Астана. 10 қазан. ҚазТАГ – 27 қазан күні Астанада қазақ күресінен Әлем чемпионаты басталады, деп хабарлады елордаинфо сайты. Хабарда айтылғандай, былтыр ЮНЕСКО-ның мәдени мұра тізіміне енген қазақ күресі әлем елдеріне кеңінен танылып келеді. Соның бір айғағы – Астанада жалауын желбірететін байрақты бәсекеге дүние жүзінен 40 мемлекеттің палуандары келеді. Олардың қатарында АҚШ, Қытай, Австралия, Үндістан, Литва, Ресей, Бельгия, Камерун секілді елдер бар.
Әлем біріншілігі 8 салмақ дәрежесі және абсолюттік дәреже бойынша өтеді. Алдымен 27 қазанда «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығында салмақ өлшеу және жеребе тастау шарасы болады. Ал нағыз майдан 28-29 қазан күндері «Барыс-Арена» мұзайдын сарайында өтеді.
Алғашқы күні 55, 90, 100, 100+ салмақ дәрежесіндегі спортшылар сынға түссе, келесі күні 60, 66, 74, 82 және абсолютті салмақты тартатындар тартысады.
Қатысты сілтемелер
-
Бекетаевпен және Байбекпен байланысты фирма басшысы тергеуге алынды
3 Қыркүйек 2024, 11:51 -
Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды
3 Қыркүйек 2024, 11:49 -
Жоғарғы сот Назарбаевтың байлығы туралы істі қараудан бас тартты
20 Тамыз 2024, 09:46