2016 жылы «Болашақ» бағдарламасымен 700 стипендия бөлінді

Күні: 19:07, 15-08-2016.

Астана. 15 тамыз. ҚазТАГ - 2016 жылы «Болашақ» бағдарламасымен 700 стипендия бөлінді, өткен жылға қарағанда 100-ге артық, деп көрсетілген премьер-министрдің сайтында жарияланған хабарда.
Хабарда айтылғандай, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығметов мәлімдегендей, биыл «Болашақ» бағдарламасының жұмыс жасап жатқандығына 23 жыл толды. Осы уақыт аралығында 12 мыңнан астам гранттар берілді. Шетелде білім алған 9 мың азамат елге оралды. Қазір 1 500 студент шетелде оқып жатыр. Қалған 1 200 адам стипендиядан айырылып қалған немесе өз еркiмен бас тартқан.
Бұдан бөлек, келесі жылдан бастап ауыл мұғалімдеріне жеңілдіктер қарастырылмақшы. Сондай-ақ, бес жыл елде жұмыс iстеу талабы да ауыл мұғалiмдерi үшін өзгертілуі мүмкiн. Қазiр бұл мәселе шешiлiп жатыр.
Жалпы, 2016 жылы 700 стипендия бөлiнген. Жылдың басында 137 стипендияның иегері анықталса, маусым-шiлде айларында екiншi кезең бойынша құжаттар қабылданған.
«400-ден астам өтiнiш түстi. Соның 176-ы стипендия иегерi атанды. Көпшiлiгi магистратура мен докторантураға баратын болады. Қалған 70-ке жуық азамат тағылымдамадан өтедi. Барлығы бүкiл кезеңдерден сәттi өттi», - деді Ғ.Нығметов. Ал үшінші кезең бойынша құжаттар 30 қыркүйекке дейін қабылданып, қорытындысы желтоқсанда шығарылады.


Жаңалықтармен бөлісу: