2017 жылы 10 журналист Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаттары атанды

Күні: 14:07, 20-06-2017.

Алматы. 20 маусым. ҚазТАГ – 2017 жылы 10 журналист Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаттары атанды.
«Репортерлік жұмыс» номинациясында Журналистер одағының лауреаты атағы үшін байқауда Қазақстанның жас буыны арасындағы білімді дамыту проблемаларын дер кезінде және  өзекті түрде жариялағаны үшін республикалық «Жас Алаш» газетінің журналисті  Роза Қараева жеңімпаз атанды.
«Экономикалық шолу» аталымында Орталық Азия елдеріндегі экономикалық байланыс және интеграциялық процесстер туралы мақалалар топтамасы үшін республикалық «Деловая неделя» газетінің тілшісі Жылдыз Алиева (Бішкек) және Нигора Юлдашева жеңімпаз атанды.
«Саяси шолу» номинациясында Қазақстандағы азаматтық қоғамның қалыптасуының өзекті проблемаларына арналған мақалалар топтамасы мен сұхбаттары үшін қоғамдық-саяси «Саяси-қалам» газетінің бас редакторы  Жанболат Мамай жеңімпаз атанды.
«Журналистік зерттеу» номинациясында «Ұйымдасқан ғылыми қоғамдастық» мақаласы үшін республикалық қоғамдық-саяси «Время» газетінің Қостанай облысындағы тілшісі Станислав Киселев жеңімпаз деп танылды.
«Радиопрограмма» номинациясында «Республикалық радио» ЖШС «Астана» радиосының «Единство» («Бірлік») бағдарламасының жүргізушісі Ольга Опарина Қазақстан халқының бірлігі тақырыбындағы хабарлар топтамасы үшін үздік деп танылды.
«Уральская неделя» газетінің бас редакторы Тамара Еслямова қоғамдық-саяси тақырыптағы өзекті мақалалар топтамасы үшін марапатталды.
«Зерттеу жұмыстары» («Исследовательская работа») номинациясында ақтөбелік тәуелсіз «Диапозон» газетінің тілшісі Бағдат Асылбеков Ақтөбедегі көктемгі су тасқыны кезіндегі әлеуметтік проблемаларды шешу туралы бейнесюжеттері үшін лауреат атанды.
«Ізденім материалдары» («Поисковый материал») номинациясында Атырау облыстық қоғамдық-саяси «Прикаспийская коммуна» газетінің тілшісі Максим Стадниченко лауреат атанды.
«Телекөрсетілімдік жұмыс» («Телевизионная работа») аталуында «Қазақстан-Маңғыстау» телеарнасының тілшісі Нысаналы Ығылов жеңімпаз атанды.
Одан басқа бір топ журналист Қазақстан Журналистер одағының Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Конкурстық комиссия құрамына кіргендер: ҚР Журналистер одағының төрасы м.а., комиссия төрағасы Тамара Калеева; ҚР Журналистер одағының лауреаты, журналистика туралы кітаптың авторы Мәдина Әлімханова; республикалық «Мы одна семья!» – «Бірлігіміз жарасқан!» қоғамдық сыйлықтың лауреаты, мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткерi» белгісінің, «Ақпарат саласының үздігі» төс белгісінің иегері Ольга Гумирова; мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткерi» белгісінің, «Ақпарат саласының үздігі» төс белгісінің иегері Ольга Иркегулова; халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, ҚР Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Шархан Қазағұлов; ҚР Журналистер одағының жауапты хатшысы Баян Рамазанова; ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, ҚР президентінің сыйлығының лауреаты, халықаралық ТЮРКСОЙ ұйымы сыйлығының лауреаты, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, «Алматы Ақшамы» газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай; ҚР Жастар одағы сыйлығының лауреаты, «SAI» жарнамалық-баспа компаниясының президенті Сайын Шаймерден.
Одан басқа, 2017 жылы Қазақстан Журналистер одағынан Ақпарат және байланыс күніне орайластырып ҚР «Құрметті журналисті» - «Почетный журналист» атағы берілгендер:
«Семей таңы» газетінің меншікті тілшісі Хамза Сатиев, «Оңтүстік ұстаздары» (ОҚО) газетінің бас редакторының орынбасары Серікбай Тұржан, «Прикаспийская коммуна» газетінің бас редакторы Нәсіп Шалабаева, «Орал өңірі» газетінің бас редакторының орынбасары Есенжол Қыстаубаев, «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының бас редакторы Гүлнар Науырша, журналистика саласының 1966 жылдан бергі ардагері «Көкшетау правдасы», «Солтүстік Қазақстан» газеттерінің тілшісі, Журналистер одағының сыйлығының бірнеше дүркін лауреаты Сайлау Көшкен, «Еңбекші қазақ» газетінің бас редакторы, Қазақстан Журналситер одағы сыйлығының лауреаты Хайролла Ахметжанов, журналистика саласының ардагері, Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетінің тілшісі Социал Айтенов, материалдары «Қазақ радиосының» алтын қорына енген радиожурналист Сәбит Сүлейменов, «Абай» журналының бас редакторы Сабырбек Олжабаев, «Нұр жан»  журналының бас редакторы Амангелды Суханберлиев, «Солтүстік Қазақстан», «Қызылжар нұры» газеттерінің бас редакторы Зарап Құсайынов.
ҚР Журналистер одағының лауреаттарын марапаттау 26 маусымда 12.00 сағатта Алматы қ-сы, Қабанбай батыр к-сі, 85 (Панфилов к-сімен қиылысында) мекен жайындағы «Алматы» қонақ үйінің үлкен конференц-залында өтеді.


Жаңалықтармен бөлісу: