2025 жылға қарай барлық қазақстандықтың құжатында саусақ іздері бар чип болатын болады

Күні: 17:03, 18-10-2016.

Астана. 18 қазан. ҚазТАГ – Нұргүл  Жігер. 2025 жылға қарай барлық қазақстандықтың жеке куәлігінде саусақ іздері жазылған чиптер болады, деп мәлім етті ҚР ІІМ көші-қон полициясы департаментінің бастығы Серік Саинов.
«Заңды (ҚР тұрғындарының жаппай дактилоскопиясын (саусақ таңбаларын түсіріп алу) қарастыратын – ҚазТАГ) 2021 жылдың 1 қаңтарында күшіне енгізу жоспарлануда.   (…) және 3-4 жылда, мен ойлаймын, біздің тұрғындардың барлығында жаңа жеке куәліктер болады деп», - деді С. Саинов сейсенбідегі брифингте.
Ол хабарлағандай, заң жобасы алдағы уақытта парламент қарауныа жолданады, алайда құжат 2017-2020 жылдар аралығында дактилоскопия басталғанға дейін дайындық кезеңін қарастырады. Бұл уақыт керек, себебі жаңа жүйе ішкі істер органдары мен басқа да меморгандардың жабдықталуын талап етеді: серверлер, байланыс каналдарын орнату, мамандарды оқыту секілді.    
Дактилоскопия 2021 жылдан бастап кезең-кезеңімен жүргізіледі. Біріншіден, алдымен қолдану мерзімі аяқталған құжаттарды ауыстыру барысында жылына 1,5-2 млн адамға дактилоскопия жасау жоспарлануда. Сонымен қатар, азаматтардың тілегіне орай тұрғылықты жерлері бойынша тіркелу және қайта тіркелу барысында олардың жеке куәліктеріндегі чиптарға жазып беруге болады, осылайша тағы да жылына 1,5 млн адамның саусақ іздерін алу жоспарлануда.  


Жаңалықтармен бөлісу: