25 желтоқсанда Назарбаевтың қатысуымен болатын телекөпірде 15 индустриалдық жоба іске қосылады

Күні: 11:42, 25-12-2014.

Астана. 25 желтоқсан. ҚазТАГ - Жанболат Мамышев. ҚР преезиденті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен 2014 жылғы ІІ жартыжылдықта іске қосылатын индустриалдау картасын таныстыру бойынша өтетін жалпыұлттық телекөпір барысында 15 өнеркәсіптік жобалар іске қосылады, деп хабарлады ҚР инвестиция және даму министрлігінің баспасөз қызметінен.  
«25 желтоқсанда Астанада Тәуелсіздік Сарайында үш іс-шараны біріктірген Индустрияландыру күні өтеді:
- Жалпыұлттық телекөпір. Оның барысында елдің индустриялық саясатының алғашқы бесжылдығының нәтижелерінің алдын ала қорытындылануы жоспарлануда, Индустрияландыру картасының 15 жаңа жобасы іске қосылады, сондай-ақ, өңірлердегі бұған дейін пайдалануға берілген өндірістердің қалай жұмыс істеп тұрғандығы көрсетіледі.
- ҚР Президентінің "Алтын сапа" сыйлығының лауреаттарын және республикалық "Қазақстанның үздік тауары" көрме-конкурсының дипломанттарын марапаттау салтанатты рәсімі;
- Президенттің "Парыз" сыйлығының лауреаттарын марапаттау салтанаты», - делінген бейсенбі күні таратылған хабарда.
Атап айтқанда, онлайн-режимінде келесі нысандар пайдалануға тапсырылады:  «Посук Титаниум» ЖШС. Титан құймалары мен балқымалары өндірісінің зауыты. (ШҚО)
«Алтыналмас» АК» АҚ. Алтын өндіруші фабрика. (Қарағанды облысы).
Ақтөбе рельс арқалық зауыты. Орал трансформатор зауыты (электротехникалық өнімдер өндірісі). Халықаралық Батыс Еуропа-Батыс Қытай транзиттік дәлізі: (Сырдария өзені арқылы 220 метрлік көпірді пайдалануға беру. Бір жыл ішінде 157 шақырым ЗЕ-ЗК автомгистралі пайдалануға берілген). "Қорғас - Шығыс қақпасы" АЭА құрғақ портын пайдалануға беру. (Алматы облысы). Мұнай сақтау және мұнай өнімдерін сақтау терминалы «АСКИ-Маңғыстау» ЖШС. Степногорск күкірт қышқылы өндірісінің зауыты. Жамбыл облысындағы қуаты 21 МВт жел электрстанциясы құрылысының 1-ші кезеңінің аяқталуы (9 МВт). Мата өндірісі. "Сәуле" тігін-тоқыма фабрикасы ЖШС, (Алматы қ). «Назар Текстиль» ЖШС. («Оңтүстік» АЭА-да) Бельгиялық технология бойынша кілемдер өндірісі. Ұнтақ полипропилен грануляциясы цехы "Компания Нефтехим LTD" ЖШС, (Павлодар). Хош иісті көмірсутектер өндірісінің кешені. «ӘулиеГолдМайнинг» ЖШС алтын өндіру фабрикасы, (СҚО). «Астык Логистик» ЖШС "А" сыныбының қоймалық кешені, (Астана).
Барлығы (15 жобаны есептегенде) 2014 жылы Индустрияландыру картасы бойынша 150 жаңа жоба іске асырылды.
Сондай-ақ, Телекөпір кезінде Президентпен 16 объект байланысқа шығады, бұдан пайдалануға берілген және ҮИИДБ шеңберінде мемлекеттік қолдау тапқан, табысты жұмыс істейтін кәсіпорындар: өз өндірістерін жаңғыртты  немесе кеңейтті, экспортқа тасымалдады, инновациялар енгізіп және еңбек өнімділігін арттыруда.
Телекөпірден соң Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев президенттік "Алтын сапа" және "Парыз" сыйлықтарының лауреаттарын, сондай-ақ, "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанттарын марапаттайды.
2010-2014 жылдар аралығында 75 тұрақты жұмыс орындарын құра отырып, 770 жоба пайдаланылуға енгізілген. 80% пайдалануға берілген жобалар жоспарлы қуаттылыққа шықты. Оның 56%-ы 100% жүктемелемен жұмыс істейді. Жаңа кәсіпорындар 4 трлн. теңгеге өнім шығарып, оның 628 млрд. теңгедегі өнімін экспорттады.
Бұдан өзге өңдеуші өнеркәсіптің жалпы көлемінен Картаның енгізілген жобалары есебенін 12,4% өндірілді (594,3 млрд. теңгеден 4,8 трлн. теңгеге дейін). 2014 жылдың  9 айы үшін Карта жобаларының ЖІӨ өсіміне үлесі 4,1%-тен 0,79 проценттік пункті құрады.
Картаның жаңа өндірістерінде Қазақстанда бұрын өндірілмеген 400-ден аса өнімдер игерілді, деп көрсетілген ведомство баспасөз қызметінің сайтында жарияланған хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: