2018-ші жылы Қарағанды облысында Бұқар жыраудың 350 жылдығы атап өтіледі

Күні: 17:20, 20-11-2017.

Қарағанды. 20 қараша. ҚазТАГ - 2018-ші жылы Қарағанды облысының жұртшылығы атақты ойшыл Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығын атап өтеді,деп хабарлады облыс әкімінің ресми сайты. Мерейтойлық шараларға дайындық қазірден басталып кетті – Бұқар Жырау ауданының әкімдігінде ұйымдастыру комитетінің бірінші отырысы өтті.
Отырысқа аудан әкімі Шағурашид Мамалинов, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Төкен Арбабаев, білім ардагері Ғалымтай Бахтияров, аудан әкімінің орынбасарлары және ұйымдастыру комитетінің мүшелері қатысты.
Мерекелік шараларды 2018-ші жылдың тамызында өткізу ұсынылып отыр. Өтетін орын әлі белгіленбеген – аудан жұртшылығы бұл мәселені әлі талқылау үстінде. Нақты шешімді жергілікті ақсақалдардың пікіріне сүйене отырып жасау көзделіп отыр.
Мерейтойға орай Бұқар жырау энциклопедиясын қайта басып шығару, республикалық айтыс, ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастыру, телебағдарламалар циклін жасау жоспарланып отыр. Отырыс барысында бүгінгі таңда Бұқар жырау туралы бірде бір пьеса мен фильм жоқ екені атап айтылды.
Ұйымдастыру комитетінің өкілдері тек мерейтойлық шаралар туралы ғана емес, сонымен қатар ауданның елді мекендерін абаттандыру қажеттілігін де талқылады. Ардагерлер ұйымының басшысы Төкен Арбабаев Үлгі ауылындағы Қаныш Сәтпаев атындағы саябақты жөндеуді ұсынды.
Аудан әкімі Шағурашид Мамалинов Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдық мерейтойын өткізуге арналған Қоғамдық қор құрылатыны туралы мәлімдеді. Оның төрағасы Төкен Арбабаев болады.
Ниет білдірушілер ортақ қазанға өз үлестерін қоса алады.
Есеп шот нөмірі:
№ KZ 38563К350000076207
БИН 171040031878
«Бұқар жырау Қалқаманұлы» Қоғамдық қоры
Бұқар жырау Қалқаманұлы – қазақтың ақыны, жырау, қазақтық ауыз әдебиетінің жарқын өкілі. Ол 1668-ші жылы (кей мәліметтер бойынша 1684-ші жылы немесе 1693 жылы деп белгіленеді) табиғаты көз тартарлық жерде Сүхар-Ния, Қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген. Әйгілі қайраткер 113 жыл жасап, 1781-ші жылы дүниеден өткен.
Ғалым-фольклоршы Жүсіп Көпеевтің мәліметтеріне сүйенер болсақ, ойшыл қайраткер арғын елінің тумасы. Әкесі батыр болған.
Бұқар жырау әнші және Абылай ханның кеңесшісі ретінде танымал. Қазыбек би, Төле би және Әйтеке бимен бірге Бұқар жырау Қазақстан тарихындағы алғашқы заң жинағы «Жеті жарғыны» құрастыруға қатысқан. Бұл заңнамалық құжат 1710-шы жылы қазақтың үш жүзмен (Ұлы, Орта, Кіші) Қарақұм съезінде құпталған болатын.


Жаңалықтармен бөлісу: