компаниялары, Ресей мен Украинадағы банктер, бүкіл жер шарындағы кеңселері бар жаһандық корпорациялар болды. Атап айтқанда «Роснефть» хакерлер шабуылына душар болғанын растады, бірақ мұнай өндірісі зардап шеккен жоқ дейді.
Жаһандық кибер шабуыл сейсенбі күні Украинадағы француздық Auchan ритейлерінің төлем терминалдарының жұмысын бұзды, деп хабарлады компания өкілі.  
Сейсенбі күні хакерлік шабуылға ұрынған ресейлік «Хоум кредит» тексеру аяқталғанша өзінің барлық ІТ-жүйлерінің жұмысын тоқтатқанын хабарлады.
Кибер шабуыл салдарынан жұмысында кідірістер болғанын бірнеше әлемдік компаниялар мәлім етті.
«Вирустық шабуыл фонында еуропалық акциялардың котировкалары екі айлық ең төменгі мәніне жетті», - делінген ақпаратта.
ESET антивирустық қамтамасыз етуді жеткізуші жаңа кибер шабуылдың нәтижесінде инфекцияланудың 80%-ы Украина тұтынушыларының арасында болды, ал Италияда 10% болды деп мәлім етті.
Мысалы, кеме тасымалдау қызметін көрсететін A.P. Moller-Maersk алып компаниясы (Украинада кеңсесі бар және олар теңізбен жеткізілетін әр жетінші контейнерге ие) кибершабуыл салдарынан жаңа тапсырыстарды қабылдай алмағанын мәлімдеді.
Франциядағы, Австралиядағы, Үндістан, Азия-Тынық мұхит өңіріндегі компаниялар сейсенбі күнгі кибершабуылдан зардап шеккендерін мәлім етті.

adimage