2015 жылы әлемде 140-тан астам журналистер мен БАҚ қызметкерлері өлтіріліпті

Алматы. 29 желтоқсан. ҚазТАГ – 2015 жылы әлемде 140-тан астам журналистер мен БАҚ қызметкерлері өлтірілген, деп хабарлады «Репортерлер шекарасыз» халықаралық ұйымы.
Сейсенбіде жарияланған Ұйым баяндамасы бойынша, әлемнің әр елдерінде 110 кәсіби журналист, 27 тәуелсіз журналист және 7 БАҚ қызметкері қаза болған, Олардың 18-і жұмыс барысында өлтірілген, 49-ы – кәсіби қызметіне байланысты өлтірілсе, 43-і  - беймәлім себептерге байланысты өлтірілген. Өлтірлгендердің арасында екі әйел, олардың біреуі Сомалиде, екіншісі – Францияда өлтірілген.
Бұл ретте 36% соғыс қақтығыстары зонасында, 64% - бейбіт аумақтарда,  97% -ы өздері азаматтары болып табылатын елдерде қаза болса, 3% шетелдік азаматтар болған.
Бұл ретте баяндамада журналистер үшін 2015 жылы ең қауіпті елдер: Ирак (11 қаза болған), Сирия (10), Үндістан (9), Франция (8), Йемен (8), Мексика (8), Оңтүстік Судан (7), Филиппин (7), Гондурас (7) болып отыр делінген.
Одан басқа, 2015 жылы 54 журналист кепілдікке алынып, 153 журналист түрмеге қамалғаны айтылады. Кепілдікке алғандар Сирияда (26), Йеменде (13), Иракта (10) және Ливияда (5). Журналистерді түрмеге қамалған елдер: Қытай (23), Египтте (22), Иранда (18), Эритрейде (15), Түркияда (9) және әлемнің басқа елдерінде (66).
«Репортерлер шекарасыз» - халықаралық үкіметтік емес ұйым. Ол цензураға қарсы күреседі, өзінің кәсіби жұмысына байланысты түрмелерге қамалған журналистерді азат етуге күреседі. 1985 жылы Францияда құрылған.

adimage