Алматы. 15 маусым. ҚазТАГ – 20 жылдық үзілістен соң Қазақстанға Шыңжаң сырасының экспорты қайта басталды, деп хабарлады Синьхуа агенттігі.
«Сапасы тексеріліп, экспортқа қажет құжаттар алынған соң Қазақстанға Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданнан жергілікті сыра қайнату компаниясының 17,5 мың бөтелке сыра партиясы жөнелтілді. Осылайша 20 жылдық үзілістен соң Шыңжаң сырасының Қазақстанға экспорты қайта басталды», - делінген мақалада.
Сыра қайнату фабрикасының бас директоры Ду Хуэйдің айтуынша, 20 жыл бұрын шыңжаңдық сыра Қазақстан нарығының едәуір бөлігін алған болатын. Енді осы өнім экспорты Қытай үкіметі ұсынған «Жібек жолының экономикалық белбеуі» құрылысының тұжырымдамасы арқасында қайта қалпына келіп отыр.
Усу сыра қайнату компаниясы – осы салада Шыңжаңдағы аса ірі кәсіпорын. Оның қарамағында 7 еншілес өндірістік кәсіпорын бар. Былтыр компанияның өндіріс көлемі 310 мың тонна сыра болды.
Қатысты сілтемелер
-
Өскеменде 600-ге жуық электронды темекі тәркіленді
12 Қыркүйек 2024, 17:02 -
«Астана-АЭК» электромонтаж жұмыстарына Т1,9 млрд жуық жұмсауды жоспарлап отыр
12 Қыркүйек 2024, 16:39 -
Солтүстік өңірлерге көшу бағдарламасы кезінде 1 млрд жымқырылғаны анықталды
12 Қыркүйек 2024, 16:37 -
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы көкпардан алтын медалді жеңіп алды
12 Қыркүйек 2024, 16:18