Алматы. 6 қазан. ҚазТАГ - 2017 бойынша Нобель бейбітшілік сыйлығымен Ядролық қаруға тыйым салу жөніндегі Халықаралық компанияға (ICAN) берілді, деп хабарлады ТАСС.
«Жүлде ядролық қару-жарақты кез келген қолданудың апатты гуманитарлық салдарына назар тартқаны және осындай қаруға тыйым салу туралы шартты қабылдауға жету үшін жұмсалған орасан зор күш-жігер үшін берілді», - деді жұма күні Осло қаласында Норвегиялық Нобель комитетінің төрағасы Берит Райсс-Андерсен.
Б. Андерсеннің айтуынша, Комитет ICAN сыйлығы «адамзатқа және Жердегі өмірге үнемі қауіп төндіретін» ядролық қаруға тыйым салуға бағытталған халықаралық күш-жігерді жандандыруға көмектеседі деп үміттенеді.
Комитет төрағасы сондай-ақ көптеген елдер «ядролық қаруды жасауға тырысады» деп атап өтті, бұл «КХДР мысалынан көрінеді».
ICAN - ядролық қаруға тыйым салуды қолдайтын 100-ден астам елдердің үкіметтік емес ұйымдарының коалициясы.
Сонымен қатар, Швед Академиясының Тұрақты хатшысы Сара Даниустың мәліметі бойынша биылғы жылы Нобель сыйлығының әдебиет саласындағы лауреаты Жапонияда туылған британдық Қазуо Ишигуро атанды. Ол «романдарында үлкен эмоционалдық қуатпен біздің әлеммен байланысымыз бар деген елес сезімнің ар жағында терең құз барлығын ашты» деп атап өтті Даниус.
Корольдік ғылым академиясының Нобель комитетінің хабарлауынша, 2017 жылы химия саласындағы Нобель сыйлығына ерітіндідегі молекулалардың құрылымын жоғары дәлдікпен анықтау үшін криоэлектрондық микроскопияны пайдалану әдісі үшін Жак Дюбуа, Джоким Франк және Ричард Хендерсон ие болды.
Нобель комитеті физика саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері LIGO (лазерлік интерферометриялық гравитациялық толқындық обсерваториясы - ҚазТАГ) жобасына шешуші үлес қосқан Кипу Торн, Райнер Вайсс және Берри Баришке берілді», - деді Нобель комитетінде.
Сондай-ақ, физиология және медицина бойынша сыйлықтың лауреаттары аталды. Оның иелері - Америка Құрама Штаттарының ғалымдар тобы, Майкл Джанг, Джеффри Холл және Майкл Розбаш, цирагандық ырғақты бақылайтын молекулалық механизмдерді ашқаны үшін марапатқа ие болды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, биылғы жылы Нобель қорының директорлар кеңесі сыйлық мөлшерін 9 миллион швед кронына немесе 1,1 миллион доллардан асырды. 2011 жылы «қолайсыз экономикалық жағдайға» байланысты сыйлық мөлшері 10-нан 8 миллион швед кронына дейін төмендегенді.
Нобель сыйлығы - бұл жыл сайын көрнекті ғылыми жаңалықтарға, өнертабыстар, сондай-ақ қоғамның мәдениетіне немесе дамуына қосқан үлес үшін берілетін ең беделді халықаралық марапаттардың бірі. Ол осы сыйлықтың құрылтайшысы, химия саласының инженері, өнертапқыш және Швециялық Альфред Нобельдің атында.
1895 жылы ол қалдырған өсиетінде жыл сайын пайызын тең 5 бөлікке бөлінуі тиіс және физика, химия, физиология немесе медицина, әдебиет және бейбітшілік үшін ең үлкен үлес қосқан адамдарға берілетін қорды құру туралы бұйрық берді. Осы бес бағыт бойынша лауреаттарды Корольдік ғылым академиясы, Каролинск институты, Норвегия Парламенті және Швед академиясы анықтайды. Сыйлық 1901 жылдан бастап жыл сайын беріледі.
Қатысты сілтемелер
-
Бекетаевпен және Байбекпен байланысты фирма басшысы тергеуге алынды
3 Қыркүйек 2024, 11:51 -
Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды
3 Қыркүйек 2024, 11:49 -
Жоғарғы сот Назарбаевтың байлығы туралы істі қараудан бас тартты
20 Тамыз 2024, 09:46