26 қаңтардан бастап Алматы мен Астана арасында қосымша жүрдек поезд қатынай бастайды

Күні: 17:29, 16-01-2017.

Астана. 16 қаңтар. ҚазТАГ – Қосымша «Астана – Алматы» жүрдек поезы тағайындалды, деп хабарлады «Жолаушылдар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен.
«Халық сұранысын қанағаттандыру үшін қосымша №152/151 «Астана-Алматы» жүрдек поезы тағайындалды. Поезд жаңа 10 вагоннан тұрады және 2017 жылғы 26 қаңтардан бастап күнара қатынай бастайды», - делінген дүйсенбі күні жарияланған хабарда.  
Хабарда айтылғандай, поезд Астанадан 17.50 сағатта, ал Алматыдан 14.08 сағатта жолға шығады.


Жаңалықтармен бөлісу: