2015 жылы 16 БАҚ өкілі Қазақстан Журналистер одағы сыйлықтарының жеңімпаздары атанды

Күні: 11:12, 23-06-2015.

Алматы. 23 маусым. ҚазТАГ – 2015 жылы 16 БАҚ өкілі мен 2 редакция ұжымы 9 номинацияда Қазақстан Журналистер одағы сыйлықтарының жеңімпаздары атанды.
Мысалы, «Репортерлік жұмыс» атауында қызылордалық «Ақмешіт ақшамы» газетінің бас редакторы Сәрсенкүл Биқожаева мен «Аргументы и факты – Казахстан» газетінің тілшісі Виктория Козина қоғамдық-саяси тіршілік тынысын жедел жазып отырғаны үшін лауреат атанды.
«Экономикалық шолу» атауында Христиан Альбрехт ат. Киль Университетінің магистранты Игорь Киндоп Қазақстанның қаржылық-экономикалық дамуы жайлы талдама материалдары үшін лауреат атанды.
«Саяси шолу» номинациясында қазақстандық қоғамның діни төзімдігі жайлы материалдар топтамасы үшін республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Лейла Еділқызы және республикалық «Казахстанская правда» газетінің құқық бөлімінің шолушысы Валентина Фиронова Қазақстан сот жүйесінің дамуы туралы өзекті мақалалары үшін ең үздік деп танылды.
«Журналистік зерттеу» номинациясында американдық маман Эдвард Сноуден бүкіл әлемдегі ақпараттық коммуникацияларды американдық арнайы қызмет жаппай бақылап отыратындығы туралы құпия ақпаратты ашқаны үшін лауреат атанды.
«Іздену материалы» атауында лауреат атақтары Қазақ радиосының журналистері Татьяна Жанділдина мен Альфия Сабитоваға еліміздегі неміс және татар диаспора өкілдерінің рухани бірлігі туралы ерекше материалдары үшін берілді.
«Телевизиялық жұмыс» атауында «Астана» телеарнасында «Сырласу» телебағдарламасын ұйымдастырғаны үшін Айгерім Әбілдина мен КТК телеарнасының журналисті Жадыра Сәйдеш «Жүрек жарды» атты ерекше хабарлар топтамасы үшін ең үздік деп танылды.
«Зерттеу жұмыстары» номинациясында оңтүстік-қазақстандық «Айғақ» телеарнасы мен «Қазақстан» ТРК АҚ шығармашылық ұжымдары Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70 жылдығына арналған, қазақстандық майдангерлер туралы зерттеу материалдары үшін лауреат атанды.
«Ғылыми-танымдық жұмыс» атауында «Қазақ өркениеті» журналының бас редакторы Кәрімбек Құрманалиев қазақстандық өркениеттің қалыптасуы туралы материалдар топтамасы үшін және «Орысша-қазақша үлкен экономикалық сөздіктің» құрастырушы –авторы Сұлеймен Тоқсанбай лауреат атанды.
«Медиа-жоба» атауында өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелегені үшін «Дружные ребята» газетінің бас редакторы Әлімжан Ақбаров пен «Гәкку» телеарнасының бас директоры Санжар Мұстафин қазақ эстрадасының антологиясын құрастырудағы шығармашылық ізденімпаздығы үшін лауреат атанды.
«Фотошеберлік» атауында ең үздіктер деп республикалық телеарналарда қазақстандықтардың көркем бейнелерін жасағандары үшін телеоператорлар Шухрат Акчурин мен Болат Нүсіпбеков атанды.
Одан басқа, Амангелді Ахметәлімов ат. сыйлықты Қазақстан журналистер одағы мен «Қазинпресс» қауымдастығы Қазақстанның ақпараттық қызметінің дамуына қосқан қомақты үлесі үшін «Дат» медиажобасының жетекшісі Ермұрат Бапиге берді.  
Қазақстанның құрметті журналистері атағына Қазақстан журналистикасының ардагерлері Айтбаева Әприза, Арғымбайұлы Жұмаш, «Литер» газетінің Астанадағы фото тілшісі Советбек Мағзұмов, «Ақ жайық» өңіраралық газетінің бас директоры Әбділда Мұқашев, «Қазахстанская правда» газетінің Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі Наталья Рыжкова ие болды.  
«Казахстан  ZAMAN» халықаралық газеті «Алматы ақшамы» газетінің фототілшісі Сәрсенбек Қызайбекұлын фотожурналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін Рахымбай Ханалы атындағы сыйлықпен марапаттады.
Жас телепублицистерге арналған Бейбіт Құсанбек атындағы жеке сыйлықпен «Қазақстан» телеарнасының продюсері Асылбекова Жаңыл марапатталды.
Сонымен қатар баспасөзге қолдау көрсеткені және журналистермен өзара түсіністігі үшін Қазақстан судьялары Одағының төрағасы Серік Байбатыровтың, Алматы облысы әкімі Амандық Баталовтың, Қазақстан даму банкінің басшысы Болат Жәмішевтің, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ басқармасының төрағасы Асқар Жұмағалиевтің, «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ басқармасының төрағасы Айбатыр Жұмағұловтың, ЕҚЫҰ бағдарламасының Астанадағы кеңсесінің басшысы  Наталья Заруднаяның, БҰҰ-ның Қазақстандағы қоғамдық ақпарат департаментінің өкілі Властимил Самектің, Қазақстанның Адам құқықтары және заңдылықтың сақталуы жөніндегі халықаралық бюросының  интернет-сайтының редакторы Андрей Свиридовтың қызметтері ерекше аталып, олар Қазақстан Журналистері одағының дипломдарымен марапатталды.
Қазақстан журналистикасы Академиясының мүшелері ретінде «Қаламгер Медиа» баспа орталығының директоры Жанарбек Әшімжан, Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов, «Костанайские новости» газетінің бас редакторы  Сергей Харченко мен «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Жұмабай Шаштайұлы сайланды.


Жаңалықтармен бөлісу: