2016 жылы Алматы өмір сүруге ең арзан қалалардың ондығы қатарына енді

Күні: 12:12, 13-04-2016.

Алматы. 13 сәуір. ҚазТАГ – Халықаралық The Economist Intelligent Unit зерттеу компаниясы Алматыны өмір сүруге ең арзан қалалардың ондығы қатарына қосты.
Зерттеулер мәліметтеріне сәйкес, өмір сүруге арзан қалалар ондығында Алматы 4-ші орында. Оның алдында Лусака (Замбия), Бангалор (Үндістан) және Мумбаи (Үндістан). Алматыдан кейін Алжир (Алжир), Ченнаи (Үндістан), Карачи (Пәкстан), Нью-Дели (Үндістан), Дамаск (Сирия) және Каракас (Венесуэла) қалалары тұр.
Хабарда айтылғандай, 2015 жылмен салыстырғанда өмір сүру қымттылығы бойынша Алматы 9 тармаққа түсті, ол оған ең арзан қалалар тізіміне енуіне мүмкіндік берді.
Өмір сүруге ең қымбат қалалар қатарында Сингапур, Цюрих және Гонконг қалалары бар. Ең қымбат қалалар ондығына Женева, Париж, Лондон, Нью-Йорк, Копенгаген, Сеул және Лос –Анжелес енді.
Зерттеулер жүргізгенде әр қалалардағы супермаркеттердегі, орташа кластағы дүкендердегі және қымбат дүкендердегі 160 тауардың бағалары ескеріліпті.


Жаңалықтармен бөлісу: