3,5 мың ресейлік террорлық топтарға қаржылық қолдау көрсеткен - БАҚ

Күні: 11:48, 20-11-2015.

Алматы. 20 қараша. ҚазТАГ – 3,5 мың ресейлік террорлық топтарға қаржылық қолдау көрсеткен, деп жазады «Известия» газеті.
«Мысалы Росфинмониторинг мәліметтерінше, 3,5 мың ресейлік (2013-2014 жылдары) ақшалай қаражаттарын террорлық ұйымдарға жіберген. Ал биыл арнайы қызмет ИГИЛ-ді 300 млн сомаға қаржыландырылғанын байқап, тіркеген»,  - делінеді жарияланымда.
Сондай-ақ Росфинмониторингі құқық қорғау органдарымен бірге 2015 жылғы қаңтар мен тамыз аралығында ИМ-ге көмек түріндегі 300 млн болатын қаржылық операцияларды анықтаған.
Хабарда айтылғандай, құқық қорғау органдары мен арнайы қызмет ақшалай қаражатты әлеуметтік желілер мен интернет арқылы тарту әрекеттерін анықтаған. Террорлық және экстремистік іс-әрекетті қаржыландырудың түрлері мен әдістерін дамытудың өзекті үрдістері - краудфандинг деп аталатын әдіс болып табылады, яғни интернет арқылы жаппай ертікті садақа жинау.
Газеттің мәліметтерінше, осындай сұлбалар террорлық ұйымдарды қаржыландыруды тек терроршылар үшін ғана қол жетерлік етіп қоймай, донорлар – радикалдық пейілдегі азаматтар үшін де қол жетерлік етіп отыр.
Бұл ретте, қаржылық тексеру тәжірибесі көрсетіп отырғандай, шетелдік терроршыл-содырлардың қаражатының едәуір бөлігі шиеленіс зонасына жақын аумақтарда және терроршылдар транзитпен өтіп жатқан елдерде нақты ақшаға айналдырылып отырады екен.
«Известия» мәліметтерінше, ресейлік арнайы қызмет  шетелдік қаржылық барлау бөлімшелерімен, ең алдымен Қазақстанның, Қырғызстанның, Өзбекстан мен Бельгияның арнайы қызметтерімен бірқатар қаржылық тексерулер жүргізіп жатыр. Қазір ИГИЛ жұмысына қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша ТМД елдерімен бірлескен операция ұйымдастырылып жатыр.
Росфинмониторингі хабарлағандай, Орталық Азия мен Таяу Шығыс елдерінде трансшекаралық қаржылық ағым мен заңсыз көші-қон арналарын террорлық мақсатта пайдалану іске асырылып келеді.
Бұл ретте  жеке тұлғалар тарапынан (қандай да мемлекеттің азаматтары) көрсетіліп отырған қаржылық көмек пен қандай мемлекеттің билігімен үлестес мекемелер мен ұйымдардан болатын қаржылық көмекті бөле-жарып қарастырған жөн.
«Кейде азаматтар терроршыларға алдануының салдарынан, мысалы, садақа беру -  краудфандинг - туралы өтініш арқылы қаржылық көмек көрсетеді», - дейді «Известия» сұхбатшысы.  


Жаңалықтармен бөлісу: