2015 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда 1,9 млн-нан астам зейнеткер тіркелген

Күні: 17:41, 13-02-2015.

Астана. 13 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанда 2015 жылдың 1 қаңтарында зейнеткерлер саны 1,915 млн адамды құраған, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.
«Бізде 2015 жылдың 1 қаңтарында 1 млн 915 мың адам зейнетақы алған және биыл тағы күтіп отырмыз – 120 мың адам зейнет жасына жетеді. Және сол кезде жас жағынан бізде 2 млн-ға жуық адам зейнетақы алатын болады», - деді Т. Дүйсенова жұмадағы баспасөз мәслихатында.
«Зейнетақының ең кіші мөлшері бізде 23 629 (теңге – ҚазТАГ) плюс базалық зейнетақы және біздің азаматтар 1 қаңтардан бастап, барлық артымдардың есебінен, 34 900 теңге алады бұл – зейнетақының минимум мөлшері, базалықпен қосқанда. Ең үлкен зейнетақы, базалықпен қосқанда, 73 мыңға жуық теңгені құрайды», - деп толықтырды ол.


Жаңалықтармен бөлісу: