2014 жылы Астана-Бурабай автожолымен жүргені үшін алымдар Т1,1 млрд болды

Күні: 11:57, 22-06-2015.

Астана. 22 маусым. ҚазТАГ – Нұргүл Жігер. 2014 жылы ақылы Астана-Бурабай автожолымен жүргені үшін алымдар Т1,1 млрд болды, ол қаражат сол жолды күту проблемаларын шешуге бағытталады, деп хабарлады ҚР инвестиция және даму жөніндегі министрліктің автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Мереке Пшембаев.
«Былтыр Астана-Бурабай автожолымен жүргені үшін алымдар Т1,1 млрд болды. Біз екі жылдан бері осы жолды күтуге бюджеттен тиын да бөлмей отырмыз. Жол өзін ақтауда», - деді М. Пшембаев дүйсенбі күні Қазақстандағы автожолдарды дамыту мәселесіне арналған баспасөз мәслихатында.
Бұл ретте ол министрлік блогына осы Астана-Бурабай трассасындағы төлем жинау жүйесіне деген шағым көп келіп түседі деді.
«Әсіресе демалыс күндері шағым көп түседі. Кептемелер үлкен, жүйе осыншама көлік ағымын өткізіп үлгермей жатады», - деді комитет басшысы.
Оның айтуынша, жүргізушілерден ең көп шағым, ақша алатын қондырғылардың жұмысына беріледі екен. Ал ол қондырғыларға Францияда орналасқан компания қызмет көрсетеді.


Жаңалықтармен бөлісу: