Алматы. 23 маусым. ҚазТАГ – 2016 жылы 8 журналист, блогер және Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг Қазақстан журналистер одағының лауреаттары атанды.
Мысалы, «Репортерлік жұмыс» атауында аймақтағы қоғамдық-саяси оқиғаларды жедел жазып отырғаны үшін атыраулық өңіраралық «Ақ жайық» газетінің тілшісі Зүлфия Байнекеева лауреат атанды.
«Экономикалық шолу» атауында «Жас алаш» газетінің бас редакторының орынбасары Сансызбай Өкенұлы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы талдамалық материалдары үшін лауреат атанды.
«Саяси шолу» номинациясында «Азаттық» («РадиоСвобода») радиосының қазақ редакциясының шолушысы Қасым Аманжол Қазақстандағы жер реформасына арналған өзекті сұхбаттар циклы үшін ең үздік деп танылды.
«Журналистік зерттеу» номинациясында «Новая газета - Казахстан» газетінің тілшісі Вячеслав Половинко Ақтөбе облысында антитеррорлық операциялар туралы материалдар топтамасы үшін лауреат атанды.
«Іздену материалы» атауында лауреат атағы республикалық қоғамдық-саяси «Саяси-Қалам» газетінің тілшісі Инга Иманбайға Қазақстандағы азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуы туралы жарияланымдар топтамасы үшін берілді.
«Теледидарлық жұмыс» атауында ең үздік деп, өзекті қоғамдық-саяси бағдарламаларды ұйымдастырғаны үшін, «Астана» телеарнасының бас директоры Ләззат Танысбай танылды.
«Фотожұмыс» атауында ең үздік деп, республикалық және халықаралық баспасөзде қазақстандықтардың жарқын көркем бейнелерін жасағаны үшін, «Время» газетінің фототілшісі Владимир Заикин танылды.
«БАҚ дизайны» атауында газетті ерекше көркем безендіру өнері үшін «Общественная позиция» (ДАТ жобасы) қоғамдық-саяси газетінің жауапты хатшысы Кенжебай Айтбақиев лауреат атанды.
«Интернет-жоба» номинациясында, бір интернет алаңда әр елдің пайдаланушыларын топтастырған әлеуметтік желі құрғаны үшін, Facebook компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Марк Цукерберг лауреат атанды.
«Әлеуметтік желідегі есім» атауында белсенді азаматтық ұстанымы мен әлеуметтік желілердегі қоғамдық-саяси тақырыптағы ерекше түсініктемелері үшін Александр Цой лауреат атанды.
Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты, азаматтық қоғамның дамуына қосқан ауқымды үлесі мен сіңірген еңбегі үшін, қоғамдық-саяси «Сахара» газетінің бас редакторы Қуандық Батыров пен өңіраралық «Костанайские новости» газетінің бас редакторы Сергей Харченко Қазақстан журналистер одағының алтын медалімен марапатталды.
Қазақстан журналистикасының ардагерлері: Махмутбай Амреев (Қызылорда), Галина Балбекова (Қарағанды), Сәбит Биболов (Талдықорған), Қуанышқали Гусманов ( Орал), Таңатар Дарелов (Атырау), Тұрсынбай Ибадуллин (Павлодар), Өмір Есқали (Петропавл), Ғалым Қожабеков (Астана), Светлана Манько (Тараз), Қайрат Мұқатов (Қостанай), Владимир Никифоров (Өскемен), Айтуар Өтегенов (Ақтау), Нұрмағамберді Сләм (Шымкент), Айдос Шөкіш (Ақтөбе), Владислав Холин (Көкшетау) - Қазақстанның құрметті журналистері атанды.
Одан басқа, Қазақстан журналистер одағы мен «Қазинпресс» қауымдастығы Қазақстанның ақпараттық қызметінің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Инфо-ЦЕС» газетінің бас редакторы Сергей Лесаковскийді Амангелді Ахметәлимов ат. сыйлықпен марапаттады.
Халықаралық «Қазақстан-ZAMAN» газеті фотожурналистиканы дамытуда қосқан үлесі үшін Рахымбай Ханалы ат. сыйлықпен Омаров Ерлан Серікбайұлын марапаттады.
Қатысты сілтемелер
-
Жамбыл облысында автомобиль өткізу пунктін салуға Т10 млрд астам жұмсамақ
6 Қыркүйек 2024, 16:18 -
Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды
6 Қыркүйек 2024, 16:16 -
Астанадағы Тельман кенті ауданында техникалық суағар салуға Т15,3 млрд жұмсамақ
6 Қыркүйек 2024, 14:54 -
Қазақстанның бірқатар өңірінде жауын-шашын және үсік күтіледі
6 Қыркүйек 2024, 14:51