2015 жылы Қазақстанда мұнайгаз компанияларының басшыларының орташа жалақылары Т1,5 млн болды

Күні: 11:02, 29-01-2016.

Астана. 29 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстанда 2015 жылы шикі мұнайды және табиғи газды өндіру саласында жұмыспен қамтылған ұйымдардың басшыларында – Т1,456 млн құрады, деп көрсетілген ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің таратқан хабарында.
Статмәліметтер бойынша, Қазақстанда 2015 жылы басшылар санатына жататын қызметкерлердің орташа жалақысы біліктілік деңгейі жоғарғы мамандардың жалақысынан 2,0 есе, біліктілік деңгейі орта мамандардың жалақысынан 2,5 есе және біліктілігі жоқ жұмысшылар жалақысынан 4,3 есеге көп.
Атап айтқанда, ең жоғарғы жалақы шикі мұнайды және табиғи газды өндіру саласында жұмыспен қамтылған ұйымдардың басшыларында – 1456 мың теңге тіркелді, бұл көмір және лигнит өндіру саласындағы басшылардың орташа алатын жалақысынан 2,8 есе және құрылыс саласындағы – 2,9 есе жоғары. Шикі мұнайды және табиғи газды өндіру саласындағы біліктілігі жоғары және орта мамандарында жоғары жалақы – 496 мың. теңге, және 440 мың теңге алғанын атап өткен жөн.
Шикі мұнайды және табиғи газды өндіру кәсіпорындарында жоғары ақы төленетін техникалық қадағалау жөніндегі инженерде, көтергіш машинисте және бұрғылау жөніндегі инженерде (бұрғылау жұмыстары) болды (660 - 809 мың теңге). 269 мың теңге жалақыны мұнай өндеу өнімдерін өндіру саласындағы қызметкерлер, ал 231 мың теңге жалақыны әуе көлігі саласындағы қызметкерлер алды.
Құрылыс саласында жоғары деңгейлі білікті мамандар арасынан ең жоғары жалақы құрылыстағы менеджерлерде (352 мың теңге), біліктілік деңгейі бар мамандардан – арматуршы (157 мың теңге) және кран машинисті (краншы) (256 мың теңге) алды.
Ауыл шаруашылығы саласында біліктілігі бар мамандар арасынан ең жоғары жалақыны шаруашылық өндірісінің тракторшы-машинистері (125 мың теңге), агрономдары (109 мың теңге) ,ал төменгі жалақыны – қырықтықшылар мен қызмет пен өндіріс орындарын және аумақтарын тазалаушылар 25 – 30 мың теңге шамасында алды.
Барлық негізгі кәсіптер және қызметтер топтары бойынша әйелдердің жалақысы еркектердің жалақысына қарағанда төмен болды. Ұйымдардың басшылары лауазымында жұмыс істейтін еркектердің жалақысы 438 мың. теңге, аудармашы –228 мың. теңге, экономист – 193 мың. тенге, есепші – 155 мың. Теңге болды. Бұл 1,2 – 2,0 есе әйелдердің орташа жалақысынан жоғары.
2015 жылы қыркүйекте Астана мен Алматы қалаларының мекеме жетекшілерінде ең жоғарғы жалақы - сәйкесінше, Т598 мың және Т783 мың болды. Жамбыл, Қостанай, және Оңтүстік Қазақстан облыстарында осы лауазым басшылары Т183 мыңнан Т208 мыңға дейін алды. Республика өңірлері бойынша мекеме басшысының ең жоғарғы жалақысы мен оның ең төменгі мәнінің айырмашылығы 4,2 есені құрады.
Экономистің ең жоғарғы жалақысы Атырау облысы мен Астанада – сәйкесінше, Т203 мың және Т256 мың, ал төменгісі – Жамбыл және Қостанай облыстарында -  Т87-89 мың.
Дәрігерлердің жалақы мөлшерлеріндегі айырмашылық 1,4 есе болды: Астанада Т158 мың, ал Оңтүстік Қазақстан облысында – Т113 мың. Жоғарғы оқу орындарының мұғалімдерінің жалақылары бүкіл елде орташа алғанда Т105 мың, ал оның аймақтар арасындағы айырмашылығы 1,7 есе болды. Орта білім мектептерінің және бастапқы сынып мұғалімдерінің жалақылары сәйкесінше, Т87 және - 1,5 есеге, тәрбиешінің орташа жалақысы – Т61 мың және 1,6 есеге айырмашылық болды.


Жаңалықтармен бөлісу: